Кешегі көрген шындық, бүгінгі тарих-шын туралы.

Бөлім: Ата жолың бақ жолың қадірлей білсең ағайын 55

Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-bidi-font-family:"Times New Roman"; mso-bidi-theme-font:minor-bidi; mso-fareast-language:EN-US;}

Енді тағы шегініс жасап, ата жолының бұрынғы жағдайына шындығына жүгінсек; Бірде аянмен жоғарғы кернеулі жарық тарату мекемесінің бастығына жолығып, басқару тарапынан төменгі басшылардың жіберіп жатқан кемшіліктерін айтып, сынап жатқан жайымды көрдім. Сонан енді жарық тарату мекемелері болып саналатын муфтият дін басшылығы және ата жолы істерінің керуен басшылығы да болу керек деп шешіп, муфтият тарапынан тікелей мені кім тыңдайды деп және ата жолында Ақ ұлға жәрдемге тұрған, дүние қызығына түскен сауықшыл қауымның, халық пен арадағы тұрғызған күзет қорғанын бұзып өтуден де жалтарып, тек үнпарақтар түрінде және шамам келгенше кітап шығарып таратып, ордалар арасына және муфтият, баспасөз орындары, ел басқару мекемелері арасына да таратып  көрдім. Бірақ, бұл істерде алдымен  қолдау беретін ата жолдық керуен басқарушы топтағылардың өздері бас болып, керісінше ордаларды аралап жүріп те, басқалай орындардағы да таратқан кітаптарымды өз соңдарына ерген шәкірттеріне оқуға мүлде тыйым салуымен аяқталды.

Әрине ол кезде барлық аққу сұңқарлар да, жалпы ата жолының сарбаздары, шәкірттері де олардың өздерінің ойымен «Ақ ұл тапсырды» десе болды орындалуы міндетті болған еді. Осындай істерімен де олардың шайтан жамағатына қосылғанына мысал болып,  кейбір кітапханаларға және көптеген кітап сататын орындарға өткізген уағыз түріндегі қарапайым «Ақиқат бастауы» аталған бірінші кітаптың өзі ұлт қауіпсіздігі орындарының тарапынан қудаланды. Олай болса олар да ата жолына ендірілген астыртын жансыз шеріктер тобы болып, Ақ ұлға рухани жағынан соққы берілуге жәрдем бергені де даусыз. Аталарымыздан: «Ата жолының асын ішіп, дастарханын тілушілер көп араларыңда» деп батамен жиі ескертулер де түскен еді. Ал үкіметтің, қауіпсіздік қызметкерлерінің рухани жансыздық әрекеттеріне енді нақты мысал берсек.

 Қызылорда қаласында сол кездегі дін ісін жетік меңгердім деген жаңадан келген әкімнің пәрменімен ол кітаптың сатылуына тыйым салынып, ашық тәркіленген жағдайы да болды. Бүкіл теле арна мен баспасөз, мешіттер арқылы «ата жолы — секта» деген айыптаулар пәрменді түрде атқарылды. Осындай жағдаймен, Құдайдың құдіреті өзімен және құдірет қолы аруақпен қарсыласқандықтан және алдын ала батамен ескертуімен, ол облыста ел басқарушы әкімдердің тік ұшақтан құлауы болып және оны ел басының араласуымен қайта соғатын дауылдан аман қалғанымен, бұндай жағдайдың басқа облыстарда да адам өлімімен қайталанып, жаратушы тарапынан ашық ескерту берілді және осы кезге дейін жылына бір-екі рет қайталғанмен оған мән беріп, ата жолы ғұмырлық салтымызға қарсы шығарған пәтуаларынан шегінген, құдайдан қорыққан үкімет, дін басшыларын көрмейсің.

 Осындай Құдайдың хикметіне ашық қарсылық білдіріп, халыққа да кесірін тигізіп жатқан уақиғалардың, сынақтардың  кешенді түрде жалғасуымен бірге, ата жолының анда-санда шығатын жорналын да және ел қауіпсіздігіне әулие-әмбилердің жақсылыққа, бірлікке, иманға, Алла жаққа  шақырған батасы да рухани жетілуімізге, масхабымызға зиянын тигізіп, араптық дін ұстану салтын жояды деген қауіппен, ел басқарушыларының қолдауымен ата жолына, аруақтарын, құдайын да соттаған сот үкімінің шығуы да елімізге түскен жаратқанның ашуын, сынақтары мен азаптарының еселеп артуымен және оған қазіргі таңға дейін ашық көрсетіліп жатқан хикметтерге мән берген бірде бір дін, ел басшылары болған жоқ. Демек, ата жолының қарапайым сарбаздары және діни сауатсыз аталған  ұлдары мен қыз-қатындары көретін, жаратқаннан бүкіл қазақ еліне өліктерді, ортақ ата-аналарын тірілтіп, ашық оқылып жатқан әулие-әмбилер кітаптары мен 12-сүре хикметтері мен дүние істері аяндарын басшыларымыздың жүректері перделеніп, көре алмауынан және осы уақытқа дейін шешім шығармай қасарысып, қартадан ұтылған ойыншыдай құдайды бәрібір жеңбекке тырысқан ел, дін, көш басшыларының болашақтағы халықты тосып тұрған үлкен сынақтарға, апаттар мен жеке өз бастарына төнген азап, зұлымдықтарына алып келе жатқаны да сөзсіз хақ. Және осыдан неше жылдар өткен сынақ ескертулердің, енді тойып та, тойлап та болдыңдар дегендей Астана маңында үстін-үстін адам өлімдерімен ескерту беріліп жатқаны да әзірше жай ғана ескертудің белгісі ғана деп түсінгеніңіз де жөн.  

Мұндай ашық ескертумен келген және қауіпсіздік саласында халық алдына мазаққа ұшыратуға соқтырып жатқан сынақтарға да мән бермеген еліміздің басқару саласының тұтқасын ұстағандар білімді-жанды аталғанмен рухсыз, ал дін басшыларымыз болса рухани сезімсіз, тек ішкі бес сезімге ғана негізделген біліммен ғана шектелген рухани сезімсіз жандылар тобына жатады.

Бұл жағдайға ашық дәлел жаратқан тарапынан түскен шындықтың бірімен ғана мысал бере кетсек; Бірде жолға шығып, бір адамдардың соңынан  қалмай еріп келе жатсақ жолымыз тарылып, арты соқпақ онан бір жардың жиегіне келіп тірелді. Енді қарасам әлгі соңынан қалмай еріп келе жатқан адамдарым сақал, шаштары өсіп, киімдері жыртылып, тозып, сирақтары көрініп, өздері жалаңбас азғындап және түрлері маймыл, хайуанға ұқсап кетіпті. «Бұлар жолынан адасып азғындап кетіпті» деп, қасымдағыларды ертіп кері бұрылып, басқалай шығатын жол іздеп келе жатсам, алдымда сым темірмен қоршалған бір мекеме кездесіп, ал үлкен жол сол мекеменің ар жағында қалған екен. Сонан сым қорадан арасынан еңкейіп өтіп, иттерін абалатып, алдымыздан күзетшілері жолымызды бөгеп, сөз тартысқа түсіп жатқанымызда оятып жіберді. Сонымен бұл бақшадан қандай гүл алдық, шыны, хақиқаты қайсы?

Бұл жағдай алдын ала осыдан бес-алты жыл бұрын Ақ ұлдың кезінде берілген еді. Ақыры бізді жол көрсетіп соңына еріткендердің азып, соңынан тура жолдың арасын бөгеген ел басқарған мекемелердің өзі болып, дәу иттерін қосып айтақтағанына қарамай және күзетшілерін де ата жолы хикметтерімен, акқиқатымен  насихаттау, үгіттеу арқылы дінге деген сауаттарын, көздерін ашып, мекеме басшыларынан арнаулы заңдар қабылдатып, ұлықсатын алумен ары қарай тура жолымызға өтуге, жалғануға тиісті едік. Бірақ ол жағдайға  әлі де жете алар емеспіз.

Негізгі себептің бірі ата жолының іс басындағы соңынан мыңдаған аққу, сұңқарларды ерткен бұл жұмысты атқарушылар болу керек еді. Ал енді қазіргі таңда орта топтық болып қалыптасқан қауым мүшелері тамыр-таныс арқылы түрлі мекеме құжаттарын пайдаланып, бас-басына бастық «ақ ұл» болып алып, үкімет тарапынан берілген, халықтан жиналған садақамен жеке баю жолына түсумен бірге жүрек көздері де теріске айналып, садақамен тоттанып, жүктеліп те алды. Яғни, енді тек халықтан жиналған садақамен күн көріп, дүние жинаумен айналысқанда жаратқаннан міндетті болған, артық жүктермен қаралықтармен жүктелумен жаратқаннан бекітіп берілген мықты тағдырларын әлсіретіп, садақамен баю жолына түскендерге берілетін үкімнің орындалуымен жандарын тозақтық қылып, жүрек көздерін жауып, соқыр, саңырауға айналған мүфтияттық имамдардың, масхабшылардың кейпіне кіріп алды.

Бұндай жағдайда жаратқаннан өз басыңа керекті құпия аян алып, оны жору, іс қылу түгіл, қарапайым тағдырыңдағы күнәні көретін түс те көру екі талай іс. Бұндай дін істерін орындап сауап жасаумен, Раббымызға жақындаумен егер дүние байлығын қаласаң, оны беріп, бірақ ақирет несібесінен құр қаласың деп ескертеді. Бұндай жағдайдағы иманның әлсіздігімен, қасиеттердің шыңдалуы тоқтап, көңілдің тарылуымен бата тазалығы, тереңдігі, құпиялығы туралы сөздің өзі керек те емес. Осындай себептердің сонау әріден басталғанын және сол уақыттарда осындай ата жолына төніп тұрған білімсіздікті, шариғатқа, ұлтымыздың дәстүріне қайшы аққу, сұңқарлар және ордалар тарапынан болып жатқан кейбір арсыздық істерді көрсетіп, кітап жазылып та және оны таратпақ болған әрекетіме ол кезде аруақтар тыйым салды. Мен іштей бұған ренжіп, (әрине ол кезде әлі екіжүзділік тәубенің құлдығында болғаным да сөзсіз) оны енді астыртын ғана кейбіреулерге таныстырумен, Ақ ұлдың қасындағы көмекшілердің кейбіреулеріне түсіндіріп, менің сәлемдемемді жеткізуді және алда тұрған қауіптерді ескертуді сұрап, олардың ата жолының болашақ тағдырына жани аши білетіндіктеріне сеніп, еркін жүре бердім.

Бірақ іс жүзінде олай болмай ол пенделер ата жолының нағыз «шайтан» сатқыны болып, оны Ақ ұлдың қазасынан кейін, ақирет өмірден басы көтеріліп, батаға келіп; «Келіп ескертсең болмас па еді!» деген сөзінен кейін бір-ақ біліп үлкен қателік жібергенімді түсіндім. «Ата жолының ғылымы, құпия сыры менде ғой, қайда барар дейсің, әйтеуір жолдарымыз тоғысар» деген оймен жайбарақаттыққа салынумен, негізгі діншілер тарапына ақпараттық соққы беретін қаруды қоймаға салып тастап жатқан, халыққа келген сынақтардың пайда болуына бір себепшінің өзі мына менмін.

Бірде осындай ақпараттарды ата жолына жан ашыр бір ғалым шалыма көрсеткенімде: «Мұндай дүниемен сені үкімет тарапынан арнаулы заң шығарумен, түрмеден бір-ақ шығармасын» деген тыйым, ескертуіне қарамай, Ақ ұлдың қазасынан кейін «Ата жолын егер қаласақ мүлде жоқ қылымыз» деп астындағы орындығын сықырлатып шайқалған прокурордың сөзін естігеннен кейін, елге төніп тұрған рухани апаттарды, жылда міндетті түрде келетін қыс айларындағы, көктем басындағы сынақтарды ескертумен және ел, дін басқарушыларының қателіктерін ашық жазып, үнпарақтар түрінде баспагерлерге, зиялы қауым арасына және ата жолының сауатты қауымы арасына да таратудан бас тартқанда емеспін және алда әлі жалғаса берері де хақ. Және мекенжайымды ашық та жазып, жазылған мезгілдерін де санмен белгілеп отырғаным да растық.

Менің байқағаным 5-6 жыл ішінде сенікі дұрыс немесе бұрыс деген бірде бір діншілер де, жазушы, тілшілер де, ел басқарушылар да тарапынан ләм-мим жауап болмауы  және көптеген ескертілген қателіктердің баспасөз беттерінде қайталанбай, керісінше қазіргі таңда ата жолына оң пікірлердің айтылып, жазылып жатқанына да куә болып, сондай көргенді азаматтарға алғысым да шексіз. Яғни, қазақ халқында ел, көш басшыларының арасында сынды тыңдау, қабылдау және дұрыс шешімге, тәубеге келіп орындау тектілік қасиетін жоғалтқан жоқ, яғни ел басқарушыларының бәрі бірдей екіжүзді «мұнафықтық» сенімде емес, иман дәрежелері, рухани өлім сатылары да жоғарылары да бар екенін білдіреді басқарушы топтың арасында. Олай болса,  ата дініміз аруақ заңдылығын да мойындаумен, өз дәрежесінде рухани өлім сатыларын меңгерген иманды азаматтардың ел басқарушылар арасында үлес салмағының артып келе жатқанын  айқын көрсетеді.

Кешегі Ақ ұл арқылы үш жолдың есігі қазақ халқына ашылып, жаппай шындықтың түсуі, енді бүгін шынға-хақиқатқа айнала бастағаны да даусыз. Мөрдің шарапаты барлық саладағы аруақтардың көтерілуімен, өз ұрпақтарын тылсымнан қолдау беріп жетелеп жатқаны да хақ. Сондықтан ендігі басты мақсат әрбір сауатты қазақ азаматының, ауылдағы мектептен бастап жоғарғы оқу орнына дейін діннің тек намаз оқып, арапша сауат ашу емес, бүкіл тал бесік пен жер бесіктің ғана емес, алдағы жанға берілген мыңдаған жылдық және мәңгілік өмірге арналған барлық тағдырлық, қауымдық, ұрпақ сабақтастық іс жоспарды қамтып, әрбір жер басқан пенденің өз тағдырының қожасы бола алатынын ар білімін жетілдіруші әлем халқының қолы жетпей жатқан жаратқанның берген нығметі екені кең насихатталып, қазақ философиясын Абай-Шәкәрім еңбектерінен бастап Сәни дәптерді, әрбір қазақ өзі тікелей оқып түсінетін, көңіл кеңістігін және жүрек көздерінің ашылуына жағдай туғызу керек. Сонымен бірге халқымыз ортақ бір кітапқа жүгініп, Құран насихаттарын ең үздік Раббысының ұлықсатымен ғана аударған ғылыми жетілген бір кітап-аудармадан ғана, ана тілінде ғана насихатын оқып меңгеру арқылы ғана ой мен тілдің арасының бүкіл халықтың біртектілігіне келіп және сонымен бірге арап тілінде құпия жабық ғылым сырлары ашылып, ақыл-ойдың жетілуімен, сананың тазарып ашылуын әулиелер батасы, нұсқауларымен және тылсым құпия анық білім кітаптарын меңгеруге жеткізгенде ғана өміріміздің барлық саласында әділдік те теңдік те орнайтынына көздерін жеткізу басты міндет болу керек. Және осындай болашақтың кемел адамдарын қалыптастыруда ата жолынан беріліп жатқан батаның және аққу, сұңқарлардың тақуалық үлгілері мен бата, аян алуға негізделген рухани тазаруымен күнәлі болмыстардың өлім сатыларын меңгеруге негізделген зияраттау істері мен керуенінің болашақта алатын орны өте маңызды екенін халыққа насихаттауымыз керек.

Бірақ, ол үшін ата жолынан беріліп жатқан баталар мен дін істері масхабымызды зерттеп, толықтырып, қайта жетілдіріп, Мұхаммед пайғамбарымыздың шапағатына әрбір қарапайым қойшыдан бастап патшаға дейін ортақ сопылық, тақуалық амалдардың түркілік, ендігі тек негізгі мирас егесі болған қазақша үлгісін, ғылым-білімін қалыптастыруға бүкіл ғалымдарымыз, жазушыларымыз, дін имамдарымыз да ат салысып, жақсылыққа, пайғамбарлық қасиеттерді меңгеру жолында жарысуды қалыптастыру керек.

Осыған дейін алты кітапша шығарып,  санмен ойнап, біраз діни сауатты аталған қауым арасына өз әлімізше таратып, сонда да өздеріне берілген білімге мардымсыған, жаратқанның жер бетіндегі білімдерді өзгертуге күші жетпейтіндей, дін ғалымдарымыз өздерінің ескі бағытынан қайтар түрі көрінбейді. Енді  сұңқардың «ай балтасын», аққудың «мәткесін» көрсететін мезгіл де туған сияқты.

Бұл жағдаймен енді жетінші басылымнан танысарсыз. Ал одан әрі «Кер ұлының» «каролін» және Алаш бабамыздан тараған пайғамбар ұрпақтарына берілген нығмет «тұзын» көрсетіп, бүкіл адасқан діншілердің жалған пәтуаларын суға еріген тұздай қылып, әлемнің алдына қазақ дінінің туын желбіретуіміз де хақ. Оған әзірге құпия сақтап отырған деректер мен ашық дәлел хикметтер де жеткілікті. Тек осы байлықтың ұстанатын егелері мен күзетшілерін әуелі дайындап алуға ат салысқанымыз абзал.

Енді ата жолының әрбір аруақ патшалығына еніп білуге тиісті жақтарын көрсете кетейік. Бұл жерде адам баласының өз тағдырында біліп, білмей істеген күнәлі болмысының жанға өтуімен өзіне тағдыр айнасы болып, алдына келіп түс болып көрініп, егер теріске жақсылыққа жорып намаз амалын, құрбандықтарын шалып іс қылмаса онда сынақ болып жолы жабылып, түрлі жағдайларға түсетін халін оны аян немесе шындық деп атамайды. «Түс қорғасын сияқты», «Түс түлкінің боғы» деп те ескерткен. Осы жағдайды шайтан жамағаттары, діншілер өз пайдасына айналдырып, арттағы күнәлі түс пен алдыңа келіп, егер орындамасаң артыңа қарай өтіп теріс аятқа тіл-көзге айналатын бастапқы шындықты Раббымыздан келетін аяттарды да мүлде жоққа немесе тек пайғамбарлар ғана меңгерген қасиетке айналдырып, іштен пайда болатын «Мен» елшілік туралы ұғымды мүлде санадан шығарып тастаған. Ал шындық тек адам баласының жанының ұйқы кезінде  ақирет өмірінде өз сыңарына кездесіп, ақпарат алумен ерекшеленеді.

Бұл жағдай «Мың өліп мың тірілу» болып және құрандағы сүрелердегі құпия екінші жартысы көктегі кітабына жалғануды; «Әліф-Лам-Мим» деп атап Ыбырайым пайғамбарымызға түскен сөздер құпиясын шешумен, яғни 124-ші (қимасы-7) санмен байланысты, пайғамбарымыздың негізгі сәждесі 7 сүйек аруақпен байланысты болады. Яғни «Фатиха», «Бірдің» құпиясы шындықпен, ақиретпен, өліммен рухани сананы қалыптастырумен ғана байланысты болмақ. Адам баласының санасын қалыптастыру дегеніміз тек рухани өліммен кездесуге ғана тәуелді екенін де білгеніңіз абзал.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *