Арсыздық салт(96)

Бөлім: Зікір өлеңдер 48

Әдепсіз елдің салтына,

Еліктегіш халқына.

Бөтеннің жоғын жоқтамай,

Кім қайтты екен ауылына?

Тас талқаны шыққан тағдырың,

Жүгін алып әлем салтының.

Сыртың бүтін, ішіңде,

Арамы барлық жандының.

Тіліңді әбден шұбарлап,

Айыр тілмен жалаңдап.

Аралас сөзбен шатасың,

Діл өлтіріп қаралап.

Мұныңа мәз боласың,

Жас баладай қарасың.

Жаның өспей қалғаны,

Тіліңнен алмай парасын.

Анаңның тілін сыйламай,

Өзге ел  асыл болғандай.

Шүлдірлеп қорлап болғаның,

Шайтанға жынды қосқандай.

Тіліңді егер түзесең,

Маржан сөзбен сөйлесең.

Ашылар көзің нұрланып,

Жеті жаның болар бірленген.

Жүрегіңе иман үні енер,

Он күнмен ризық меңгерер.

Сезімталдық бітіп бойыңа,

Алты аймен ақыл нұр келер.

Алдыңда тұрған орыңнан,

Арсыздық болған салтыңнан.

Айналып өтер күн келер,

Аңдыған ізді залымнан.

Күлкіге арзан қас болып,

Нұрлы ақылға дос болып.

Тағдырыңды түзерсің,

Жақсылыққа жаның жақ болып.

Бесіктен белі шықпаған,

Ұрпағыңды текке жалғаған

Аталып сен де текті боп,

Аманатын баба ақтаған.

Ата дәстүр қадірін,

Құпия білім жан үнін.

Иманды болар келтірген,

Жазылған ғылым тағдырың.

Арсыздар білмес ар үнін,

Аруақ боп алған жарығын.

Ата жолың бақ жолын,

Қиямет шын, ұждан растығын.

Адамдықтың арттыр қадірін,

Меңгеріп құран жеті үнін.

Тегіңе номадтың жалғанып,

Түзелер қайта бар күнің…

Арлы мен арсыздың бағамдары,

Абайдан 72 түр ғибраттары.

Шәкәрімнен жан, рұқ сырын,

Таныммен жете, сана жалғанбағы.

(Тамыз 2018 жыл)

****   ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *