«Барлық мақтау, сондай көктер мен жерді жаратқан және қараңғылықтар мен жарықты жасаған Аллаға тән. Мұның соңында да қарсы болғандар, Раббыларына басқаларды теңейді.» (6-1). Алтыншы сүре жалпы жер бетіндегі жанды жаратылыс егелеріндегі күнәлі денесі қараңғылықтар мен жарықтық денесі ұжмақтық сипаттары туралы ғылым-білімі болып, оның да негізі 6 жағдайда және 165 дәрежесі бар екенін көрсетеді. Бұл санды жалпы аталарымыз; «Уақ» деп атап, алты түрлі қозғалыстың тоғысы және тәулікте алты «Уақтың» болып бір-бірімен дәрежеленуімен 36 санын құрайтынын ерте заманнан бері білген де, жаратылыс, табиғат, тағдырды есептеп болжауға пайдаланған екен.
Әрбір қуаттардың аяттық сандық мәндеріне байланысты өзінің кеңістікте денесі болып, осы денелердің өзара әрекеттесуімен, бірігіп қосылуымен пайда болатын күштер, қозғалыс әрекеттерде көптеген денелердің жиынтық қуаттық шамасына қарай жаңадан жаратылыс қозғалыс денелері пайда болды. Соған байланысты осындай уақтық қуаттарды құрайтын, әрбір себептік күштерді, яғни денелерді құранда «Аллаға тән» деген ескертумен және сандық белгілермен денелердің қуаттық шамасы аяттар мәнімен белгіленіп көрсетіліп отырады. Сондықтан денелердің бір қалыптан екінші қалыпқа өзгеріске түсуі шартты себеп деп аталып және 6 түрлі жағдайға байланысты болуы рух әсерінің басты қағидасының бірі болмақ.
Енді мұндай өзгерістер табиғат жағдайына байланысты уақыттың белгілі бір мерзімдерін, денесін қалыптастырса, ал адам баласының рухына байланысты мұндай «уақ»-тық жағдайын, қараңғылық пен жарық арасындағы 165 түрлі сипатта болып, қозғалыс күштері әскерлер, яғни шеріктер рухпен басқарылуда тұратын жансыздар періштелік тобын құрайды. Ал егер оның адам баласының жанымен, яғни адамзат білімімен байланысты уақтардың жарықтық дәрежеленуі, яғни жеті санды мәндік сипатқа күрделі періштелер тобына «аруаққа» айналуын жанды күрделі қанатты періштелер тобына жатады. Және бұл барлық жаратылыс қозғалыс себепшілерінің бәрімен де әрекетке түсе алатын және оның адамзат өніміне ғана тән қуаттар бірлігі болған «Ар» қуатына тәуелді болып, ал толық бірленген «Аруақ» сипатының өзі 7 сүремен 206 сипатпен баяндалатын болса, біздердің мұндай дәрежелерді реттілігімен меңгеру тек жоғарғы ақыл көмегімен ғана мүмкін болмақ.
Ал негізінен «Ар» қуатының бастапқы кірпішін қалыптастыруға негізделген, шариғат дін істерін меңгеру арқылы рухани білімді меңгерумен тек «Уақ» қуаттарының жансыз, яғни шеріктік қуат сипаттарын меңгере аламыз және бұл негізінен тамақ өнімдерінен бастап жыныс арқылы да, рухани сезім қуаттары да болып, адам баласының малдық қуат, күш, қайрат, ақыл, білім негіздері болып зейнеттеледі, тәнде «Ман» қуаты болып өз өрнегін салады.
Иманды болу негізінен тән тазалығына тікелей қатысты. Сондықтан пайғамбарымыз: «Сабырлы тән бер» деп сұраңдар деп ескерткен. Ал бұндай қуаттардың қан арқылы болмаса тікелей иман, яғни жан қуаты болып жүрекке толық зейнеттелуін қатамасыз ету мүмкін емес. Тәнді қозғалтып, бағыт беріп малдық қозғалысты басқарып тұратын «Ман» қуаттары, яғни адам баласының еркі, арман-ой қуаты болып табылады. Ман қуаттарының тәндік сапасына қарай, адам баласының жанының сапасы пайда болады. Сондықтан жансыз қуаттардың тән, мал қуаттары болып, арадағы қараңғылық перделерінен, құдайлық берілетін табан, төбеден келетін нұр арқылы ғана қаншалықты аралық перде (чакра-күн), жерлік «ман»-дарының ағарып тазарып, жарығының, сәулесінің қанға зейнеттелуіне байланысты екінші көктік жұбы иман қуаты келіп қосылады. Ал қандағы 11-санды үнге байланысты «Ман» қуаты болған діл періштелерінің қараңғылықтан жарыққа шығып және нәпсі-жанымызды толық тазартып, жанымыз таза ақылмен ақиреттен берілетін анықтық біліммен жетілдіріп барып және ол үшін де жанды «Уақ»-тарды яғни 13 санды қуаттық шамаларды «Ар» арқылы ғана жанымызға берілген 10 саулық малға, ақшаға саудалап алып, қолды ағартатын «Ман» қуатының екінші дәрежелік белгісі 7-ні шеберлік істерді жетілдірумен меңгеріп және көріпкелдік қасиеттерді меңгеруге арналған 4 санды парыздарға байланысты үшінші дәрежелік «Ман» қуатын неке, жұбайлық өмір салты мен ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүр негіздеріне байланысты ғана тура жолға түсе алмыз.
Аталарымыз ескерткен бірінші байлық 11 санды ман қуатымен, екінші байлық 4 санды ман қуаттарымен, ал үшінші байлық 7 санды ман қуаттарына тәуелді болмақ. Ал енді бұндай жан ғылымының қуаттарын, адам баласының дұрыс арманын жетілдірмей тек шариғат дін істерімен сыртымызды және намаз оқу арқылы рухымызды тазалаумен ғана ақталып, Құдай патшалығына ақирет өміріне жаныңмен, рухыңмен енбей тек оймен ғана армандаумен; тақуа, сопы болдық дегеніміз жалған және мүмкін де емес. «Сендерді, тозақпен істеген күнәларың арқылы (қараңғылықтар, уақтармен) баураймын» деген Раббымыздың ескертуінен, адам баласының күнәлі болмысы, сыртқы зейнет киімі «аура» өрісімен және соған байланысты ішкі рухани болмыстың да сарайлары, жан әуреттерінің үйлері сырттан таза азық нұрдың енбеуінен, «Ар»,«Ман» әурет орындары, жан үйлері қараңғыланып өсіп жетілмейді.
Енді «ман» қуаты жан үйінің ішкі дүниесі болса, ал «ар» қуаты оның киімі, сауыты, қорғаны болып қалыптасу керек. Ар- терезе, перде болып, арсыздық, ұятсыздық жағдайда ман қуатының жарығы жанға жетпей, адам баласының жанының түн мезгілі де ұзаруымен, рухани ұзақ ұйқыға кетуі пайда болады. Бұндай жағдайға негізгі себеп: жан, рух, сезім, тән араларындағы өзара қуат алмасу жолдарында (натрий жолдары-38) қараңғылық перделердің пайда болуымен рухани зат алмасу, қуаттардың алмасуы тоқтап, жан үйлерінде керісінше қараңғылық жаратылыстары жансыз шерік қуаттарының өсіп-өнуімен тәннің де иістеніп, шіріп, осы әурет жерлерден, жан көздерінен шығатын түрлі жаман иістердің пайда болуымен, иіс судың әлемдегі маңызды орын алып тұрғаны осы белгіні растайды.
Бұндай жаман иісті арсыздықты тек иіс су көмегімен бояп тіршілік еткен әрбір жер бетінің тұрғыны рухани өлі, тозақтық яғни жансыз, тек белгілі бір басқарушылардың мүддесін ғана қорғап қызмет етуге ғана жарамды, ішіп-жемге ғана тәуелді өмір сүретін хайуандық қабілеттегі жансыз пендеге айналғаны деп білуіңізге болады. «Бұрын сендер Құдайдың бұйрығын бұзып, күнә жасай бергендіктен рухани өлі едіңдер; сол кезде осы күнәкәр дүниенің дәстүріне сай өмір сүріп, бізді ауа (иіс) іспетті қоршап тұрған зұлым күштердің әміршісінің-Құдайға бағынбайтын адамдарды билейтін рухтың жетегінде жүрдіңдер. Біз де бұрын сондайлармен бірге болып, күнәкәр болмысымыздың құмарлықтарына беріліп, ойымыз бен бойымыздағы тілектерді орындадық. Басқаларға сияқты бізге де Құдайдың қаһарының төгілетіні табиғатымыздан белгілі еді. Алайда рақымы мол Құдай бізге зор сүйіспеншілігін көрсетті…» «Інжіл. Ефестерге хат. 2-тарау).
Жоғарыда басылым басында дін танытушы Бейбіт Сапарәлі мырзаның келтірген дәлеліндегі: «Зиратқа ақша жинау «маркетинг»…Аруақтан бата беру — шерік қосу..(Яғни аруақ сөзі де, беретін, көрсететін аян, уахи, батасы да арам). Тек бес уақыт намаз оқып өзің барып құран бағыштауға болады… Себебі кәпір жын бар, мұсылман жын бар. Кәпір жын кірсе шықпай қалуы мүмкін, сосын өзіне-өзі қол салу немесе өлер алдында қиын болады…» деген пәтуасын Інжіл аяттары теріске шығарып, адам баласының кәпірлігі де, мұсылмандығы да сыртқы қоршап тұрған өрістік денесінің, тән, жан, сезімдердің екі аралық жаратылыс шеріктермен қатынасына байланысты болатын перденің жағдайына яғни қараңғылық, жарықтық сипаттарына тәуелді болмақ. Сондықтан адам баласының ішіндегі сезім және жанының қуаттары қараңғылықта болса, ондай пенденің тәндік сыртқы өрістік пердесі де қараңғылықпен оралып, тек жансыз шеріктермен «Уақ»-тық ақпараттық байланыста болмақ. Және осыған байланысты адам денесіндегі алты түрлі жағдайдың: бірінші-ауа, екінші-тағам, үшінші-әрекет, төртінші-ұйқы мен ұйқысыздық, бесінші-көңіл қошы, алтыншы-денедегі өзгерістерге, қайғы және рухани өзгерістерге, енді сөйлеу қабілеті мен ақылдылығын қоссаңыз хайуандық, малдық сипаттағы жын қуатының мінездік бейнесі пайда болады.
Осы қуаттар бірлігінің денесі болған жын қуатының енді адам баласында міндетті түрде болатын есту және жыныстық көбею қабілеті мен қозғалыс қуаттылығының, яғни жынының міндетті түрде болып, оның кәпір жынға айналуын, ішкі жан білімінің «ман» қуаты жетілмей қараңғылыққа түсуімен, нәпсісімен сезім арасындағы қараңғылықтардың пайда болуымен өзара бірігіп, ал ақыл мен жан арасында перде болып, жан ақылдың басқаруынан тыс қалса немесе тәннің тазармауынан теріс ақылдың басқаруына түсіп, адам баласының мінезі де өзгеруімен надандық кейіпке, жансыз пендеге айналуымен ерекшеленеді. Енді ақыл негізі уақ қуатымен байланысты екі аралық ақпараттық ортадан, білімнен, ішіп жемнен де пайда болатын болса, ал енді мандық ақыл сана қуаты мен ерік қуатын қалыптастырып және адам баласының иманымен, парасат, естілігімен байланысты айқын болады. Сондықтан да жанды, яғни білімді адам баласының да екі сипаты болып есті және ессіз деп атауға болады.
Бұл негізді қалыптастыратын адам баласының ішкі ар білімінің ұяттылығының және сыртқы абыройын қорғауға байланысты қалыптасатын ар сауытының жарықтық қараңғылық екі сипатына тәуелді болады. Сыртқы киім зейнеті, ар сауыты қалыпты болмағанда, екіжүзді «Мұнафықтық» адам бейнесі пайда болып, жан азығы болған көктік және жер рухынан келетін тектік таза жандық «Ман» қуаттарының зейнеттелуі тоқтап, иман әлсіреуімен, мұндай пенденің тек өзгенің ақылымен ғана күн көріп, орындаушы құлға айналып, тек ішіп жеумен, дүние қызықтармен ғана бес сезімнің қажетін өтеумен шектелетін хайуандық түрлі дәрежедегі иісінен аңғаруға болатынын Інжіл философиясынан айқын білуге болады. Ал тазарған мұсылмандық жын қуатты пенденің ешқандай иіс сусыз-ақ тәнінен жынысына сай, бір-біріне адамдық негіздегі құмарлығын, құштарлығын қалыптастыратын сезімдерін шақырып, еліктіретін, құштарлығын арттыратын өрісі мен иісі болары да хақ. Аталарымыз астарлы түрде: «Қотыр атқа соқыр ат үйір болар» деп, осы жыныстық негіздегі иістік қуатпен байланысты құмарлықтарын, құштарлықтарын қалыптастыратын жындылық болмыстарын ескерткен. Ал Құран философиясының рухани насихаты бойынша, өлімнің өзі тек бір рет қана болмайтынын, аралық рухани өлім сатылары да бар екенін және ол иманның дәрежелеріне, сандық мәндеріне де тәуелді екенін насихаттайды.
Мысалға, иманның 60 бұтақты дәрежесін меңгеру үшін (6-60; 66) яғни 66 рет ақиретпен немесе екі рет нақты қорқынышты өліммен кездесуді, таспихтың 33 санды 2 сатысын меңгеруді ескертеді. Олай болса иманның алғашқы негізгі сатысы мұсылмандық дегеніміздің өзі Раббымыздың «Сұбуханналла», «Әлхамдулла» сипаттарын меңгерумен байланысты болмақ. Ал енді жалпы ислам әлемі мұсылмандықты толық меңгерудің адмазатқа ортақ рухани өлімнің дәрежелері де біздердің таспихымызда 3 түрлі тәңірлік сипаттарды меңгерумен 99-санмен белгіленсе 100-ші негізде толық жанның бір жағдайдан екінші жағдайға өтуімен жалпы мұсылмандық қарыздар намазы орта топтық ислам әлеміне тән діннің ірге тасы болып қаланады. Ал бұдан әрі қарай әрбір адам баласы жеке-жеке тағдырындағы жол-жобасын жетілдіріп, құлшылықтарын жетілдірумен Алланың досына айналу үшін, әрбір ішкі 33 санды таспихтың 11 санымен (тақуалар таспихы) тағы 9 кезеңнен тұрып, алғашқы 3 кезеңдегі тән, жан, рухтың сүннеттелуімен болатын рухани жетілуді «Бір»-ді жүректі табумен және шариғат істерін қосып 4-ді түгелдеу арқылы тақуалық 9 кезеңнен өтіп барлығы 13 сатымен Раббына қосылатынын ескертіп тұрғанын білуге болады.
Шариғат дегеніміз адам баласының күнәнің қақпанынан құтылу үшін міндетті болған ортақ дін ісі болып, бұл кезеңді адам баласы тұрмыс тіршілігімен байланысты меңгеруге тиісті жалпы мұсылмандық парыз болып саналады. Сондықтан бұл парыз адамзаттың ұлттық, жер отанына, шаруашылық әдістері мен әдеттеріне қарай, сол халықтың міндетті түрде орындайтын шежіре, тағдырлық ғұмыр кітабы болып қалыптасқан. Тек діншілердің дінді бөлшектеу мақсатында мұндай парыздық намаз орындау амалын тек дін істерін меңгерушілерге таңып қойып, ал бұл жағдайды негізінен ана тілін, сөз ұғымдарын меңгеруден бастап білім, ғылым өнеркәсіптік ілімдерді меңгеріп, әділетті заңдарды шығарып, ел ісін басқару мен жалпы халықтың ұлт құндылығын мәдениеттілік, салттық ата заңы екенін естен шығарып, енді мемлекет діннен, яғни тағдырлық, мұсылмандық парыздан бөлек деген надандық пікір қалыптасқан. Ал негізінен мұндай исламдық қана емес, жалпы әлемдік діни надандыққа қарсы шығып, бүкіл адамзат өмірін тал бесіктен жер бесікке дейінгі ізгі рухани өсу, жанды жетілдіру, тәнді таза ұстап, өз мақсатына ар-манына жету шараларының барлық қағидаларын қалыптастырып, бақытты өмір сүрудің, қойшыдан патшаға дейінгі аралықта міндетті болған, жалпы халықтық масхабтың жетілген түрі әдет-ғұрып, салт-дәстүр болып шарттары толық орындалғанда ғана алтын ғасырдың негізгі жарғылары болатын діннің барлық шарттарын қамтыған адамгершілік негіздерін қалаған Ясауи бабамыз еді.
Енді дін істерінде жетіліп, тақуалық амалдарды меңгерудің қарапайым үлгілерін қалыптастырумен бірге, адам баласының тәнінің өлімімен яғни жеке-жеке қиямет кезеңдерінен өтуін ескерумен, барлығы 13 санымен рухани негізделген Ясауи бабамыздың «Сәни дәптерді» жасырын сандар арқылы осындай өлімді жеңуді меңзеген кезеңдерге бөліп насихаттағанын және ішкі хикмет сырларының өзі мыңнан аса хикметтерден, өлім сатыларының дәрежелерінен тұратын 3 түрлі дәптердің бар екенін әлі біле бермейміз.
Бұндай рухани өлім дәрежелерінен өтуді аталарымыз: «Мен қазақпын мың өліп мың тірілген» және құранда «Қадір түні мың айдан артық» деген аяты да растап тұр. Мұхаммед пайғамбарымыз Алланың берген пайғамбарлық және елшілік қабілеттерінің арқасында бұл мезгілді 63 жылда аяқтап және «Көптеген аяттарды елемей өтіп кететін пайғамбар келді» деген аяттың құпиясы да ол кездегі жаппай білімсіз, надандық дәуірде бұл сатыларды ашықтай көрсететін болса, дінде соңына түсіп адасу болатынын ескергендіктен және кейіннен бұл аяттарды толық орындауға құрмамен Арыстан баба арқылы пайғамбар аманатын жеткізгендігін және «Арыстан бабам 1000 зікірді үйретті» деген Ясауи баба естелігінен білуге болады. Сондықтан Мың зікір-мың түрлі Алланы ақиретті еске алумен бірге, мың рет ақиретпен қандай құлшылық, хайыр, ізгіліктер арқылы кездесуге болатынын, (ұйқы кезінде астральды сапарға шығып) тірілей мың өліп, мың тіріліп рухани сүннеттелу дәрежесін көрсету үшін де бабамыздың 63 жыл бойы тірілей жер астына кіру себебі де осында тұр. Бұл жағдайдың түркілік «Мың бір түн» сияқты дастандардың да туындауына себеп болған. Егер бұл дастанды оқыған болсаңыз, патшаның бір түн неке төсегінен кейін өлімге бұйырылған әйелдің, көркем сөздің, әңгіменің яғни діл білімінің көмегімен «1001» түн, күнде таңертең болатын өлім үкімін шегерумен, ақырында өмірге ұрпақ келіп аман қалуын суреттейді. Қорқыт атамыздың музыканың, өнердің құдіретімен ұзақ жылдар бойы осындай рухани өлім сатыларын, өнер арқылы дәрежелеп меңгерудің өзі осындай нақты рухани және жан ғылымының құпия сырын әшкере етіп тұрғаны да даусыз. Яғни үннің құпиясын, діл білімін меңгеру де 11 санмен «Ман» қуатымен байланысты болса, онда Қорқыт атамыз діл білімінің екінші сипатын меңгеруді музыка құдіретімен көрсетіп кеткен.
Бұндай ахуалдар нақты өлім жағдайымен кездесіп жанның түршүгуімен, оған алатын рухани құдайлық қуат нұрмен, яғни «Төбеден, аяқ астынан жеумен», яғни ар киімінің денені толық жабуымен тығыз байланысты. Ал ар киімі, зейнеті болмаса онда міндетті түрде жансыз қуат шерік қосылады. Жанды «Мандық» қуаттардың өзінің киімі «И»-(шар-ақ) бейнесі болып тек төбеден және табан астынан ғана енетін шарты бар. Сондықтан бұндай тәнді жетілдіруге ғана байланысты болатын сопылық ахуалды, тақуалық шарттардың белестерін бағындыру үшін де, әрбір заман жаратылыс себептері мен күнәлі болмыстың замандық дәрежесіне, білімге сай өзіндік намаздарының орындау ерекшелігін қажет етуі хақ.
Бұл жағдайда орта топтық намаз оқуға негізделген құлшылық істері ғана заман өзгергенмен жалпы сипаты өзгермей, тек заман намаздарына қарай ішкі бейімделу сипаты ғана болуы да сөзсіз. Енді осындай заманына қарай жетілдірген түркілік дін ұстанымыз Ясауи ілімінің заман ғылым біліміне сай тәндік, малдық, жандық болып, сезімдік рухани тазарудың ата жолындағы ерекшеліктері, яғни кейбір аяттардың өзгеруімен бұл үкімнің қазақ еліне түсуі де заңдылық құбылыс болуы да шындық еді.
Психология ғылымында және масхаб «фиқһ» атты білімінде де сезім қуаттарын тек бір жақты ғана қарастырып дәмін тату, иіскеу, көру, есту, ұстап тітіркену арқылы сезіну сияқты қарастырғанымен оның үш түрлі қуаттық, яғни аруақтық бейнелерін, денелерін қарастырмайды. Сондықтан ондай шеріктік бейнедегі адам баласының тіршілігіне қажетті қуат, күш денелерін меңгеру барысындағы аталарымыздың орындаған намаздарын «шерік қосу» деген айдар тағуы да заңдылық көрініс.
Негізінен сезім қуаттарының үш түрлі денесі болады. Біреуі адам тәніндегі қуат (энергия), екіншісі—әрекет (шеріктер, әскерлер) үшіншісі—рухани сезім, яғни жарықтық бейнедегі кісі болып саналады. Енді тән қуатына жататын сезімдер нәпсілік болып 5-ке бөлінсе, оның әрекеті пайда болып адам баласының қиялдау, ойлау, есте сақтау сияқты түрлері пайда болады. Және осы нәпсінің әрекетінен тағы хайуандық, табиғи қуаттар туындайды. Сол сияқты үнемі сырттан, өрістік, иістік, сәулелік бейнеде толықтырылып тұратын әрекет қуаттарын, яғни «жансыз шеріктерден» пайда болатын әсерлердің де нәпсілік, хайуандық, табиғи түрлері бар.
Рухани қуат та нәпсілік, хайуандық, табиғи болып бөлінеді. Енді осылай тергеп, ішкі сырларын қуа берсек, түйсіктің, білімнің де өзіндік қуаттық сипаттары бар. Сондықтан тәнге зейнеттелу арқылы түрлі адам баласының даналығын, сабырлығын қалыптастыратын көктік, жерлік тектік несібе 3 түрлі, яғни шеберлік, көріпкелдік, үндік «Ман» қуаттарын меңгеру үшін де «Ар» күшінің және адам баласының сыртқы баураушы бой кітабының толықтығы мен жарықтық сапасына байланысты болмақ. Ал енді бұл қуаттарының жалпы жаратылыстық, кітаптық сипаттарын анықтап, жетілдіруді біздің ақылымыз тұтас қамти алмайтын болғандықтан, қарапайым сандармен тұтастығын ғана белгілеп, ғылымын түсінуге, білімін меңгеруге Құран аяттарына ғана жүгінгеніміз абзал.
Ал мүфтият және масхабтық діншілеріміздің «шерік қосылады» деп айдар таққан ата-аналарымыздың, әулие-әмбилерден және пайғамбарлар аруақтары арқылы келетін тазарған адамдық ақыл рухани «Иман» және қозғалыс, қасиеттілік сапасы «Аруақ» қуаттары болса, осындай жеке-жеке қызметте тұрған жансыз періштелік, шеріктік барлық қуаттардың жан мен арадағы елшілік істерінің қызметшісі, атқарушысы, себебі болып саналады.
Бір ғана зияраттау барысында көрінген хикметтен мысал беріп кетсек; Ата жолын халықтың топ-топ болып ағылғанын осыдан 10 жыл бұрынғы уақыттарда бейне баянға түсіру үшін арнаулы адам жалдап, халыққа өздерінің керуендегі көрген хикметтерін, тыңдаған баталарын түсіріп алып көрсету мақсатында үнемі бір маман еріп жүретін. Сондай бір ұлты қазақ болса да, тілі мүкіс шала қазақтың бір жасы келген кемпірдің Арыстан баба басында бата алып тұрып, мойынына салған ақтықта кілем сияқты өрнектің түсіп тұрғанын «камерасы» арқылы көреді, ал жай көзбен қараса ақтықтың өзі ғана көрінетінін маған жыр қылып «Бұл сонда қандай құбылыс?» деп сұрағанмен мен ол кезде мандытып жауап бере алмағаным да рас. Енді осындай жүздеген хикметтерге тап болып, ақиреттік біліміміз жетілген уақытта оның жауабын беруге болады. Кемпірдің өмір бойы тәнін көрсетпей ата ғұрпын сақтап өмір сүріп, өзіне тән тағдыр тауқыметінен өтіп және мұндай салтымыздың жағдайында әйел затының күйеуіне беретін сыйы жан киімі де етін тазартып, санасын жетілдіретін діл тазалығы қуаты да, ерінің азығы рухани егіні де бітік, жетімді болуымен де Раббымыздың сыйына кенеліп, 40 жан үйлерінің, дендік ар сауытының толық болуымен, енді оған тылсымнан қазақтың ою түріндігі негізгі көркем сөз аяттары бейнеленіп және ол «тату», «наколка» түрінде теріге өз бейнесін салады. Енді осы бейнелерге көктен нұр түсіп тәнге қуаттардың зейнет болып енуін білеміз.
Ал шалбар киген, басындағы қорғаны жаулығын қалыптастырмаған қандай да бір аққу, көріпкел әйел затының ар киімі, бойы болуы мүмкін емес және зейнет сызықтары, жыныс мүшелері көрініп тұрған арсыздық орындарына, қараңғы қуыс жерлерге не жазылуы мүмкін? Қазіргі таңдағы кейбір азғындаған пенделерінің тәндеріне түрлі өзі ұнатқан бейнелерді, мөрлерді салу да осы тылсымнан берілген шындықты шайтанның теріс көрсетуімен пайда болған күнәлі қарсылық түріндегі аяттардың шынға айналуы деп түсінгеніміз абзал. Сондықтан Раббымыз: «Тек бой ұсынушылар ғана Алла тарапына жақындайды» деген сөзінің түсінігі осыдан пайда болады. Ал ер азаматтың бойы да бастың нұрланып, сауыт алуымен және аяқтың ағарып, табанының бекуімен ғана қалыптасатынын, масхаб түгіл сопылық ағымдағылар да біле бермейді. Сондықтан да бұндай күрделі де, адам ақылынан тыс басқарылуда тұратын Алланың құдірет қолының хикметті істерін басқаруға тұрған сүйікті құлдарының жер бетіндегі халифалық сипатының тұтастық денесін, бой ұсыну қағидаларын қалыптастыру ілімі Ата жолы болып аталып; Раббымыздан осы ілімді меңгерген әулие-әмбилер аруағының көтеріліп, жандағы білімдері бата болып оқылып, рухани қазыналары несібе шындық, аян, уахи болып түсіп жатқан және біздерге қазіргі таңдағы белгілі болған аз ғана қағидалары мен тәжірибелерінен алдағы уақытта кеңінен таныстыра жатармыз, әзірге қысқаша рухани күнәлі болмыстың негізгі өлім сатыларынан хабар беріп, өзге діни топтармен салыстыра кетсек те жеткілікті болар.
Негізінен бұл жағдайдың қарапайым үгіт, түсініктері әлі көптеген еңбектердің, жарық көрмеген әулие бабаларымыздың шығармалары мен бізге танымал болған талай ғалымдардың шығуына, несібесін айыруға себеп болған, бірақ өзіндік рухани келбетін, философиялық әлемдік дәрежедегі исламдық құндылығын ажырата алмай жатқан Абай-Шәкәрім аталарымыздың еңбектерінде, яғни құран насихатында ашық бейнеленіп қамтылған. Ал бұдан да әлдеқайда күрделі сандық ғылыммен берілген Ясауи баба философия құранын меңгеру үшін алдымен сөз ғылымының осындай рухани кедергілерінен өтіп, көңіліміздің денелік шамасын кеңіту арқылы пайда болатын ішкі дүние саналық қуатымызды жетілдіру шарт. Яғни, бұндай рухани жан ахуалының түрлі өлім дәрежесінен, кедергілерінен өтіп, аталарымыз меңгерген рухани дәрежеге жетіп, болмысты, рухты, жанды сол дәрежеде ұғыну керек. Бірақ бұндай тақуалық, жарықтық дәрежеге көтерілу үшін де аталарымыз жүрген ізбен ұстанған ғұрпын, салт-дәстүрін, дін намаздарын толық орындау арқылы ғана бойды, ар киімін толық қалыптастырумен, бойын өздеріне ұсынып кітаптарын ою-өрнек түрінде бойға алумен, одан әрі намаздарды орындау арқылы тәнге зейнеттеліп, намаз оқу уақытында рухының қабылдауымен ғана жанға түсінікті және ғылымы да мәлім болмақ.
Енді біздің қағаз жүзінде оқыған, білген іліміміздің мұндай күрделі рухани болмыстың, жаратылыс себептерін айқын түсінуге шамамыз жетпейтінін мойындап, тәубеге келетін болсақ, онда жаратушымыздың парыз қылып, тәндік әурет, денелік зейнеттерді міндетті түрде қорғап, киіммен жауып «Маған тек тақуалық киіммен ғана жақындайсың» деген шартына да сенім келтіруіміз адамдық қарыздарға жатады.
Сондықтан тәнді толық жауып, әурет орындарын тозаққа салумен рухани сүннеттелудің бірінші шарты, тәнді толық жауып және аяқ, басты да жылы ұстап, терінің жұмсарып және мың рет түлеуін, зат алмасуын қалыптастыру керек.
Екінші шарты кәсіптік бағыттағы өнерді, білімді, шаруашылық істерді, жан ұялық, жыныстық адамгершілік қарыздарды меңгерумен шеберлік істерді, еңбекті меңгерумен қолды ағартып, сөз ғылымын, сұхбатты жетілдірумен көкіректі, ерінді тазартып, қанның толық тазаруын қалыптастыру үшін де аяқты ерекше күтіп, яғни Абай атамыздың ескерткен «Ескіліктің жан киімін» қалыптастырып, аяқтың иістен толық тазарып, терісінің жұмсарып ағаруымен бірге қан айналымының толықтығымен, қан және жын суларының тазалығымен бой өрісі толық қалыптасқан жағдайда ғана адам баласының миы жынды сары судан тазарып, ойлау қабілеті жетілумен ғана жүрек, көңіл көзі ашылуымен бірге қандағы діл білімі-сана қуаты да жетілуі сөзсіз. Және бұл жағдай тәндік сипатта жалпы терінің 1001 рет түлеп, 11 санды белгіге (терінің 7 қабаты, ішкі тері арасы майының 4 қуаттық белгісі) ауысумен жұқарып, жұмсаруымен, бұлшық еттерінің тұздардан тазарып, адам тәнінің иіс сусыз-ақ жұпар иісі пайда болып, жыныстық, ұрықтық қабілетінің жоғарғы қозғалыстық, қуаттық (радиациялық: альфа, бетта, гамма сәулелік) шамасының өсуімен, біздерге әзір беймәлім білімді дәрежесімен, белгілі бір аяттық сандық мәнінің қалыптасуына да тәуелді болады.
Сол сияқты үшінші шарты болған, адам баласының ішкі және сыртқы жын өрістерінің бірленіп, тазарып жарыққа айналып, көлеңке бақшасының да нұрлануы, 3 негіздегі қышқылдағы су құрамдарының және қан суларының «төртеудің түгел бірлігі, бірқалыптылығы», ақпараттық қасиеттілігі т.б. осындай көптеген жағдайлардың ақылмен, жүрекпен басқарылуда тұратын бірлігіне де тәуелді.
Бұндай рухани өлімдерді меңгерудегі әулие бабаларымыздың қалыптастырған жан ғылымының сырлары қазіргі таңдағы жетілген масхаб, т.б. сопылық ағымдар түгіл әлемдік психология ғылымында да кездеспейтін құпия сырлары бар болғандықтан әзірге әңгіме қылудың реті жоқ, себебі бұл басылымдар негізінен жолынан адасқан, құран насихаттарының ғылымын бұрмалап жалғанға, ертекке бой ұрған дін ғалымдары емес, нақты ғылым саласындағы тәжірибе мен білімге негізделген ойлау жүйесі бар сауатты ел, сөз басшылары мен ата жолындағы сынақтардан шыңдалған, батаменен рухани дәндері өсіп-өніп, өркендеген білімді, сауаттылар тобына ғана арналады. Сондықтан аталарымыз меңгерген қарапайым жан ғылымының өзін меңгеру, түсіну екінің бірінің ақылына сыя бермейді.
Өкінішке қарай бұл басылымдарда көрсетілген, құран арқылы мысалдар берілген жайттардың бейнелі көріністері; хикметті құбылыс, аят көріністердің тылсым сырының ақиқатын ата жолының аруақ батасымен және 9 жылдық сынақтардан шыңдалған аз ғана қауымы сырын түсінгенмен, білімділік, ілімділігі жетіспей, ал керісінше құран ілімін меңгеріп, қағаз жүзінде берілген қолмен жазылған кітаптардағы ілімге, білімге ғана иман келтірген және әлемдік іргелі білімді меңгерген, сауатты қауымның тылсымнан берілетін, көрсетілетін, оқылатын анықтық білім кітаптарының аяттарына, хикметті рухани өлім сатыларына кездеспей және ата жолында беріліп жатқан әулиелер батасын жылдар бойы тыңдап, өмір тәжірибесімен салыстырып ақ-қарасын айырып сөз астарын, құпия тылсым сырын анықтау тәжірибесі де жетілмегендіктен аталарымыз меңгеріп, жазып қалдырған иманның хикметтерін, бастан өткізетін ахуалын өз беттерінше анықтау да мүмкін емес. Себебі, иман келтіру дегеніміздің өзі әрбір парыз және қарыз болған және артық хайыр, сауап жасаумен бірге Алла жолында мал жұмсап, өз нәпсіңмен күресу барысындағы жасаған намаз амалдарыңның көктік белгіге жалғануымен 10-ға толтырып отырумен бірге үнемі 10-мен дәрежеленумен «бірге» қосылып 11-ші аятқа зейнетке айналып, яғни тағы 10-сүремен кітаптың құранға айналуымен, 7 рет тылсым құран үнін мақамды және 10 кітап насихатын меңгерумен ақирет өмірден қайта дүниелік бейнеге ауысуымен, осылай үнемі жаратушы тарапынан «Бірге»-жүректерге, көздерге айналуға бұйрық үкім болып барып, артыңдағы тылсымдағы көмес жүректерге 4 үнмен бейнеленетінін, сосын ғана аян болып көрсетілетін иман қуаты болып зейнеттеліп отыратын құпия сыры бар.
Мұндай құранның және адам баласының ар қуатына тиісті барлық белгілерін өз халіне қарай түгендеуді пайғамбар намазын орындау, яғни «Ісра»-17 болып миғражға, көктегі жолдарға жалғануды ескертеді. Енді мұндай тақуалық, яғни иманның дәрежелерін меңгеру барысында міндетті болған, бұрынғы 2-4 басылымдарда дәлелдер келтірген құранның 11 кітаптық насихатын меңгерудің, Арыстан баба және Ясауи бабалар мөрінде 10 жапырақ ортасында 11-ші болып құран кітабы болып белгіленген хикметті белгінің, яғни толық иман келтіру қуатын белгілейді. Бұл белгіні, ашық дәлелді аятта: «Алладан бұйрықсыз ешкімнің иман келтіруі мүмкін емес. Алла азапты ақылдарын жұмсамайтындарға береді.» деген (10-100) (10+100=110). Бұл санды кітап берілгендер қатарынан және өз рухына, жанына, сезімдеріне толық иелік еткен әулиелік дәрежемен қожаларға ғана тән сұлтандық белгі болып саналады. Сондықтан құр тілмен иман келтірдік, яғни сендік деп өздерін «намазхан», яғни аузы дуалы ханға, абызға немесе жанын оймен ағартып, тақуа және сопылық жолдамыз деп күнәлі болмыстарын ой жорумен, тілімен ғана өздерін ағартушылар, дін имамдары да шерік қатушы және Алланың аяттарына күдіксіз, білімсіз, ақылсыздықтан қарсы шығып ортақ қосушы болып та саналады.
Алдағы басылымдарда құран ғылымынан, жан сырынан терең мысалдар келтіре жатармыз, әзірше осындай аз ғана Құран аяттарына жүгінумен, әйтеуір өтірік айтпағанымызға куәлік берумен ғана шектеліп отырмыз. Ал болашақ басылымдарда муфтияттық масхаб және сопылық ағымдағылардың қазақ еліне келген шындықты бұрмалап, халықты теріске қарай үгіттеуімен өздерін-өздері азапқа салған, жалған сектаға айналғаны түгіл, бүкіл қазіргі таңдағы исламдық ғалымдардың зұлымдыққа түскен және ашық ғасырларға ұласқан өтіріктерін әшкерелеп және оны христиан, өзге діндегі әлем ғұламаларына таныстыру арқылы тек солардың мойындауымен ғана ата жолының хикметі, шындықтарының хақиқаты ғылым, білім арқылы саралаумен, ақылмен иман келтіру арқылы ғана айқын болары сөзсіз хақ. Ал өз бетімен ата жолына иман келтіру, өзін екі жүзділіктің ақыл-ойына құрылған аю қақпанынан өзін шығарып алу мұндай пенделердің мыңның бірінің ғана қолынан келетін іс. Сондықтан бұндай көмес шындықтардың ғайыптан келетін хақиқаттың, мұғжизаның арқасында шынға айналған сабыр қуатын меңгеру үшін де әуелі ақыл қуатын жетілдіріп, яғни жаратушымыздың ғайыптан көмеске, көместен аныққа айналдыра білетін хикметін тек жүрек көзімен қаншалықты өлшеп алумен және қараңғылық күштерді жүктеп, жарыққа айналдыру намаздарын орындай білуімен ғана осындай рухани өлім сатыларынан, кедергілерден өте аламыз.
Бұл кедергілер бұзықтық пен жақсылықтың арасын ажырата білумен таза есті, ақылдың пайда болуымен ғана ерекшеленеді. Ал жақсылықты, хикметтерді жын-шайтаннан деген қарапайым рухани білімі де жоқ надандардың ой жорумен елді қаралай үркітумен болатын қараңғылықтарға қарай жетелейтін рухани өлімнің, яғни иман келтірудің тек жалған екіжүзді «мұнафықтық» тәубелік бейнесі ғана қалыптасады.
Кімде екіжүзді тәубе болса, ондай пенде алдымен екі тілді, ой мен тілдің арасын арап сөзінен тікелей алған атаулармен бұзып, (ықтипатта болу, мағфират ету, мүбәрәк болсын, пайғамбар салах салам, ғалек салам, ыстықпар етіп, т.б сияқты атау сөздермен) сөз астарын меңгере алмаудан және шариғат парыздарын шала-шарпы тек көрсету үшін, намаз оқу үшін ғана орындаумен және мүлде басын, аяғын, дене мүшелерін жалаңаш ұстау, ал әйел затының жынысына сай бой киімін кимеу және тек құранның арапша тілдің ұшынан ғана шығатын дұғаларымен ғана рухын тазалап, бірақ білімі ғылымынан хабар болмай, жүректен шығатын ана тілді тілектерінің ұзармауынан, қатын басты еркекке айналып; сөзі, тілегі қысқа, шашы (жын-шайтаны) ұзын, иірілген жібін тарқатқан еліктегіш қатындарға ұқсауы да даусыз.
Мұндай топтағыларға үмметтік ұлтық жол-жобаға, әдет-ғұрыптық намаздарға ескіліктің қалдығы немесе адасушылық деп қарап, тарихат, мағрипат жолын мүлде терістеп, оның орнына құранды жаттап қари аталу сопылық, тақуалық деп түсінетін барлық исламдық топтар мен масхабтар жатады. Ал, жоғарғы іргелі білімді меңгерумен бірге құран ілімін де меңгерген дін ғалымдарынан басқасының бәрі жансыздар, яғни шерік қатушы жындар тобына жатады. Олай болса бұндай топтағыларға құран аяттарына шерік қату ортақ заңдылық болып қалыптасуымен, күдіксіз аяттардың ғылымына ортақ қосып, өздерін жоғары ардақтаған Алланың сүйікті құлдары мен жанды, қанатты періштелеріне теңдес жасауымен түрлі шеріктер қосылып, жындары сезімнің жетегінде кетіп, арты бұзықтықтарға ұласуы даусыз және Алланың өз қауымын түзеп, тазарта білмегендерге, үмметтік сипаттарын жоғалтқандарға берілген тұрақты азабы болып саналады.
Бұндай жағдай қазіргі таңдағы барлық әлемдік діни топтардың сыртқы қалыпты қалыптастырумен, өздерінің ерекшеліктеріне қарай намаздарын оқып орындаумен өзін-өзін кереметтей сезініп, яғни жан мен тәннің арасындағы қараңғылық пердесін ашпай, намаз оқу арқылы рухын тазартумен ғана тән мен рух пердесін ашумен шектелумен, тек ішкі тәндік сипаттағы рухани бес сезімге өнер, білімсіз тек малдық күш қуатпен, ақылы толмаған жансыз тек орындаушы әскерге айналып, жалған тәңірге шоқынушылық ырымдарымен және исламдық «масхаб тура жол» деп үлгі алған негізінен ескі қызылбастық жолдың соңы арап әлемінде қандай жемісін беріп жатқаны да әлемге жасырын емес.
Бұл жағдайдың арап елдерінде білім-ғылымның, түрлі кәсіптік өнерлерді меңгерудің маңызын яғни дін-жанын таза білім арқылы жетілдірудің маңызын және тіршілік арқылы орындалатын намаздары мен тылсымнан берілетін таза білімді, аян, уахиларды мүлде тастап қоюымен, керісінше түрлі жағдайларда шеріктермен жүктеліп, дінінің азғындығын және жалпы елге келетін сынақтар, азаптар мен жер мен көктің ауыр жағдайын, қиямет мезгілінің туындауын ғана қалыптастырады. Оған ашық дәлел болған кешегі Иран мемлекетіне ораза айында ораза ұстаушы, намаз оқушы пенделеріне түскен қайғы-қасірет, Алланың құдірет қолы қамшысының үсті-үстіне түсуінің өзі біздің масхаб ғалымдарымыздың өтіріктерін ашық әшкере қылып тұрғаны сөзсіз. Және Раббымыздың араларыңда бір мүмін адам баласы болса, онда Алла оларды жазалаушы емес дегені қазақ жерінде батамен көгеріп-көктеген мүмінге айналған жандардың бар екендігі де айқын көрініп тұр. Бұндай қияметтік жанның өсімі тоқтауын туындатудың негізгі себебі де, діннің негізгі адамзат өркениетін қалыптастыратын 6 түрлі кірпіштің қабырғасы іргелі ғылымдарды жетілдіру, өндіріс, шаруашылық істерінің, халықтың жалпы мәдениет, шығармашылық құндылықтарының, ұлттық тіл, сөз білімінің маңызын орындау намаздарын меңгеретін білім сабақтарын жалбарыну құлшылығынан төмен санап, білімсіз жандарының жетілмеуінен және тәндерін тазалау әдістерімен ар білімін заманына қарай жетілдіре білмеуден, ал заманына қарай қалыптасып жетілген білімдерге қарсы кейіннен нәсілдік сипаттардың дәуірлерге байланысты келуімен, жаратылуымен пайда болған күнәлі тылсым күштеріне қарсы тұру бақсылық істерін меңгермегендіктен, тән мен жан және сезім мен көктік нәрселері таза рухтың арасында қараңғылық пердесі пайда болып, нәтижесінде бүкіл халықтың жансыз шеріктік бейнедегі, сезім арқылы оңай басқарылатын адамзат тобырына айналғанын көрсетеді. Бұндай көктік несібесі тұмшалаған Иран, Ирак, Ливан, Сирия т.б. қызылбастық елдерге жаратқанның соғыс, шейіттер алу және табиғи апаттар мен ауру азаптарды, аштық, құрғақшылық сияқты сынақтардың түсіретіні жалпы халықтың жан ғылымының, жан өсімінің тоқтауынан ғана болады. Жанның өсімін тек жаңадан сәбилердің туылуымен рухтық дүние істерін меңгеру болмысына емес, олардың жандық дарындылық мықты тағдырлық сапасына тәуелді екенін ұмытпағаныңыз да жөн. Туғаннан тәндік ақаулармен келген сәбилер жан түгіл ата-анасынан рухани азықтық жетімсіз, қауымдық тазарудың жоғалу белгісін, ата-ана тағдырының әлсіздігін, ар білімінің, діл білімінің азғандығын ескертеді. Яғни, сапасыз ұрық қандай таза су және білім беріп өсіргенмен, жандық жоғары дәреже қалыптасу мүмкін емес. Бұл тек құдайдан ғана берілетін арнаулы нығмет, несібе екенін ұмытпағаныңыз жөн.
Осындай жағдайға түсіп, көктік несібесі кесілген қазақ елі де егемендік алғанымен осы қалпымыздан, бағытымыздан таймай, тек дүние байлығының соңынан ғана кеткенімізде, әлі де мұндай жетістіктерге жетіп қалалар салып, өндірістерді тұрғызып, шаруашылығымыз дөңгеленіп кетуі неғайбыл еді.
Жалпы рухани болмысымыз, дін тазалығымыз көптеген көрші және азия мемлекетінен әлде қайда төменде болғаны жасырын емес және қырғыз елдерінің басына келген сынақтардан біздер де айналып өте алмас едік. Қазақ бабаларымыздың жаратқан алдындағы тілектері мен берген уәдесін қабыл қылғандықтан, әулие-әмбилердің аруағы көтерілумен ғана жаратқаннан қазақ еліне түсірген ерекше нығметі Ақ ұл арқылы берілген мұғжиза хақиқаттың және жүрек ашылуға байланысты қазақ елінің көптеген ел қорғаған әмбилер, хандар, билер, бақсылар мен батырлардың қасиетті аруақтарының бастары көтеріліп, жаппай ұрпақтарға шындықтың-аяндардың көрсетілуі болып, көктен нұр болып рухани егіннің себілуімен, жаңадан киелі ұрпақтардың өз несібесімен өмірге келуімен және европа, арапшыл салтымыздағы бұзықтық пен жақсылықтың арасын ажыратпағанда, жер рухы мен көк рухы арасындағы қараңғылықтың перделері жыртылмағанда, қазақ елінің жаратқаннан ерекше берілген сезімдік, жаңашылдық, өзгертуге құштарлық рухани болмысымызбен әлдеқашан өзара таққа, дүниеге, жерге таласқан жағдайда сынақтардың, жер сілкіну апаттарының, шейіттер алынатын қан төгіс соғыстың болуы сөзсіз еді. Ал, егер ата жолының ілімімен салыстырар болсақ; онда мемлекет тұрғындарының біліммен қаруланған сондықтанда жандылар тобына жататын сауатты, білімді мүшелерінің өздерінің күнәлі болмысының сыртқы бейнесін ғана көріп, тәубеге келіп, алғашқы сатыларын меңгергенмен, кейбіреулері намаз оқушы т.б. сауаптық мұсылмандық парыздарды орындағанымен, тек мұндай тарихынан, тамырынан, ата-анасына шүкірліктен бөлек құлшылықтардың рухпен сезім арасындағы байланысын қалыптастырумен ғана шектелумен, яғни тек біліммен ғана көрінген нәрселерді, өзге елдің жетістіктерін, ұнаған әдеттерін, салттарын, құлшылықтарын дүниемен бағалап ақылсыз орындаушылар, ұлттық сипаттағы үмметтік өлшеммен рухани жансыздар (жындылар, мастар) болып аталады.
Жан қашанда тарихымызбен, шежіремізбен және жеті ата бұтағымен толық байланысқан жағдайда, яғни тарихат жолы арқылы ғана жалғанып қалыптасады. Бұндай рухани өлімнің шариғаттан тыс жоғарғы дәрежелерін меңгеру үшін ғұрыптық дін ұстанымызды теріске алудан, тарихаттық-шежіре, ғұмырын және мағрипаттық — ішкі жан, діл білімін ұғына алмағандықтан және қазақ еліндегі сопылық топтар да меңгере алған жоқ. Ал, олардың да арасынан мүмкін санаулы ғана тағдыры мықты, дарындылықты, қасиеттерін, қол шеберліктерін меңгерген мүшелері болмаса, негізінен көріпкелдік «И-Мандық» қабілеті жоқ болса, онда жансыздар қатарынан табылатыны да даусыз және оған нақты құран арқылы дәлелдер де бар.
Ал масхабтық өздерін тілмен ағартқан топтардың, жеке діншілердің де құран аяттарының заманға қарай түсірілген білімін, насихатын меңгермей, тек жансыз арапша жаттап алумен немесе арап еліне шариғаттық дін ісі негізінде берілген ондаған ғасыр бұрын түсірілген үгітін ғана меңгерумен, заманына қарай ондаған ғасыр бойы жетілген күрделенген күнәлі болмыстың маңызы ескерілмей, сондықтанда аяттарды теріске алумен исламдық тұтастық қалыптасқан түркілік дін ілімін бөлшектеуші секталарға айналып алғандары да шындық.
Жалпы ислам дін ұстанымы тура жолдың қисығына немесе діннің бір бөлшектерін ғана ұстануымен, жалпы дін ғалымдарымыздың жан сырын және рухани негіздегі Құран білімін теріске алумен бұндай хикметке, шындыққа жолыға алмаған діншілер арасында елімізде болып жатқан бұзықтықтар осыған ашық дәлел бола алады.
Негізінен алғашқы рухани өлім, яғни бір жағдайдан келесі бір даму сатысына өтудің тағдыр жазуына да тәуелді түрде де және алған білім, ілім дәрежесіне қарай жанның жетілуімен де, немесе әрбір пенденің туғаннан пайда болатын қабілет, қасиетімен және ата-ана, қоғамдағы ортадан алған тәрбиесімен, өмір сүру тәжірибесіне, ақылдың жетіліп толуына, жас кезінен алған тәрбиесі мен тәннің қандай жағдайда өсіп жетілген, арлылық, ұяттылық қуаттарының жағдайына да тәуелді болмақ.
Енді қысқаша мысалдармен шектелсек; Адам баласының бәріне сыртқы жағдайларға тән жалығу мен құштарлық және қажеттілік осы үш нәрседен үнемі тағдырындағы өзгерістерді өз еркімен алған білімі, көрген тәрбиесіне, тұрмыстық жағдайына қарай өтпелі кезеңдерден, яғни белгілі мүшелдік уақыттарынан бір жағдайдан екінші жағдайға ерікті түрде өзгертіп отыруға қабілеті жаратылыстан сыйға берілген. Екіншіден; адам ішкі дүниесінің «Карма» заңдылығымен, түйсіктік білім және ішкі сезім жетегімен белгілі бір жағдайлардың алмасуына мұқтаждық болып, рухани өзгерістерді қажет етіп ізденуден пайда болмақ. Осындай түрлі себептерден де бөлек тағдырдың белгілі жағдаймен уақыттарға, адам жасына, істеген түрлі жаманды жақсы әрекеттеріне де байланысты жаратқаннан берілетін қияметтік мезгілі жетіліп, немесе мүшелдік әрбір 12 жыл кезеңінің ішіндегі адам баласының рухани уақыты 13 санды «Уақ»-тық кезеңдерге тап болуымен сынақ, ауру, азаптар мен түрлі тұрмыстық мұқтаждықтан пайда болатын себептерден де осы күнәлі рухани болмысының шамасын түсінуіне қарай ғана алғашқы тәубе, яғни рухани өлімнің белгілі дәрежелері пайда болмақ. Және осылардың бәріне ортақ құбылыс жаратқанның тұрақты үкімі; «Баланы екі жасқа дейін емізу керек, 40-қа келгенде ақылы толады», «Ақылын жұмсамағандарға азап беремін» деген сияқты жүздеген аяттардың тағдырлық жазуына, яғни еркектің әрбір 8 жыл сайын үнінің өзгеріске түсуімен, қыз баланың бойының тез жетілуімен, дүниетанымдық ақылы да соған лайықты қалыптасып, жыныстық қуатының жетіліп қалыптасуымен де пайда болады.
Ұлттық тәрбиенің әлсіздігімен және соған байланысты ар қуаты да толық жетілмегендіктен кей жағдайда жын қуаттарының жасына тәуелді жетіліп, қандағы шайтанмен бірігіп, мінезде өзгерістердің немесе басқалай әдеттердің қалыптасуына байланысты келесі бір кезеңдік оқиғаларға өту үкімінің аян, ескерту болып түсуімен және әр пенденің оны қалай жорып қабылдауымен де байланысты болатын рухани өлімнің міндетті түрі де кездеседі. Бірақ мұндай жағдайдағы тәубенің адамзатқа ортақ белгісі екіжүзділік, күмәнді, тұрақсыз болуы да даусыз. Бұндай жағдайда жасынан алған тәрбиесі және білімінің сапасы, еңбек ету қабілеті ғана қауымдық жеті ата аруағының қалыпты болумен ғана дұрыс бағытқа жетелеп әкелері сөзсіз. Ал осындай екі аралық кезеңдерге тап болған аруақ қуаты әлсіз болған жағдайда және көктік «Ман» қуаттарымен байланыс үзіліп, жанның жетімеуінен кейбір жастардың да, үлкен кісілердің де өзіне-өзі қол салу немесе түрлі теріс ықпалды пенделердің жетегіне еріп бұзықтық, зұлымдыққа түсуі де осындай ғасырлар бойы қалыптасқан ғұмырлық дін ұстанымды елемей немесе өзге елдің салтына еліктеп, ұлттық жан-діліне сай әдет-ғұрып тәрбиесіне мән бермеуден, тағдырының әлсіреуінен пайда болады.
Енді масхаб немесе түрлі сопылық ағымдағы діни топтарының негізінен осындай өздері рухани өлім сатысына түсіп, онан шешім қабылдап, жақсылық ізгілікке қарай рухани ізденуге жолға шыққан пенделерді тек намаз оқуға шақырып, ал негізгі парыз иманның жан ғылымына, рухани білімге мүлде мән бермей, тек тілмен ғана сендік деумен, тәнмен жансыз бес сезімдік қуаттарға жалғануға үйретеді. Ол үшін шайтан жамағаттарына міндетті болған және ғасырлар сынынан өтіп тексерілген тәсіл; құран насихатын тек пірлерінің түсіндіруімен немесе арап тілін меңгеріп, түп нұсқадан яғни бәрібір сол пірлер сияқтылардың заманға сай білімі жетілмеген дайын атаулар ұғымын тек дайын тәпсірінен меңгеруді жүктеп, ойларын да, көзқарастарын да жүктеп алуымен, ақылдарына аю қақпан құрып және өз ойларына естілік, ақылдарын да жіпсіз байлап, ерік күшін тұмшалап ұстайды. Сондықтан да алғашқы тәубелік сынақтан кейінгі екінші сәл жоғары тәубе кедергісі яғни 19 санды екінші дәрежелі тәубеге келумен, «сопылық жолдасың, тақуа, намазхан болдың» деп Алла жолында мал-жанмен соғысудан, яғни хаж амалдарымен жер кезіп, құрбандық шалып, артық хайыр жасап, емшілік, тазарту, көріпкелдік, бақсылық, дарындылық істермен кітаптарға, тазарған ойларға жалғанумен жан ғылымын меңгеру амалдарынан «шерік – арам қосу» деп бас тартқызады да, керісінше осы қалпымен түп негізге «умра қажы», қажылық сияқты 3-дәрежелі рухани сүннеттелу 99 таспихты толық меңгеруден кейінгі амалына еріксіз жалғауға тырысады.
Бұндай өз отаны, жер есіктері ата-анасы арқылы иіріліп берілген дін-жанының жіптеріне жалғанбағандықтан аталарымыз: «Қысқа жіп күрмеуге келмейді» деп ескерткен. Демек «Аллауақбар»(Алла-бар+уақ; Бар+зақ) болып дін мағрипаты саналған аруақтық қуаттармен пайғамбар шапағатымен жалғану белгісін меңгермей, тек күнәлік болмыстың қаншалықты аяттарын меңгеріп, үгіттелумен ғана жан үйлері тазарып, бірақ қараңғылықтан босаған әуретті жан үйлерін иман нұрымен, аяттардың жетілген хикметті білімімен толтыру орнына, ондай рухани несібе орындарды құран жаттаумен, пара-мал-ақша, яғни үнмен бейнеленген аяттармен, дайын білімі ескірген, тозған тәпсірлермен зейнет киімін қалыптастырып, немесе арап тілін меңгеру арқылы ғана рухын жетілдіруге, кемелденуге тырысып, осы құдайдан келген нұр, түп негізден алынған таза білім деп түсіндіреді.
Сонымен бұндай аралас білімдегі ақпараттар рухани азық болып, білімі де тәнге мал қуаты болып зейнеттеліп берік бекігеннен кейін, адам баласының мұндай аралық рухани өлімнен кейін қандай нәрсемен азықтандырып қорқуды үйретсе, ол санада мықты бекіп, енді тек намаз оқуды бүлдіріп, қаза қылып алмаудан, барлық хайырлы мұсылмандық қарыздардан, адамгершілік парыздардан көрі жұмадан қалып қоймаудан, сақалын өсіріп мұртын күзеп, араптық болмысқа немесе табынған пірлерінің болмысына; сөзі де, қылығы да араптардың өзіне ұқсай алмаудан, әрбір ісінде шариғатта бұрын надандық дәуірлерде қалай орындаса солай ұқсатуға тырысумен немесе ақыл білім жинауда тек арап тіліне ғана шоқынып, ұлттық болмысына ғана тән тарихи естілікті де түп негізден ғана аласың деген сөз ғылымына қайшы пәтуамен құранды теріске алып, артынан түрлі шайтандардың азғыруына еріп, сыртын түзеумен ғана айналысып, жер, көк есіктерінен ғана «алыстағы дем» болып келетін иманның жарықтың зейнеттелмеуінен надан дінші болып қалыптасуы сөзсіз.
Бұл жерде психология ғылымының да тек пәндік сипатының қалыптасуымен және аталарымыз меңгерген жан ғылымының сыры зерттелмей қалыс қалуымен де «Ес» қуаты, ерік күші, сезім күштері, түйсік сияқты адамның рухани құндылықтары жеке-жеке ғана қарастырылып, өзара ара-қатынасы бір-біріне беретін әсерлері мен аралық перделердің, ар, ұят, білімнің және жанның өсіп, өнім беруінің маңызы түгіл, сана қуаты деген ұғым дін ғылымы теология түгіл, психология пәнінде де мүлде жоқ. Керісінше психология пәнінде ерік күшін тек кеудемен, омыртқа сүйектермен ғана байланысты қарастырып, бастың, аяқтың, басқалай дене мүшелері мен жүректің маңызы, қан тазалығы сияқты тәндік сипаттағы қуаттар маңызы да қарастырылмаған. Және естің негізі адамзаттың жаратылыс негізгі тұғыры нәсілдік денесі, ерік күшінің еңбекке және сезім қуаттарының да тек тәндік болмысы емес, сыртқы әсерлермен бірге үш түрлі жағдайына тәуелділігі мен жын қуаттарының адам болмысының есту қабілетіне, біліміне, құраннан алған пара-ақша, малдық, қозғалыс негізін құрайтын маңызын ескермек түгіл, мүлде бұл пәндерде қарастырылмаған.
Бұндай рухани да, жандық та жетілмеген жағдайда тәрбиеленіп, білім алған елбасшылары, саясатшылар мен ғалымдардың және түрлі саладағы білімді, сауатты жанды топтағылардың көш басшыларының осындай жан мен сезім арасын бөліп тұратын нәпсі пердесін тазартып, меңгеру тәсілдерін және сезім арқылы жанға берілетін «Ман» қуаттарын төбеден, аяқтан жеу тәсілін теріске шығарумен жандары болғанымен сезімсіздер тобына жатып әулиеліктері, қожалықтары жетілмей қалған. Тек кейбіреулері мықты тағдырмен өмірге келгендіктен, қауымдық аруақтарының жетістігімен ғана төрелікті меңгеріп «кемеңгер, батыр» аталып бірін-бірі мақтап, дәріптеп, гүл беріп, дүние қызығына алданып, білімдеріне мардамсып, өзге діннің азғындығын да қоса қабылдап, екіжүзділік тәубамен шоқынушылыққа түсіп кеткен.
Ақ ұлдың мөр мұғжизасын меңгерумен бүкіл шапырашты аруағының көтеріліп, жоғары дәрежелі жағалы әулиелердің кітабына жалғанбағанда, ел басшымыздың мұндай жетістіктерге жетуі мүмкін емес еді. Сондықтан ел басшымыздың Назарбай атаның аруағының арқасында осындай дәрежеге жеткенін және Ақ ұлдың басына келіп тағзым етіп, кешірім сұрағанын Әбіш атаның да, анасының аруағы күтіп жатқанын әй қайдам жанмен ойланып, сезініп біле қояр ма екен? Ондай жағдай болғанда ол кісілердің де аруағы шаттанып, біздерге ордаларға шыраққа келіп, батасын алып, бастарына керуен кіргізіп, шежіре ағашын көкпен жалғауға, құран оқып дұға тілектермен тамырына нәр беруге жәрдем де берер едік. Ал аруақтар ол жақта жүзге бөлінбейді. Сондықтан аталарымыз: «Атаңа не істесең алдыңа сол келер» деп бекер айтпады дейсіз бе?
Әйтеуір өздеріміз ата жолдықтар өмірден озғаннан кейін ұрпақтарымыз басымызға шөп қойып, яғни «ит аяқтан су бермейтініне» кепілдік алдық. Оған да жеткізетін жаратқанға мың да бір шүкір қылудан, аруағымызға сыйынудан тыюшы екіжүзділердің кесірінен сақта!- деп жалбарынамыз. Ал көшелерге әулиелердің бастарын жалаңаштап, мүсіндерін қойып, басына ұстанған дінің осындай еді деп, мал құсатып шөп салып, Астанаға төбеден нөсер, дауыл болып және өрттер мен арты адам өлімдеріне соқтырған сынақтарды қолдан жасаған жағдайдағы ел, көш басшыларының өздері шайтан жамағаттарына «білдімандарға» айналумен надан діншілердің, яғни шет елдердің мүддесін қорғаған немесе арнаулы рухани дайындықпен жіберілген, бірақ ұлттық тілі мен ойдың арасын өзге сөздермен, атаулармен бөліп, рухынан ажыратылғандықтан жаны жетілмеген «жансыздардың» құрығына оңай түсіп, сондықтан Құранға жалпы қазақ елі негізінен ортақ қосушы болып саналамыз.
Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-bidi-font-family:"Times New Roman"; mso-bidi-theme-font:minor-bidi; mso-fareast-language:EN-US;}