«Сөз айттым «Әзірет Әлі» «айдаһарсыз», Мұнда жоқ «алтын иек, сары ала қыз». Кәрілікті жамандап өлім тілеп, Болсын деген жерім жоқ жігіт арсыз…Арсыз, малсыз, ақылсыз, шаруасыз, Елірмелі маскүнем байқалған ғой. Бес-алты мисыз бәңгі күлсе мәз боп, Қинамай қызыл тілді, кел, тіл ал, қой!..» «Махаббат- өмір көркі рас, Өлген соң, ол да үндемес. Махаббатсыз дүние бос-Хайуанға оны қосыңдар. Қызықтан өзге қалсаң бос, Қатының балаң досың бар. Жүрегі жұмсақ білген құл Шын дос таппай тыншымас. Пайда, мақтан-бәрі тұл, Доссыз ауыз тұшымас.»
Абай атамыз сөз сырын, өмір мәнін, ақирет заңын меңгерумен нәпсіңді тізгіндеп, ақылдың кемелдігімен жын, мал, шайтанды жеңіп, сабырлықпен, тақуалықпен дұрыс қартая білуді ескертеді. Және махаббатпен дос табу керек екені оның да екі түрі болып, балаң, қатының дүние досың болып, ал аузыңа сөз салып, сөзіңнің дәмін келтіретін нағыз досты тек жүректің жұмсақтығымен, Аллаға нағыз құл болу арқылы ғана табасың деп ескертеді. Бұндай ақиретпен кездесу арқылы өзіңе пір, айнымас дос табуды дініміздің жол-жобасы ғұмыр салтымыз болып қалыптастырған Ясауи бабамыздың ілімі болып, ата жолының негізгі мектебі болып саналады. Әулие-әмби болған аталарымыздың ұстанған дінінің негізгі шарты – Алланың өзі деп тылсым құпия күштері, құдірет қолы екенін, хикметін көріп, сезінумен және олардың пайдалы, зиянды шектерімен адамның дүние тіршілік қажетіне пайдаланып жарата білу тәсілдерін меңгеруді ата жолының тәрбиесінің басты негізі болып саналады. Сондықтан да қазақта түрлі ырымдар, салттық, әдет-ғұрыптық жол-жоралғылар өзге халықтардан әлде қайда көп және нәтижесі де болғаны сөзсіз. Қазақ халқы кеңестік замандарда және одан да әрі түрлі тарихи оқиғалар өтпелі кезеңдерінде де діннің негізгі тамыры әдет-ғұрып, салт-дәстүрін сақтай білген әулие-әмбилер үлгісінен тағлым алып, қиын-қыстау сынақ кедергілерден аман-есен өте біліп, осындай арттарында мол байлықтың жер, су, отан т.б. құндылықтардың сақталуына да себеп болды.
Бұндай құндылықтар тек дін арқылы ғана мұра болып сақталып, ал рухани қазынасынан айырылған елдер баяғыда жер беттерінен жоғалғанын ескерсек, қазақ халқы кеңес үкіметінде дінсіз болды деген жалған ұғым болып, дінсіз болды дегеніміз жансыз хайуан сияқты пенделік шеріктерге айналып тіршілік етті деп түсіндіргенмен бірдей. Бұндай ұғымның пайда болуына рух пен жанның қарапайым білімін де түсінбейтін арап дін бөлшектеушілерінің ойлап тапқан қитұрқы залымдығы деп түсінгеніміз абзал. Діннің рухын тазартуға негізделген жалбарыну шарттарының бірі болған намаз оқу амалдарын жалпы көпшілік ұмытқанымен, сол кеңес үкіметінің кезінде ақсақалдарымыз, қарттарымыз өз қалдерінше негізінен рухани құндылықтарымыздың тіршілік бойынша намаздарын орындау қағидаларын мүлтіксіз сақтап ұстанумен бірге ұрпақтарына өсиет қалдырғаны да хақ. Сондықтан жаратушымыздың ескертуі бойынша, егер кәпірлердің арасында бір мүмін адамы болса ол елді азапқа салушы емес.
Енді құлшылық деген ұғымға тек намаз оқып, ораза ұстап, қажылыққа бару сияқты араптар еліне тән сиыну амалдары ғана кірмейді, оған қоса тіршілік бойынша намаздарды орындау, ғылым-білімді меңгеру, халық денсаулығын сақтау, шипагерлік білімді жетілдіру, өнер, әдебиет шығармашылықтарын, сөз, тіл өнерін дамытумен бірге шаруашылық, кәсіптік намаздарды да орындаумен бірге түрлі дүние тіршілігіндегі өмір базарындағы мұсылмандық адамгершілік қарыздар, жақсылық жағындағы барлық әрекеттер де діннің негізігі ірге тасы болып саналады да, ал оның қабырғасы әдет-ғұрыптық сиыну амалдары да намаз орындау болып есептеледі. Енді қазақтың ата жолындағы ғұмырлық намаз орындау ерекшеліктерінің тарихи негізін Раббымыздың куәлігін білгіңіз келсе, онда құранда Ғиса пайғамбарымызға түскен аятта: «Рас мен Алланың құлымын. Маған кітап беріп, пайғамбар қылды» деді. (30) Сондай-ақ мені қайда болсам да құтты етті де, тіршілігім бойынша намазды, зекетті орындауға бұйырды» (19-31).
Адам баласына берілетін, бақ болып қонатын «Құт-аб» қасиетінің, яғни қызырлық қабілетті меңгеруші Ғиса пайғамбарымызға онымен бірге тіршілік бойынша намаздарды, яғни мұсылмандық қарыздарды орындаулардың пайғамбарлық міндетті жаңа ілім әдістерін, ескерту нұсқауларын түсіргенін және де бұрыннан пайғамбарларға түсірілген нұсқаулардың жалғастырушы болған елшілік істердің де міндеттелгенін ашық аятпен көрсетіп тұр. Олай болса жоба көрсету 18 мың ғаламнан белгі алумен діл білімнің негізі болған 19 және 91 сандар «Мариям» сүресі хабар алумен байланысты болмақ. Сондықтан Ғиса пайғамбарымыз бен інжіл аяттары арқылы негізінен әлемдерге барлық үмметтерге жобасын көрсетуші, пайғамбарлық қасиетті меңгеріп сөз ғылымын жетілдіруші және Алла тарапынан түсірілген жаңадан аяттар мен нұсқауларды, ақирет құпия сырларын оқушы, сөз ұғымдарын және философиялық ғылымын жетілдіруші болып саналады да аятта: «Бесікте және ер жеткенде адамдарға сөйлейді. Әрі игілерден болады. (3-46) Мұхаммед пайхамбарымыздың: «Мүміндердің игі түсі пайғамбарлықтың 46-дан бірі.» деген астарлы өсиеті осы рухани пайғамбарлық қасиетті меңгеруді жолға шығуға жоба алуды ескерткен. Ал енді пайғамбарлық ескертуші болып саналып, енді оған қоса белгілі бір елшілік істерді меңгеру пайғамбарлардың бір-бірінен дәрежелерінің артық, кемдігін көрсетеді. Сондықтан аятта Ғиса пайғамбарға берілген елшілік қасиеттерді аятта: «Алла (Т) оған кітапты, хикметті және Тәурат, Інжілді үйретеді.» (47). Бұл аятпен елшілік және пайғамбарлық қасиеттерді меңгеру «Ахмет» деген тазартушы, шапағатшы сипат әуелі Ғиса пайғамбарға беріліп, артынан оның екінші жұбын жалғастырушысы және пайғамбарлық қасиеттердің бәрінің басын біріктірген Мұхаммед пайғамбарымыздың 47-ші сүремен Құранда белгіленуі және «әрбір нәрсені жұбымен және парымен жараттым» деген жаратушымыздың ескертуін растап тұрғаны сөзсіз. Сондықтан масіх Ахмет екеу болып, Ғиса пайғамбарымыз бастың, көктік рухани қуаттардың тазартушысы, ал Мұхаммед пайғамбарымыз жанға байланысты жер ана рухымен жалғануға негізделген аяқтың, істердің, мінездің тазартушысы болып саналады. Ал енді Ғиса пайғамбарымыздың елшілік істері мен тіршілік бойынша намаз орындауының құлшылық, намаз сипаттарын және иманның толық қуатын меңгеруді аятта: «Сондай-ақ оны Израил ұрпақтарына елші (Мұса пайғамбарға берілген нұсқауларды да жалғастырушы, сондықтан да елші) қылады: «Шын мәнінде сендерге Раббыларыңнан мұғжизамен келдім. Сендерге құстың мүсіні сияқты жасап, оны үрлеймін. Сонда Алланың бұйрығынша құс болады. Және Алланың бұйрығынша анадан тума соқырды, алапесті жазып, өлікті тірілтемін әрі үйлеріңде не жеп нені қойғандарыңнан хабар беремін. Расында бұл жағдайда сендер үшін әрине үлгі бар. Егер иман келтірген болсаңдар». (3-49).
Бұл аятпен Ғиса пайғамбарымыздың келтірген, көрсеткен хикметтері бұрынғы замандарда пайғамбарларға берілген мұғжизалар, кітаптар болып, ал пайғамбарлық қасиеттерді қайталап жалғастыру елшілік істерге жатып, қазақ жеріндегі күні кешеге дейін әулие бабаларымыз, бақсыларымыздың көрсеткен және емшілік істері осы иманның жоғарғы дәрежесі және дін ісі болып бекіген; көркем үлгісі екенін Раббымыз ашық ескертеді.
Ал өлікті тірілтіп, жан үйлеріңдегі күнәлық болмыстан хабар беру де тылсымнан аруақтар арқылы келетін бата мен көріпкелдік, емшілік істермен және осы қасиеттерді меңгеруге кітап-аруақтарға жалғана білуді қазақ дәстүріндегі «Аруақтың басын көтеру» ғұрыптық дін салтымыз, сопылықтың алғашқы сатысын тарихат деп аталатын өліктермен байланыс арқылы атқарылатын амалдардың Інжіл аяттары намаз орындау істерімен байланысты болмақ.
Енді тарихаттық сопылық топтардың намаз оқумен сақал қойып, сыртын түзеп құранды, дұға тілектерді тек арап тілінде жаттаумен және осындай сиапаттағы тек тілмен айтылатын зікір амалдарымен өздерін-өздері таихаттамыз деп тарихтан, ата-бабаларынан хат-хабармен аманаттар алып, тарихтағы бос кеңістіктер мен жоғалған ұмытылған тарихи, діни құндылықтардың шындығын сұрыптап құранды, кітаптарды қорғамайтын қандай сопылық? Мысалға, Ясауи бабамыздың көрсеткен, көрген хикметтерін білімге, ғылымға айналдыруды былай қойғанда, берідегі Пір Бекет атамыздың хикметті істерінің білім-ғылымын түсіндірген, қайталап көрсетіп ілім жолын қалыптастырған бірде-бір сопылық топтың бар екенін әзірге өз басым кездестірген жоқпын. Сол сияқты Нахшпанди тарихаты қазақтың дін ұстанымынан ең жақын топ болғанымен, Нахшпанди әулиенің істерін қайталаған, емшілік бақсылық тәсілдірін шәкірт болып жетілдірген, меңгерген топтың ұстаздары бар ма? Болған жағдайда нұрландыратын, яғни сол тәсілдермен, бағытпен мыңдаған шәкірттерді, әулиелерді шығаруға болатын кітабы қайда? Ал құран арқылы енді Тәурат аяттары мен Мұса пайғамбарға берілген нұсқаулар, кітаптарды меңгерумен сопылықтың мағрипат саласын меңгеріп және ақиқатын көруге, меңгеруге құран арқылы Зәбурмен Дәуіт, Сүлеймен пайғамбарларымызға берілген хикмет, мұғжизаларға, кітаптарға жалғанумен ғана және бүкіл жаратылыс жоғарғы жан әлемімен байланысты екенін де білгеніңіз абзал. Олай болса, халыққа діннің кереметін, ақиқатқа көз жеткізетін хикметтермен ғылымды меңгерудің, құпия аят сырларын көрсететін және кітаптар алып хазіреттік Ахметтік мұғжизаға қожалыққа Мұхаммед пайғамбарымыздың шапағатына жер есіктері арқылы аяқты ағартып, жалғанып белгі алмаған қандай сопылық, ғалымдық?
Жолға шығу үшін аяқ таза болып мөр түсумен ғана мағрипаттық жолды (тәурат нұсқауларын) меңгерумен және ақиқатқа да жетіп хикметтер алып, түрлі кереметтер көрсеткен елшілік істерді, пайғамбарлық қасиеттерді меңгерген әулиелер болғанын «Ұлылардан ұлағат» атты 1-кітаптың тарауында Мұхаммед пайғамбарымызға Укаша сахабаның бастауымен қыпшақтардан құралған әскерлерді бастап барып мүшіріктермен болған алғашқы дін соғысында-ақ «Ізбөрі-Бестаңба» атты қазақтың шежіре кітабының көшірмесін апарып көрсеткенде: «Біз туылған мезгілден бұрын Ата жұрт Қазығұрттан көрегендер келіп, ғұмырдың (ғұрып), ілімнің ізінің нұрын бізден бұрын біліпті. Сондықтанда, ілім Тектінің ұрпағына бізден бұрын «ізін» түсіріпті!» — деп толғаныпты. Оған себеп, жаратушымыздың Құранда берген мына аяты да дәлел болмақ: «Ол қауымды (Тектілерді) іздеуде селқостанбаңдар. Егер сендер күйзелген болсаңдар, расында олар да сендер күйзелгендей күйзелуде (кәпірлермен үнемі соғыста). Негізінен сендер Алладан олардың үміт етпеген (тура жол, сыбаға, сопылық жол) үміт етесіңдер. (Босқа әуреленбей, солардан үйреніңдер!) Алла тағала толық білуші, хикмет иесі.» (Ниса-104) (14;5).
Осындай құран философиясына терең үңіліп, зерттей білген қарапайым қазақ баласына қазақтың Адам атадан бері жалғасты келе жатқан ата жолы, әдет-ғұрпы болып дін намазына айналған және осыған байланысты Құранда ашық аяттармен берілген өліктерді қалай тірілтіп және қандай жағдайда, дәрежеде сөйлеп хабар келетінін, астарлы ғылымын да көрсеткен жүздеген аяттарды кездестіруге болады. Өліктердің тірілуі түрлі жағдайдағы тәндік, рухани денелік, жандық болып 3 түрлі сипатта болатынын да ескертеді. Бұл ата жолының басты қағидасы болып, осындай иманның шариғаттан жоғары тарихаттың сатысына жататын дәрежелерін меңгеру үшін хаж намаздарын, негізінен масхаб дін ғалымдарының 5-ші парызға айналдыруымен, оны тек «Қажылық»-деп тек «умра»-кіші қажылық арқылы арап елдеріне ғана зияраттау әрекетінен тура жолдың қисығына түсіп алған.
Біздің масхабтық біліміміз бойынша хаж сүресінің Алла жолында күресуге арналған Ыбырайым жолының иман келтіру қағидаларының тек бір-екі аятын ғана алуымен қалған 74 аятын мүлде санаттан шығарып білімін де теріске шығарады. Ал Ыбырайым жолының негізі де кіндік қаны тамған жер-дінімен, жер ана рухымен байланысу арқылы әуелі «Хаж» амалдарын меңгеру және тіршілік бойынша намаздарды, аманаттарды орындау арқылы Алла жолында мал (рух)- (дін ділі) жаныңмен соғысып, артық хайыр жасап тазару арқылы ғана намаз оқып тақуалықты, әулиелікті, елшілікті меңгеру арқылы ғана Қажылықпен бекітіп отыру керек. Сондықтан да Қажылықтың парыз болмай тек Раббымыздың ескертуімен, Ыбырайым пайғамбарымыздың шақыруымен және тек намаздарды, рүкуғ (тізерлеп отырып құлшылық жасау) амалдарын толық орындаған жағдайда ғана әрбір пенденің пайғамбар жасына жетіп барып орындайтын амал екенін Мұхаммед пайғамбарымыз да ашық көрсетіп, үлгі қылып кеткен.
Енді біз негізінен пайғамбарымыздан емес, керісінше сол уақытта өздеріне жеңілдік берілген сахабалардың өсиетінен үлгі алып, сондықтан да қажылықты парыз деп мына аятқа ашық қарсы шығамыз: «Әй мүміндер! Егер айқындалса (ғылымы берілсе) сендерге жаман болатын нәрсені сұрамаңдар. Құран түсірілгенде оны сұрасаңдар білдіретін еді, Алла оны кешті. Алла аса жарылқаушы, өте жұмсақ.» (5-101) (106) деген ескертумен қажылықты парыз қылудан, мұсылман түгіл мүміндерді де босатып және әрбіріңе заманға қарай аяттардың өзгеруімен байланысты «Жол-жоба түсіремін» деп ескерткен.
Ал енді ойдан шығарған мұсылмандық 5 парызбен төрт құбылаң түгелденіп, жан, рух сүннеттеледі, жаннаттық тақуалыққа жетуге болады, сонымен ағарасыңдар деген исламның бұл ұстанымы негізсіз және Құран философиясына да қайшы. Оған себеп, барлық нәрсе түр түстен белгіленіп, меңгеретін негізгі қуаттардың өзі 8-бен көрсетіліп, Раббымыздың ғаршысын (қуатын) да 8 періште үстіне көтеретін болса және адамзатқа берілген көктік несібе жолдың саны 7-еумен белгіленіп, ал күнәдан ақталу 9-бен көрсетіліп, сол сияқты жалбарынудың негізгі белгісі, құранның анасы деп аталатын Фатиха да 7 аятпен беріліп, енді ағару үшін 7 түрдің ішіндегі ақты көбейтумен ғана нәтижеленсе, сол сияқты 5-ші парызға саналатын қағба текшенің де жақтары 6-мен беріліп, қырлар саны да 12-мен көрсетілсе және «…Сақ болыңдар, билік Оған тән. Әрі Ол есепшілердің ең жүйрігі.» (6-62) деген аяттың өзінің екілік жүйедегі қимасы тек жұп сандардан (8;68;14;) құралып, «бес кісінің алтыншысы Алла..» (58-7) Және жан сырының негізгі хақтық кітабы Аруақ та 7 санынан тұрып, пайғамбарымыз: «Мен негізінен 7 сүйекпен сәжде жасауға бұйырылдым» деп жеті түрлі сәжделік жалбарыну намаз орындауларының керектігін ишарамен астарлы түрде өсиет етсе, сонда 5-пен толатын, теңелетін қандай құлшылық, қандай иман ағашы? Иманның да екі түрлі жолы болып 60 және 70 бұтақтан тұратынын пайғамбарымыз ескертіп кетсе? Және оның 60 бұтақты шарттарын ғана арап еліне көрсетумен шариғаты қалыптасып, ал 70 бұтақты иман дәрежесінің шариғаты да, масхабы да жетілген болу керек екенін және 60 санының рухани негізде жетілу болып; 70 санды иманның жандық негізде толық аруақтың қалыптасумен болып, ал екеуін біріктіру үшін сопылық жолдардың тақуалық шарттарын қосу міндетті болмақ. Ал егер бұл толық иманның 130 дәрежесін тек бес парызбен орындауға болады десек, онда адам баласында бес саусақпен жаратқан қолдың да оң, солы болып, Алла тағалада адамзатқа түсіретін, меңгеруге тиіс тек бес қуат қана бар деген болып, бестің жұбы, пары оң солы болмайды деген болып саналмай ма? Және пайғамбарымыз да тура жолдың намаз оқуының өзін ғана 5-ке түнгі нәпілдерді қосып 7-ге, күндізгі нәпіл намаз оқуларымен 8-ге толтырып кеткен емес пе? Сондықтан мұсылманның бес парызы дегеннің өзі Алла тағала көрсеткен біліміне, аяттарына жала жауып, ортақ қосудың үлкені болып шықпай ма? Осы жағдайдан барып «Бес парыз намаз оқу» деген сөзбен көптеген діни топтар «Парыз» дегенге пайғамбар сүннеттері де, мұсқаф, уәжіптер кірмейді деген тәпсірмен намаз оқудың тек парызын оқып, сүннетіне келгенде мешіттерде тұрып шығып кетіп, пайғамбарға ашық қарсы келумен де өздерінше топтарға бөлініп, ислам дінінің бөлшектенуіне себеп болған. Енді біздің қазақ елінде әлі жүздеген мешіттерде масхабшылар арасында да намаздардан кейін «рүкуғ» намазын орындаудан, яғни ата-баба рухына құран бағыштап, Аллаға зікір айту, еске алудан бас тартады. Әзірше оқырман Құранның Халифа Алтай атамыздың аудармасын зерттеп, философиялық түсінігіңізді тексеріп көріңіз де «Мұсылманның бес парызы» деген қателіктің қайдан пайда болғанын, неге бұндай адасуды масхаб дін ғалымдары ескермейтінін іздеп көріңіз.
Алдағы 7-ші кітапта бұдан да зор хазірет, шейх, теолог, психолог және дін ғалымдарының Құранды қалай теріске алып, бүкіл ислам елдерін адастырғанын, жындардың жан ғылымын да түсінбей мазақтаумен өздерінің де жүректері мөрленгенін ашып көрсетеміз. Осындай құпия аяттарды толық зерттеген Абай атамыз қажылыққа дейін орындайтын сан алуан жүктелумен орындайтын аманатталған қарыздардың бар екенін ескертіп: «Ақыл бітпес дәулетке, Дәулет бітпес келбетке. Болымсыз қулық тойымсыз Болады балаң жергөкте. Ішімен жау боп, сыртымен Кім тояр қылған құрметке? Кеңшілікте туған жоқ Шықсын деген жел бетке. Тарлықта қанша тайпалса, Қадірі болмас, әлбетте… Қызық пенен тыныштыққа қазақ тұрмас тұрықтап.. Түзу бол деген кісіге Түзу келмес ырықтап..Кейбірі пірге қол берген, Іші залым, сырты абыз. Кейбірі қажыға барып жүр, Болмаса да қаж парыз. Мұсылмандық ол ойлап, Өтеген қашан ол қарыз?..» деген насихатпен және 91-ші санмен 19;91 «Мариям», «Шәміс» сүрелерімен «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні» әуелі іштегіңмен (Ар; Ман; Уақ қуаттарымен) дос болып, қолыңды, аруағыңды кез келген пірге тапсырмай жаратушы иеңе қайтарып барып, 91-сүремен тақуалықты, 19-сүремен ішіңдегі тіл үйлерін (шайтанды) тазартып, көкке жібіңді, яғни тілегіңді жалғау үшін қолың қысқа сараң болмай және сөз өнері абыздықты меңгеру, сөз астарын түсініп, философиялық дарындылығың жетілмей, адамгершілік толық мұсымандық иманды меңгермей қандай қажылық? деп ескертеді. Енді масхаб ғалымдарының ең бір қателігі жеке аяттардың соңына түсумен сүрелердің негізгі философиялық мәнін ескермейді. Сондықтан да 5-ші сүре осы бесінші парыз мұсылмандық қарыздарды өтеу шарттары, нұсқаулары болып саналады. Ал тәубені меңгеру үшін тағы 3 парызды да меңгеру керек және тәубе сүресін де 3-дәрежесін 29 аяттық белгісін меңгермей қалай қажылыққа ұялмай баруға болады? Ал қажылыққа байланысты «Хаж» сүресіндегі 28;29 сандарымен айқын белгіленгенінің өзі «Жын» сүресіне қатысты үлкен ғылымдық белгі. Бесінші сүренің насихаты қазіргі таңдағы ата жолының негізгі шарттары және 6-сүре осы жаңадан түскен аяттарды елшілік істерді меңгеру, өліктермен тілдесу, хикметтерді түсініп Алла жолында соғысу қағидасы болып саналады. Сондықтан бұл жағдайды аталарымыздың қалдырған нақылы «Бесті бересің, алтыны аласың» деген жан ғылымының басты қағида шарты болып саналады.
Енді қарапайым сөз ұғымының ғылымына жүгінсек «Парыз» сөз бір рет қана орындалатын намаз амалына қолданылмайды. Егер парыз болса, онда белгілі уақыттарда, мезгілдерде немесе жағдайларда үнемі көрге кіргенше міндетті түрде қайталанып отыратын намаздарды ескертеді. «Ата-Анаға қарайласуды парыз қылдық» деген аятты «Қажылық парыз» деген ұғыммен өлшесек, онда өміріңде бір рет қана ата-анаңа жақсылық жасап немесе бір рет қана зекет төлеп т.б. осындай істерді ата-анамызға бір рет қана жәрдем берсек жаннаттық болып немесе сопы, хазірет аталуға жеткілікті болып табылады. Құран адам баласының ойдан шығарған сөзі емес және осындай қате пікірлерден әрбір аяттың, сөздің қуаты міндетті түрде сақталу үшін орындалу шарттарын, орнын арнаулы сүрелермен бекіткен және қандай қағидалармен бірге орындалу керек екенін білдіру үшін 3-, 5-, 2-ші сүрелер ішінде сандық қуаттық мәндері көрсетіп дәрежелерін де белгілеп қойған. Ал құранды зерттеушілердің білмейтін бір қателіктері «Хатте» құпия жан ғылымының сүрелер мен аяттар арасындағы тізбек немесе диван құру тәсілі болып табылады. Сондықтан осындай құпия сызықтың білімге негізделген 3-сүредегі 97-ші аятпен адам баласының кісілік қажылығы, яғни түсінде аян, уахи арқылы «Насырлық» маңдайдағы жан періштесін көкпен жалғау арқылы жасалатын қажылық болса, ал 5-ші сүре рухыңды тазарту барысындағы хаж (қажылық емес) болса 22-сүреде Хаж арқылы 29 сандық қуатты толтыру және пайғамбар намазы болған 92-санды кітаптың білімі, өсиеттер негізінде орындалатын толық қажылықтың сипатын көрсетеді.
Ендігі жоғарыдағы дінтанушы Бейбіт мырзаның және бүткіл арапшыл, масхабшыл діншілердің әулие бастарынан кәпір жын кіреді, «шерік қосылады» деген пікірдің өзі қайдан және ислам дінінің түсуімен бірге пайда болған ұғымның арап халқының арасында сол кезде ақ: «Күн ыстықта ондай олжа алмайтын, нәпсіңмен соғысуға бармаймыз және ол жерде бұзық ел болған, сондықтан рухтарымен жүктелеміз» деген пікірі сонау Мұса пайғамбарымыздан бері жалғасты келе жатқан ұғым болып және ондай пенделердің аруағы ақирет өмірінде 40 жылға дейін тазара алмай қаңғуда жүретінін ашық ескерткен Раббымыз. Бұндай ұғым «Жүректердің быт-шыт болуы» және «кәпір жын» деп мазақтаған нәрселеріңді жүректеріңе кіргіземін деген ескертумен арап елінің жаппай осындай жындылыққа ұшырау себебінен және «Ар»-білімі жетілмегендіктен «Ман» қуаттарының әлсіреп, Арына Мандары қосылмай немесе жандарына сәйкес келмей, тек намаз оқумен рухтарын тазартқанмен, көк есігі ашылмай дұғалары армандарына көтеріліп жетпегендіктен, отандарының отқа оранып жатқанын көрсетеді.
Әулие бабаларымыздың арманы жаратушымызға жетіп, біздей ұрпақтарының «Ар»-білімін меңгеруге үкім түсіп Құранда көместің кілтін сүйген құлына Алла Тағала береді деген аяттың үкімінің орындалуымен Ата жолының жетекшісі Ақ ұлға елшілік ісінің қандай және кім арқылы берілгенінің құпия сырын өзінің өлең-жыр кітабында өзі баяндап көрсетіп кетіпті. Ал бұндай әлемнің қолы жетпей жүрген адамзаттың асыл арманы «Ар» білімін нұсқауларының әулиелер аруақтары арқылы кез келген пендесіне қыдыр болып келіп, әулие-әмбилер арқылы бата болып шашылуын, қазақ еліне ашықтай берілген мұғжизаның Ата жолының заманға сай ашық білінген жол-жобасын ғалымдар, діншілер тарапынан мойындалмай ел басшыларының ашық Құдайға жала қойған шешімдерімен елімізіге екі жүзділікке түсетін жылына екі рет берілетін үлкен ескерту табиғи жаратылыстық сынақтардың, от, су, жер апаттары мен бүлікшілік, рухани сынақтарының дін содырлығының, көптеген жекелей ел тұрғындарына келген азап, ескертулерге және ата жол салт дәстүрлі дінімізді тура жолдың ақ бастауын халыққа қорқынышты етіп көрсетуіне себепші болған барлық іс басында тұрған ел, сөз басшыларына көп ұзамай жүктеліп, төбесінен, табанынан азаптар келіп, кейбіреулерінің жан ашитынын, жақыны мен ұрпақтарын құрбандыққа алынумен немесе бұл өмірмен қош айтыса бастайтын қиямет мезгілінің үкімдерінің орындала бастауы да таяп қалды. Сондықтан 6-шы кітаптың аруақ заңдылығынан аздаған мағлұмат беріп, қолымыздан келгенше білімді топтың арасына таратуға әрекет жасап, осы басылымды оқыған әрбір ұлт жанашырымын деген ел азаматтары біреу де болса өз туысқандарын, дін қандастарын, имамдарды, молдалық құрған жастарды осындай құлаған қараңғы құдықтарынан шығуға жәрдем берсе деген пиғылмен қысқаша ғана сипаттап, алдағы уақытта бұл басылымдардан да күрделі түрде де, ислам ғалымдары түгіл христиан елдерінің де өздерінің төл кітаптарын оқи алмай зұлымдыққа түсіп, оның негізгі білімін жетілдірген ислам дінінің негізгі жол-жобасын бекіткен Ясауи сияқты қазақтың әулие ғұламасы болғанын да дәлелдейтініміз хақ деп біліңіз.
Енді осындай бекітілген тұтас дініміздің неге және қалай бөлшектенгені туралы аз ғана мысалдармен дәлелдер келтірсек; Жалпы дін дегеніміз жаратылыстың өркендеуі мен адамдардың бұл жағдайдағы алатын орны және пайда, зиян әрекеттердің сырын меңгеріп, рухани дарындылықтарды жетілдіру арқылы сана қуатын меңгеріп, Алла көрсеткен, білдірген барлық хикметті қозғалыстар мен жаратылыс себептерінің ғылымын, құпия сырып ашып, халықтың жапай тұтынатын шаруашылық біліміне, тұрмыстық ұстазының нұсқауларына айналдыру болып насихатталады. Сондықтан дін қарапайым түсінікпен заман өзгерістеріне қарай жетілдіріп отыратын нұсқаулар мен ақылдардың рухани бұлағы және барлық білім-ілімдердің маңызын, пайда-зиянын заманына қарай түсіндіріп отыратын философиялық сөз түсінігі болып саналады.
Енді «материалистер» немесе «атеизм» сияқты көзқарастағы ағымдар да өзінше де жаратылыс философиялық сөз түсініктері, сөз атаулардың ұғымы діні болып саналды. Егер бұл ағымдағы пендеден жаратылысты кім жаратты деп сұрасаңыз, әрине білімді, ақылдылары: «Табиғат» деп және өзінің «атеист» екеніне дәлелдер береді. Сондықтан олар да адам баласы немесе менің пәленше деген бабаларым жаратты демей «Табиғат» деген жоғарғы ақылды құдайдың бар екенін мойындайды, тек сол «Табиғатқа» ақылды кім берді, кімнен алды деп ары қарай ақыл, білімнің аясын кеңітіп ойлана білсе, таза ақылдың жаратушысы ғана барлығының иесі, тәңірі, құдайы екенін шамалауға әзір жаратылыс философиялық терең білімдері жетпей жатқаны даусыз. Демек олардың тәңірлері, қуат егесі «табиғат» болып, сондықтан бұл заңдылықтың шарттарын сақтап жетілдіруге білімін меңгеріп, зияндарынан сақтанатын намаздарын орындауға «Табиғатты» қорғауға, адамгершілік ізгі ниетті қалыптастыруға, білім жолымен ат салысып жатқаны да сөзсіз.
Сол сияқты шығыс халықтарының «зороастризм» дінін ұстанушылар да осы табиғи күштердің көместік сырларына табынумен, оны басқарушы «атман» жоғарғы ақыл, білім егесі деп түсіндіреді. Осы пайымдауларымен-ақ біздің исламдық қазіргі ғалымдармен салыстырғанда жан ғылымын әлде қайда жоғары түсінетіндіктерін білдіреді. Енді сол «атман» дегеннің өзі Раббымыздың құзырындағы көркем есімдердің бірлігі болған, құранда «Біз» деп атайтын жаннат арқылы басқарушы Алланың құдірет қолы деп түсіндіретін дін ғалымдарының құр ой жорумен ілімнің соңына түсіп, тек намаз оқудың соңына түскендіктен басқа елдің дін ғалымдарына исламдық «фанатизм» болып, құранды зерттеуге мойындарын бұрғызбай жатқандарына, білім жөнінде сұраныс туғызбай жатқан ғылым, білімді, сауатты аталған исламдық топ мүшелері өзіміз ғана кінәлі екенімізді біле бермейміз. Ал осындай өркениетті елдердің дамып өсуі де заңдылық себебі, бұл құран үкімдерінің негізгі жерді өңдеу қағидалары, шаруашылық істерін жетілдірумен бірге соған байланысты «Ар» (Ден) заңдылығын жетілдіру, арымыздың бастауы Раббымыздың негізгі нұсқаулары болып саналады. Сондықтан ол елдерді исламдық діншілер «кәпір» атағанымен олар да жақсылық жасаумен, артында ғылым, білімді, мәдениетті ұрпақ өсірумен, адам баласының тән саулығын, білімін жетілдірумен, өзара жақсылықта жарысуда және көптеген діншіл, ілімді аталған исламдық мемлекеттерден кейбір дін саласының тіршіліктік намаздарында (табиғат қорғау, жерді өңдеу, ауаны ластамау, мүгедектер, жетімдер, әлсіздер мүддесін қоғау т.б.) оқ бойы озық тұрғанын мойындау да иманның бір шарты болып табылады. Діннің бүкіл адамзат арлылығының, ақылдылығының, білімнің, шаруашылық жетістіктері мен жаратылыс себептерінің әділ, тең өзара қатынас заңдылығын, шек пен шекараларын айқындап қалыптастыратынын адамзат философиялық түсінігінен шығарып та үлгірген шайтан жамағаттарының әрекеттері ислам дініне дейін де қалыптасқан еді.
Енді барлық діндердің жинағы болып табылатын исламдық құндылықтардың тұтастығын жойып өзара қырқысатын топтарға айналдырып бөлшектеу мақсатында адамзаттың білім-ғылымын пайдаланып «Ар», «Ман», «Уақ» қуаттарын меңгеруге арналған діннің ғылымын, сөз жетістіктерінің білімін діннен бөлек қылып және тек сиыну, жалбарыну амалдарын дін атап, оң қолымызды сол қолымызға, екі көзімізді бір-біріне, ағаны інісіне қарсы қоя білгенін көбіміз, әсіресе білімді, ілімді жер тұрғындары аңғарудан қалдық. Олай болса, аз да болса арын ойлайтын және жандылығы, «мантықтығы» түгіл, рухани дұрыс адамгершілік пайымдауы, өзара сәлемі түзу жер тұрғындарын да мұсылман емес деген пенде кәпір болып танылады.
Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-bidi-font-family:"Times New Roman"; mso-bidi-theme-font:minor-bidi; mso-fareast-language:EN-US;}