Себеп пен себепші(97)

Бөлім: Зікір өлеңдер 118

Талап пенен терең ой,

Адамдықтан шығады.

Ар-ұят пен махаббат,

Ұжданнан пайда болады.

Жақсы тілек, естілік,

Жанашырлықтан туады.

Атаның жақсы баласы,

Ақыл менен қайраттың,

Жан нұрынан тарайды.

Асыл сөздің киесі,

Құдайдан бастау алады.

Әсіре сөз, астамшыл

Шала жаннан шығады.

Қасірет пен кесапат,

Қисықтан бастау алады.

Құдайға деген қарсылық,

Осыдан жалғас табады.

Сегіз сері бойдағы,

Жүректен қуат алады.

Асыл сүйек, таза ет,

Жүрекке кілт болады.

Қадірлісі адамның,

Алласын кие тұтады.

Ындыны мен ыдысын,

Тазалап, шайып тұрады.

Ауыздан шыққан әр сөзді,

Салмақтап өлшеп айтады.

Ермек емес, ес үшін,

Түзу сөзді бағады.

Есі кеткен есершіл,

Екі елі төмен түседі.

Жаман сөзден жат қылық,

Жарыместен шығады.

Басқа келген жамандық,

Екі қол ісі болады.

Ел басына ауыр күн,

Арсыздық салттан туады.

Ар ойламас басшыны,

Халыққа сын қылады.

Өзді-өзін ел түземей,

Аталар жолын меңгермей,

Қияметпен Құдай сынауы.

Себеппенен себепші,

Әр пендеден бастау алады.

Ел түземек көп надан,

Имансыз жоқ ұғары.

Жаны өлі, түнекте,

Адастырып елді бұзады!

Адамдықтың қадірі,

Көбейnтірсе жаныңды

Ғылымнан дәні болғаны!

Ар білімін меңгерсең,

Алладан ғылым толмағы!

Өнер-білім, талабың,

Жын-қайратпен болады.

Білімді ақыл қылғаннан,

Тозаққа оңай құлауы!

(Тамыз 2018 жыл)

****   ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *