Иман жапырағы(147)

Бөлім: Зікір өлеңдер 50

Көппенен өлшеп берілген,

Нығметке сансыз бөленген.

Байлықтың бар үлкені,

Жүрекке иман боп енген.

Бәйшешек бақша жиғаның,

Құдайдан ғылым алғаның.

Тауыспай жинап иманды,

Қуат қосуға елге тұрғаның.

Наданның еріп сөзіне,

Қайтпас үшін өкше ізіне.

Тексеріп жүрер әрдайым,

Ғылымы жүрекке егілсе.

Електен ойды өткізіп,

Маңызын тауып бекітіп.

Өсірер жанды дәнекпен,

Дәйегі аты ғылымдық.

Ажыратып ақ пен қараны,

Өсірер ақылдан сананы.

Тағлыммен алған әрекет,

Данышпандық жолда бұл бекет.

Саулығың сары нұрдан,

Сарғайған сана Раббымыздан.

Ата-анамыз жаннатында,

Сары жұрт санамен бағы болған.

Сананың ашып бұл есігін,

Қорғайтын жеті өрісін.

Сауыт киген ар атты,

Құлшылықпен алар жемісін.

Сегіз сері жыныңды,

Тазартып өріс бойыңды.

Үш қышқылдың теңдігі,

Арттырар таза ойыңды.

Қожалық жанда өсірер,

Жеті жан түгел жетілер.

Қан суыңда болса тазалық,

Иманыңды Құдай келтірер!

Текпен өсір ғылымды,

Тазартып жан тәніңді.

Адам – ғылым дәнегі,

Сана боп баста берілді.

Ғылымсыз хайуан аталмақ,

Дүние қызық, мал жимақ.

Жоғалса қырық жапырақ,

Қасіретің қазақ қашқан бақ!

(Қыркүйек 2018 жыл)

*****  *****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *