Ізгілік тектің бастауы(146)

Бөлім: Зікір өлеңдер 114

Қосылып жақсы жаманға,

Жақсыдан өнер ізгілік.

Жаманға жұғып ұшқыны,

Ақ пен қара теңелер.

Қайсысы жеңген алады,

Ортасында кейбіреу сенделер.

Арпалысы болар қараның,

Жұп пен тақ болып қосылар,

Кімде артық сонан алмағы.

Бас екеу болмай қосылған,

Мал төртеу қалай болмағы?

Бояуы сіңіп басыңның,

Май болып жүрекке тамбағы.

Бақ қарап қыдыр дарыған,

Болады кәміл иманы.

Бөріксіз бен жаулықсыз,

Жаны өліп, бағы қашады.

Құдайдың нәсіл сынағы

Тең болмас әлем қуаты.

Өзге ұлттан нәсіл жаратып,

Діліне қуат қоспағы.

Ой қозғайтын бұл ғылым,

Бес қуатпен өнер бұлағы.

Қайғысы кімде көп болса,

Ақиреттік әлде жалғаны

Жазылмақ тағдыр сынағы.

Әділдігі Құдайдың,

Әркім өзі сұрап алмағы.

Дүниемен қызық арманы,

Қарасын арттырып қосқаны.

Ақиретін ойлап қайғырса,

Қарсылық күші артады.

Жеңеді ағы қашанда,

Құдайдан болса жол-жобасы.

Жаманнан жақсы туылар,

Адам айтса нанғысыз,

Жақсыдан жаман деген бар,

Бір үзім нанға алғысыз.

Тағдырдағы тұрған жасырын,

Діл мен рұқтан бұл сырлар.

Құдайдан жоба-жолынан,

Әр тағдырға құпия жазылар.

Тектілікке қуат қосатын,

Ізгілікпен қылған амалдар.

Оқыған намаздан не пайда,

Асыл сөзден болмай салмағы,

Аманат мирас жоғалтып,

Орындалмай намаз заманы!

(Қыркүйек 2018 жыл)

****  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *