Кішіпейіл мен өзімшіл (98)

Бөлім: Зікір өлеңдер 48

Кішіпейіл адамның,

Пейілі кең болады.

Өзімшілдің мінезі,

Сынаптай сусып тұрады.

Кішіпейілдік ниет шырағы,

Бойыңды жарық қылмағы.

Жарығынан ниеттің,

Кешірім, мейірім туады.

Өзімшіл болса баршаны,

Айыптап кәні тағады.

Кішіпейілді пенденің,

Жолы ашық болады.

Өзімшілді қашанда,

Жалғантып қара жындарға.

Қырсықтық шалып аяқтан,

Қақпаны тұрар жолында.

Шариғат дін мен обалды,

Кішіпейіл пенде тұтады.

Тазалық болып ісінде,

Көптен озық тұрмағы.

Құрметке ие болады,

Басқа бақтың қонбағы.

Бас қадірін түсірмей,

Бөрікті ердің болмағы.

Кішіпейілдік әйелге,

Төзімділік болады.

Оныншы теңге қуаты,

Тегіне қанның суаты.

Өзімшіл болса ер, әйел,

Берекесіздік туады.

Ұрпақтары кесір боп,

Нәсілі кемге азады.

Жындылық сөздер шығады,

Қу бастық әдет қылмағы.

Өзімшіл пенде үстем боп,

Білімді ақыл қылмағы.

Перілік жүйе құрады,

Басшы қылып жындарды.

Жалғантып пері теріге,

Арсыздық салт боп құмары.

Өзімшіл елге басшылар,

Мақтанға әуес болады.

Ой жорыған жобалап,

Құдайшылықтан елді бұрмағы.

Бұл әдетті тәрк етсең,

Ұтылмас пенде, еп білсең.

Тәубеменен төмен түс,

Құтылуға жаман індеттен.

Ізгілікті алып бойыңа,

Иман білім жазар жаныңа.

Құдайдан тілеп қалауын,

Ендіре көр, деп ризық тойыңа.

Алтын ғасыр бастауы,

Құдайдың тойы патшалығы.

Заманда елді сүргізер,

Бақ дәулетті қылып баршаны.

(Тамыз 2018 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *