Ата жолының масхабы мен шариғаттық масһабтан ерекшелігі.

Бөлім: Ата жолың бақ жолың қадірлей білсең ағайын 1

Құран философиясы деген ұғымды басылым бетінде көп пайдаланып отырмыз. Егер құраннан берілген ашық нұсқауларды, үлгілерді жекелей қарастырсақ, онда үгіт болып, ал көптеген құпия аяттардың жол-жоба және дінді жалғастырушы, ескертуші болып өз арамыздан, ұлтымыздан немесе қасиет болып ішімізден келген және тылсымнан Алла тарапынан түрлі аяндар болып көрсетілетін, уахилар болып оқылатын аяттардың түсінігін және пайғамбар өсиеттерімен бірлігін тұтастай насихатын қарастырсақ Құран философиясы деп атағанымыз абзал.

Ал енді діннің осындай заман ағымдарына қарай көптеген бұрынғы шариғатта тыйым болып, кейіннен оның түрлі жағдай дәрежелерге, адам баласының тұрмыстық, шаруашылық әдістерінің жетіліп біртектіленумен азық өңдеу әдістеріне де байланысты және медицина ғылымының да көптеген адам баласының сауықтыру шараларының жетілуіне де байланысты бұрынғы аталарымыздың сақтанған істерінің білім арқылы меңгеруге және кейбір жағдайда бұрын құпия болған аяттардың білімінің ашылып, оған қарсы күнәлі нәрселердің де көбеюімен шариғат аяттарының үкімдерінің өзгерістерге түсуіне байланысты Құран философиялық, насихаттық түсініктері де өзгерістерге ұшырауы да хақтық іс болмақ. Сондықтан Раббымыз: «Бір аятты ауыстырсақ (тыйымнан шектеуден алып тастасақ) немесе ұмыттырсақ (күшін жойса) одан жақсысын, не сол сияқты келтіреміз (сан мәні өзгермейді). Әрине Алла тағаланың әр нәрсеге күші жетуші екенін білмедің бе?» (2-106) Алла тағаланың тәңірлік қуат күші де заман ғылымына қарай адамзат әрекеттерінен үстем болып, хикмет мұғжизаларының көрінісі де өзгеріске түсуін қатаң ескертеді. Ата жолының алғашқы жылдарда жалпы халықтық сипат алып, дін имамдары және білімді қоғам мүшелері де аруақтан бата алумен, қолдау берумен халық арасына кеңінен белгілі болғаны сөзсіз. Ата жолына ашықтай көмек жәрдем беруге құқық қорғау мекемелері тарапынан да кең және ашық түрде де көрінісін тауып, халықтың қазақ мемлекетінің аясында еркін қозғалысын қалыптастырғаны да даусыз. Бірақ араптан келген діни сауаттыларымыз масхаб біліміміздің кең түрде насихатталып, кітаптар шығып, басылым бетінде қолдау беріп және сырттан оқып келген жастарымыздың көбейіп, жалпы халықтың намаз оқуға деген ынтасының артуы бір жағынан халықтың иманға келуіне жәрдем болғанымен, екінші астыртын жағынан қазақтың дін ұстанымының бөлшектелуіне әкеліп соқтырды.

Қарапайым мысалмен айтсақ: Бұрын қазақтың арсыздық болып және намаз істерінде де міндетті болған тарихат, мағрипат амалдарымен көрсетіліп, кейіннен шариғат амалымызға, салт-дәстүрге, ғұрыпқа айналған Ясауи бабамыздың қалыптастырған сопылық танымдағы дін істеріндегі жан, рух тазалығын сақтап, тау-тас, су, жер, жаратылыс себептері, тылсым күштерін меңгеру арқылы келетін рухани күштерді меңгеру тәсілдері жетілген түркілік масхабымыздың көптеген ізгілік дін істері де «ырым» деп аталып шариғатта, яғни ескі білімде жоқ деген дін пәтуаларымен мүлде тыйым салынған қаншама аят, аяндардың халық санасынан жоғалуымен көрінісін беріп, жалпы халықтың жан ғылымынан ажырауымен бірге жастардың санасы жабылып мәңгүрттеніп, тек бір жақты рухты тазартумен ғана айналысуымен көрінісін тауып, қазіргі таңда үкімет тарапынан шексіз қолдауға жеткені де даусыз.

Енді бұрынғы ғұмырлық, сақтану шараларының, ұлттық дәстүрлі дін амалдарының орнына шет жұрттың адасуға түскен ғұрыптық теріс дін ырымдары: гүл қою, жалаңбас, жалаң аяқ намаз оқу сияқты адам баласының қанын аздыратын, европалық түгіл исламдық надандық дәуіріндегі қалыптасқан араптық салттар, әдеттер ұлттық құндылықтарымыздың орнын басып, шариғат, масхаб білімі «тура жол» болып бекіп те алды. Сол сияқты әулие аралап жер есігін іздеу, әулие аруақтарына жалғанумен тылсымнан хабар, бата алу, жоба болып көрсетілген аяндарды жорып, түрлі қарама-қарсылық күштермен Құран арқылы күресу, Алланы еске алудың, зікірдің жүздеген жетілген тәсілдері де ислам дін ғалымдарының тарапынан «шариғатта жоқ» деген пәтуамен және халықтың жетілген масхаб болып бекіген дін істерін «Қарма» заңдылығынан мүлде өшіруге жан сала арпалысқан, өз дінімен ата жолымен қарсыласқан дін жолындағы қандастарымыздың «шайтандық» соғыстары нәтижесін бергені де жалған емес.

Енді осындай азғыруға түскен дін қандастарымыздың, жастарымыздың рухани құндылықтарды ақылсыз, білімсіз, тылсымнан жетекшісіз (ақиреттік доссыз) аруақсыз іздеуімен жинаған иманы күзетшісіз қалып, керісінше теріс пиғылды күштердің ықпалына түсіп, арты содырлық, бүлікшілік әрекеттермен әлемге әйгілі болып, жуық арада ақиқат айқындалып масқара боламыз-ау, бар жинаған көрегенділік абыройымыздан жұрдай болумен бірге ұрпақтарымыздың алдында масқара болып тарихта жаман атымыз қалады деген намыс, ар қуаты да осындай арсыздықтармен бірге жоғалып, жүректерінің мөрленгенін сезер де емес. Сондықтан хазірет, теолог, философ, дін ғалымдарымыз бар да, бірақ жетілген, табанымызды бекіткен, масхабқа айналған сопылық, рухани тазалық білімі, жан ғылымының шариғаты тәубелік алғашқы жетілген ұстанымдарымызды жоғалттық.

Қарапайым ғана аруаққа құран бағыштап өліктің 7-сін, 40-ын, 100-ін беру және аруақтың басын көтеру сияқты құдай тамақпен және көрсетілген аяндарға байланысты нұсқауларды орындаудың өзі «шариғатта жоқ» деп дін имамдар тарапынан үлкен дау болғанымен, қазақтың қайтпас қара шалдарының арқасында түп негізін тарихат ұстанымдарымызды сақтаумен ғана арап елінің көктемі бізге әлі толық ене алмай жатқан жайы бар. Құраннан нақты бір ғана сүреден мысал келтірсек: «Негізінде Алла әділетті, игілікті және ағайынға қарайласуды бұйырады. Және де арсыздықтан, қарсылықтан әм зорекерліктен тыяды. Сендерге насихат(тарихаттан хабар, аяттар, ал мағрипаттан дін ғылымын, кітаптар) береді. Әрине түсінесіңдер.» (90) Қашан серттессеңдер(Алла жолына келсеңдер), Аллаға берген серттеріңді (Ата жолындағы бабалар меңгерген дін амалдарын, намаздарын) орындаңдар. Анттарыңды, (Сопылық ұстаным, жол-жобаларыңды, жетілген масхабтарыңды) Алланы өздеріңе кепіл етіп, (әулие-әмбилерге берілген мұғжиза, хикметтердің бекуімен) бекіткеннен кейін (қасиет болып ұрпақтарға да берілуі) бұзбаңдар. Күдіксіз Алла не істегендеріңді (дін ісіндегі масхабтық, ұлттық ерекшелік істеріңді) біледі. (91-19) Бір топты (өзге елге келген масхабтарын, сопылық амалдарын) басқа топтан үстем (нахшпанди, зікірші, таблиғи жамағат, ахмедия т.б.) деген сылтаумен араларыңдағы анттарыңды (әулиелер істерін, нұсқауларын, жол-жобаларыңды) бұзып, жібін мықтап иіргеннен кейін (өркендеген сопылық жетістіктерінен, хикметтерінен) тарқатқан қатын (қайта түп негізге қарай қайту) құсаған болмаңдар. Шын мәнінде Алла сендерді осымен сынайды. Сондай-ақ дүниеде қайшылыққа түскен нәрселеріңді (әдет-ғұрып, салт-дәстүр) қиямет күні сендерге ашықтайды. (Өліктерді сөйлестіріп хикметімен дұрыстайды)» (16-92).

Қазіргі қазақ еліндегі масхаб дін ғалымдарымыз бен жалпы топтардың тек мұсылманның бес парызы деген ұстанымымен «намазхан» аталып, өздерін бәрінен биік ұстап, тура жолдамыз деген пәтуаларын жаратушымыз аяқтарың, табандарың мықтап дін ісінде бекігеннен кейін қарай дін бастауларына қайтып, тек орташа (араптық үммет) болуға ұмтылғандарға азап беремін деп уәде берген және ол уәденің іске аса бастағанын қазақ елінде ашық белгілермен көрсетіп те жатыр.

Енді дінді осы тұрғыдан аталарымызға келген Алладан келген нұсқаулармен, жол-жобамен және табандарымыз бекіп, нәсілдік (уақтық) белгіміздің философ, психолог, дін ғалымдарымыздың әзірге сауаттары жетпей жатқан діл-қандық, сана қуаттылық, арлылық өлшемдерімізбен керісінше исламның қызылбастық иманымен салыстырсақ; онда жаратқанға намаз оқып жалбарынып, сыйыну амалын тура жол қылып, ал игілік, ізгілік, артық хайыр жасау, Алла жолында мал жұмсап және сүйген нәрселеріңді жұмсау арқылы жомарттық, мәрттік мінездерді қалыптастыру барысында ғана зейнет болып көктен, жер есіктерінен табан, төбе арқылы жүрекке енетін зейнет қуаттарын алуды яғни тіршілік намаздарын орындау арқылы иман келтіруді құр оймен жорып, тек тілмен ғана бекітіп, Алланың көрсетіп білдіріп қойған себептік құдіреттік, мазхабтық сипаттарын және дінін (көркем сөзін емес) керісінше нашар жаратылғандардан, жаратушысын, яғни шексіз құдіреттің, күштің тәңірі Алланы қорғаймын деп өз туысқанын намаз оқымадың деп кәпір атау немесе маған еріп иман келтірмедің деп түрлі айыптаулар және қол жұмсап, өлтіру барлық діндер тұрғысынан да кәпірлік болып саналады. Және адамгершілік қағидаларды қалыптастырып жерге, көгіміз отанға, мемлекетіңе, ата-анаңа қызмет етіп, қандық тазалығыңды діліңді сақтап, тегіңді қалыптастыру барысында күресіп тер төкпей мешіттерде қозғалмай отырып алып өзін-өзі ақтап, ағартып, ақылсыз, ғылымсыз, хикметтерсіз, дәлелдерсіз тілмен, оймен сенімін ақтап, алыстағы қол жетпейтін жердегі иманды, қалам-«И»+ «Ман»-ды оймен келтіруді мақтанға айналдыру надандықтың ең үлкені болып, құран философиясы екі жүзділік деп ашық білдіреді. Сондықтан Алла мені осылай жалбарыну арқылы құлшылық жасап немесе дінімді біріңді-бірің өлтіріп, жарып және сәжде арқылы қорғаңдар деп өзі әлсіз, нашар жаратқан пендесінен сұраған немесе аятта түсірген емес. Керісінше аятта: «Мұхаммед көрмейсің бе? Аллаға көктерде, жерде болған әркім; күн, ай, жұлдыздар, таулар, ағаш, хайуандар және адамдардың көбі сәжде қылады. Және де олардың көбіне азап тиісті болған. Алла кімді қорласа, сонда оны, ешбір құрметтеуші болмайды. Күдіксіз Алла, қалағанын істейді.» (22-32) (5) (54).

Мұсыманның бес парызы деген осы тек сәжде жасауды құлшылық деп ұғынумен пайда болғанын осы аяттың астарынан түсінуге болады. Сондықтан бұндай әрекеттерді адамдармен бірге жаратылыстағы күн, ай, тау және т.б. барлық қозғалыстағы нәрселердің өзіне тән үні және бекітілген қозғалыстық шамаларымен Алланың бұйырған қызметін атқарады, бірақ онымен азапты кетіре алмайды деп ескертуі астарлы түрде құр тілмен босқа тау құсап өзгелердің сөзін, қозғалыс, қылығын ғана қайталайтын жаңғырықтың егесі болма деп ескертеді. Сондықтан әрбір үмметке тіліне, түріне, түсіне, әдет-ғұрпына қарай жамағаттық, ағайынға қарайласу, ізгіліктер түріндегі намаздарды орындауда ұлттардың бірі-біріне жақсылық істеріне ғана еліктеумен, ел тағдырына келетін тарихи сынақтардың ерекшеліктерін сақтап, өздеріне келген пайғамбарларға түсірген нұсқаулардың түп негізін сақтау және сондай дін істерінде қарама-қарсылық жағдайында қалыптасқан ғұрыптық әдеттерін ақылсыз қайталамау үшін сәжденің де үмметтік ерекшелігін, құлшылықтың жол-жобасын, яғни сөзін түсіріп, ол сөздердің меңгеру барысында әрекеттерге, қозғалыстарға айналған хикметтерін арамыздан таңдаған құлдары өз достары арқылы көрсетіп; енді менің «Өзіме» немесе түрлі себепшіге айналып бейнеленген сендерге пайда және зиян да келтіре алатын, жарықпен, денемен белгіленген адам бейнесіндегі сендерге ақыл беретін аруақтық кітап — «Сөзіме» және де түрлі жағдайда бейнелетін себепші хикметтеріме табыну арқылы құлшылықпен пайда зиянын ажыратып, қызмет жасаумен, яғни бір-бірлеріңе адамзатқа махаббатпен қызмет жасап, өсіп-өніп, бір-бірлерің арқылы жақсылықты көбейтуге белгіленген намаздарың арқылы жарысыңдар деп бұйырған. Алланың жолы дегеніміздің өзі сөздің, атау ұғымдардың жетілуімен заманға (за-даналық, ман-ар және уақ білімі) қарай қағидасы, шарттарын, ғылымын анықтап, білім арқылы орындайтын діни жобаларын, нұсқауларын ескертеді.

Ал енді осы жағдайдың адамзат арасында бір қалыпты әділетті түрде қалыптасуы үшін тұрақты түрде орындайтын жақсы-жаман шектерін тәжірибе, сынақтар арқылы бастан өткізіп көрмей, білмей-ақ, қиналып білімін іздеп ақыл жұмсамай-ақ, тәрбиелік маңыздағы жалпы жер тұрғындарына міндетті түрде орындау керекті дін істерін және сол арқылы ғана Алла қорғайды деген уәдесі адамзатқа ортақ аманаты шариғат істері болып саналады. Сондықтан шариғат істерін және құранды толық арап тілінде жаттап алып мүлтіксіз орындау арқылы ақыл өспейді, бірақ адам баласының ар қуатының тазалығы мен адамгершіліктің ірге тасын, түп негізін қалыптастырады. Ал ақылды одан әрі жетілдіру үшін, яғни осы үйдің қабырғасын қалап, шатырын жауып, жаратушы нығметін көріп арманға жету үшін «Ман» қуаттарын, яғни бүкіл қозғалыс себепшілерінің ішкі сырын, зайырлық білімін меңгеру керек те, ол үшін адам баласынан өз жыныстық, ұлттық, т.б. қоғамдағы өз бойына біткен жаратушы сыйы қасиет, қабілет, дарындылығына, шамасына қарай жобасы яғни «Арманы» болу керек. Сондықтан арапша немесе, неміс, кәріс, қытайша, европалықтарша немесе қатын еркекше, еркек қатынша армандап тағы иман қуатын жетілдіру мүмкін емес. Осындай қайшылықтардан, біртекті ойлардан азат болу үшін де және адам баласының ішкі ой еркіндігін, арлылық-намыстық «ерік» қуатын қалыптастыру үшін де тылсым әскерлері тәңірлік қуат сан түрлі бейнедегі күштердің, сөз даулардың яғни масхаб діншілердің өздері де қорқып, халықты сонымен қорқытып ұстайтын «шеріктерді», әулие-әмбилердің киелі жерлерден, тау-тас, бұлақтардан бөлінетін нұрлармен қосып, тазалап, ерік күші «қайратқа»-«қолдауға» айналдырып, рухани сүннеттелу үшін де тұрақты берілген шариғат істерінің заман өзгерістеріне сай қосымша ашылған құпия аяттардың өз арамыздан пайда болатын немесе жеке-жеке әрбір пендесіне аян болып оқылатын аяттарға байланысты дамытып және тіршіліктік намаздарын орындау білімін жетілдіріп отыруды ата жолының, ата-бабаларымыздың Аллаға берген уәдесі, біздерге қалдырған аманаты, қазақтың ғана емес бүкіл түркі әлемінің дін «масхабы» деп атаған жөн.

Осындай жетілген, кеңейтілген шариғатымыз масхабтың ережелерін меңгеру арқылы ғана діннің келесі сатысы тарихаттық жолға жалғанумен, яғни құпия әулие-әмбилеріне, елшілеріне, пайғамбарларына оқылған нұсқаулар мен амалдарды орындаумен әрбір пендесінің қабілетіне, тән, рух, жан тазалығының шамасына қарай және тіршіліктік намаздарды жетілдіру арқылы түрлі ерекшелік, дарындылық қасиеттермен жүктеліп және ол қасиеттерді меңгеру барысындағы рухани кемелдену арқылы жоғарғы ақылға мағрипаттық періште-құлдармен, пайғамбарлармен де байланысқа түсіп, кітаптарын алып, аянмен, уақимен оқуға міндеттелеміз. Осындай әрбір тақуалыққа, яғни сопылық дәрежелерге жеткен адам баласына берілетін сый кітабын «Сұлтандығын», хазіреттігін алып, ғылым білімде жаңалықтар ашып немесе ілім жолында құпия қасиеттермен түрлі жазылмайтын аурулармен иман келтіруге себепші болу, тазартушы «Ахметтік» дәрежесіне және тылсым күштеріне бұйрық беріп, көптеген азаптар мен қайғы-қасіреттердің, яғни от апаты, су апаты, қуаңшылық т.б. басқалай сынақтарға қарсы тұрып, дұға, тілектермен, жалбарыну намаздарын орындаумен жеңілдету әдістерін меңгеру қабілеттермен өз халқына иман келтіруге жәрдем беру және үкіметтің әділ заңдарды қалыптастыруға, ел басқару ісіндегі артық, кемшілік тұстарын ескертіп көрсетіп отырумен, ғылым-білімді дамытуда, теологиялық аят сырларын ұсынумен отанға қызмет ету, діннің жоғарғы дәрежесі «Құл қожалығы» болып саналады.

Бұл тәуелділіктің заман өзгерістеріне қарай 9 белгісі, яғни тарихтың осындай 9 түрлі дәуірлік сынақтар мен өркендеу белгісін қамтып, шариғат білімінің өзі осындай өтпелі кезеңдердегі тарихи білімдермен жетілдіріліп, толықтырылып отыру шарт. Сондықтан пайғамбарымыздың өмір сүрген заманындағы масхаб білімімен қазіргі ғылым мен техниканың жетіліп, кешегі адал нәрсенің бүгінгі зиянға, керісінше тыйым салынған көптеген адамға зиян келетін нәрселерден адамзаттың білімі арқылы қорғану тәсілдері мен медицина білімінің де жетістігі де ақыл-ойдың, сөз атауларының философиялық дамуымен, психологиялық жан сырының, білімінің, ғылымның даму кеңістігі де қамтылып және сол арқылы адамзаттың дағдыларын, әрекеттерін біртекті жүйеге айналдыру білімі, мәдениетін қалыптастыру қағидалары дін бірлігі, ислам құндылығының басты шарты да қамтылуы шарт.

Енді біздердің қазіргі таңдағы өздерін оймен, тілмен «тура жолдамыз» деген дін ғұлама, теолог, психолог, ғалым-сопыларымыздың өзі «сырты абыз» яғни тақуа, сопы т.б. түрлі дәрежелермен, атақтармен марапатталғанмен, бірақ іштен келетін хабар беретін елшісі «насыр» періштесі жоқ болса, онда құр дінші деген ғана атақтың егесі ғана болып есептеледі. Ал бұрынғы замандарда сопылықтың белгілері: хазірет, шейх, ишан, ахун сияқты діни дәрежелер де белгілі кітабы, көрсеткен хикметіне қарап жаратқаннан берілген ерекше мөрлеріне қарай дәрежеленетін болған. Ал қазіргі таңдағы құранды жаттап алып немесе арап тілінен нан сұрап жейтін тіл білімін меңгергендердің ондай хикметтері түгіл құранның өзінен жүздеген қатемен пәтуалар беріп және осы алған қағаз жүзіндегі сопылық абыройларынан айырылып қалмас үшін де қарапайым халық ішінен шыққан қасиеті оянған, рухани жетілу жолына түскен жастарды, отандастарын, дін қандастарын көре алмастық салдарынан «шерік қосушы», яғни Алланың берген хикметін, нығметтерін, әскерлерін «Арам» атауы да қалыпты жағдай. Қарапайым шерік біліміне келсек; шерік судың 3/1 бөлігінен тұратын, яғни су нұрының жетімсіздігімен Адам рухына кері әсер беретін қуат көздері, жаратылыс егелері. Сондықтан оған әулие-әмбилер бастарынан шығатын жер есігі су нұрымен, жарықпен араластыру үшін жамағат болып зияраттап құран оқып, Алланы көбірек еске алған сайын жетіліп пісіп, өзің болмаса бір туысқан ағайыныңа ем-шипа, күш-қайрат болып «қолдауға» айналу сөзсіз. Тіптен қандағы шайтанның да азықтары тәнде бірқалыпты (натрий, сутегі, йод) өз дәрежесінде өсіп барып, сонан кейін тазарып жарыққа айналмауынан әлем халқы қан ауруының, қант ауруының емін таба алмай жатқан жоқ па?

Осы басылымдарда жазылған Ғиса пайғамбарымыздың астарлы өсиетінен «Бес торғайды екі теңгеге сатып алмайсыңдар ма?» деген және осы сияқты көптеген өсиет, аяттардың шешімін ата жолының құрбандық арқылы аруақтың басын көтеріп, бес торғай-шеріктерді сатып алу үшін аруаққа айналдырып яғни жетіге немесе 10-ға дәрежелуімен болатын зейнет рухани азық, жаратқанан келетін «қолдау» сипатын ескерткен. Бірақ ондай жан-малы-екі теңгесі (екі мені) жұмсайтын жомарттық ізгілік түгіл қарапайым жамағаттықты қалыптастыруға негіздеген қазақтың ғұрпын бір-біріне тасаттық беруді, Алла жолында күресушілерге садақа беруді жинаған дүние мүлкіңді шашу, Құдай атын жамылып ақшаны алдап алып жеке баюшылық «маркетинг» деген ағайындарымыздың сол шеріктердің ұйқы кезінде, ойын-сауық кезінде де азап болып төбеден, табаннан енетін, құраннан оқып білмегендіктен ата жолының зиярат құпия сырлары туралы толық жазып түсіндіру әлі де мүмкін емес. Және мұндай сөз пәтуалардың артында адам баласын қорғайтын, жазалайтын, қайда не жұмсағаныңды біліп жазып тұратын құдай емес, керісінше сендердің дүниелеріңді заңмен қорғайтын «біз тәңірміз» деген астарлы дінсіздікті уағыздайтын да пиғыл тұр. Және Алла достарының ақиреттік беделін түсіріп нашар, әлсіз, ешқандай пайда да зиян да бере алмайтындар қатарына қосумен бірге Алладан «басқа», «өзге», яғни «шайтандар тобынан» деп құранға қарсы және жаратушыға жала қоюмен де ерекшеленеді. Сонымен дін имамдарымыз бен үкімет басшылары біздерді Алланың елшісіне, яғни біз санын білмейтін бірлігіне, растығына иман келтіруден бас тартуға, дінсіздікке, «ібіліс жолына» ашық шақырады. Бұл туралы алда әлі жын, пері, шайтан, албасты, қаралық және кісі, кие деген ислам әлемі түгіл бүкіл христиан, тәуратшылардың да жоғалтып ұмытқан ұғымдардың жан ғылымын көрсету арқылы ғана мүмкін болмақ. Сондықтан осындай кереметтерді меңгерген ата-баба рухымен, пайғамбарлар, сахабалар, ғалымдар жан қуатының кітаптарымен, аруақтарымен де байланысты түрде өмірге келген әрбір адам баласына және ұлттық ерекшеліктеріне қарай жанымыздың «қармау»-ұстау (еріктілік) (карма) заңдылығы жан өнімдерімен беріліп, адам баласының білімді, ілімді меңгеру жолында қажеттілігін, сұранысын тудырып, оған жетекші болатын мемлекет басқару, ұлттық сөз ғылымы (философия) және соған байланысты атаулар ұғымы жоғалумен, заң жүйесінің жетілмеуінен әділетті заңдар шығара алмай және білімді ел басшыларымыздың дін ғылымына мән бермей, діннің 3/1 бөлшегі тек сыйыну амалдарын ғана дін-деп атап, тұтас дінді бөлшектеу әрекетінен негізгі рухани және жанның сүннеттелу намаздары жоғалды.

Құранды теріске алуынан пайда болатын діннің енді қисық қарсылық заңдылығы дамуына жәрдем беріп, түрлі діни ағымдардың қақпанына ел басқарушылары өз халқын жүгендеп беруі де қазіргі заманның, әлем, ел, дін басқарушыларының орындайтын бір бұлжымас заңдылығы болып табылады. Қазақ елінде де мұндай діни жалған көзқарастардың, ағымның пайда болуына ел басына тек ғылымның шаруашылық, мал табу әдістерін меңгеріп, ал рухани жағынан, философия, жан сыры «психологиядан» сауатсыз еліктегіш, тілдері мүкіс, ойлары орашалақ, сондықтан сөз ұғымы біржақты, тіл мен ойдың арасынан жыра-оқпан пайда болып, осындай қағаз жүзінде ғана жазылған білімдермен ғана шектеліп, «кармасы» жетілмеген жансыз, сондықтан сөздің астарлы қуатын сезбейтін ғалымдардың қызмет басына келуімен де байланысты болғаны сөзсіз. Оған енді нақты мысал; құранды қазақ тілінде көркем сөзбен насихаттап қазақ философия, психологиясын өлеңмен өрнектеп жинап берген Абай-Шәкәрімдерін түсінген, ата жолын, асыл дінін жақтап қорғайтын ең болмаса бірде-бір ғалымның, философ, ақынның шықпай, керісінше өз арамыздан шыққан «Білдімандарымыз» ғұлама әулиелерімізді бірі дінші емес, бірі сарынды ақын немесе қиялшыл, фанат дінші деген ұғымды жастар түгіл жалпы білімді халқымыздың тұрғындарының санасына сіңіріп және өздері де осындай сіңірген еңбектерімен ел басшыларының атынан қолдау көріп, жоғарғы лауазымдық дәрежелермен, шендермен атақ-даңққа бөленіп, енді осы тақтарынан айырылмас үшін рухани оянудан тыйым салатын, қандайда шайтандық әрекеттерге қол ұшын ойланбай созатын ар-намыссыз жәрдемшіге айналып та үлгірді. Оған дәлел не құрлым көп кітап жазса, өтірігі қайсы, шыны қайсы екенін ажыратудан қалып, себебі бәрін басынан аяғына дейін оқып танысып шығам дегенше не оқығаныңды ұмытып, бәрінің басын қосып философиясын, бағыттарын танып жіктеу мүмкін емес. Сондықтан амал жоқ ғұламалығын, көп білетінін, кітаптарының жазғандарының көлемімен, санымен өлшеп қана амалсыз мойындауға тура келеді. Сол еңбектерін егер құран аяттарының, сүрелерінің философиялық насихатына сәйкес санмен белгілесе ондай жазушы, діншілер түгіл азулы мақтаулы ақындардың өзі құранға, дінге, ата жолына қарсы пікірлері ой бетіне қалқып шыға келері даусыз.

Ал енді «Егемен Қазақстан» басылымына берген хазіретіміздің сұхбатында масхаб ұстанымында 10 түрлі құранның аудармасы бар екенін мақтаныпты. Яғни 10 түрлі құранның қазақша көзқарастағы пәтуасы болып, енді осындай бағытпен 30-ға жетсе және әркім өзіне ұнаған ақылының шамасы жететін аударма құран арқылы пәтуа беріп, оған төтелеп араптан көшіріп алған орта жолдың пәтуаларын қоссаңыз, бұдан артық дінді адастыру, оймен тілдің арасын бөлшектейтін зұлымдықты тек қазақ елінен табасыз. Құран түгіл Пушкинді, Толстой еңбектерін бір мезгілде 10 түрлі аудармашыға аудартып бәрін түгелдей оқыңыз, миыңызда не қалар екен?

Ал, Құран ұғымы адам ойынан пайда болған сөз емес, арап тілі мен 7 үндестіктегі тұрақты Құдай сөзі болып, заман өзгерісіне қарай белгілі 50-100 жылдықтарда үндердің даму заңдылығына қарай пайда болатын атаулар өзгерісін, сөз қуатын, ақыл, жан өрістік шамасын қамтып, сондықтан әрбір жаңадан аударылған аударма бұрынғы аудармалардың күшін жойып отыруға тиіс. Болмаса Алланың бірлігіне, бір кітапқа жүгінуге, тіл, үн, сөз ғылымына ашықтай қарсы шығып ортақ қосамыз.

Құран философиясынан жан ғылымынан қазақ дін ғалымдарының сауатсыздықтарының тағы бір көрінісі: Әрбір аудамашы тақуалық дәрежесімен, алған хикметтерімен және пайғамбарымыздың батасымен арнаулы ғылымдар сараптамасымен аяндарын, алған кітабының нақтылығын тексеру арқылы ғана атқарылатынын біздің сопылық дәрежедегі ғалым дін басшымыз білмейді, яғни Халифа Алтай атамыздан басқасының пайғамбарымыздың шапағат кітабына жалғанғаны да бекер. Оның дәлелін санмен жүйелеп оқуды меңгерсеңіз, бірін-бірі қайталайтын аяттардың ішіндегі атау сөздердің аяттың басында, ортасында, аяғында келуі мен тыныс белгілері және бас әріптермен белгіленуіне қарай ұғымдардың сандық орнына қарай мағынасы да өзгеретінін Халифа Алтай атамыздың аудармасымен мұқият салыстырып көрсеңіз де жеткілікті. Және бұндай жағдайда ақ-қарасын анықтау үшін әрбір «намазхан» пендесінің, егер шынымен «Хандық» дәрежеде сөз киесін жетік білген болса, онда Раббынан ақ-қарасын сұрап тілдесе алатын ұлықсаты бар екенін (42-51; 16-43 аяттар) ұмытпағаныңыз жөн. Сондықтан қазақтағы қарапайым қазақтың тылсымнан досы, әулие ата-анасы бар, «қармауышы» дұрыс қара домалақ баласының ата жолының ұлтымызға тән ғұрып-ғұмырына жалғанған сопылық жолмен жетілген масхабын ұстанып, дінді, құранды тылсым кітабы арқылы терең түсінгендіктен, ақирет заңдылығына мойын ұсынып жетілуге талпынған талаптарына аю қақпан құрып, аңша аулаған дін басшыларының әрекеттеріне ел, заң басшыларының ашық қолдау беруінің өзі олардың да ой мен тілдерінің арасы бөлініп оқыған, меңгерген философия білімдерінің даналықтарының жалғандығын білдіреді.

Шаруашылықты өркендетуде үлгі көрсетіп, әлемге танымал болған ел басшыларының рухани саналарының өлім сатыларынан өтіп, тіріліп өнім бермеуінен, қарапайым сөз ұғымдарына да ақылдары жетпегендіктен болашақта ұлтына, жинаған қазына дүниелеріне де қатер әкелетін, бүкіл ұлт ұлыстың рухани байлығына қарсы заңдарды қалыптастырулары да осындай жаратушы тарапынан рухани жетімсіз, біржақты, білімге ғана арқа сүйеп мардамсыған ел басшыларының іс басына келуі де болашақтағы әлем халқының алдында тұрған ақпараттың үлкен рухани өзгерістердің, қиямет мезгілінің алдында түсірілетін дін сынақтары деп біліңіз.

Абай атамыз бұндай жағдайды болжап, өздерін дәрежелеп, партия құрып, ел басқаруға, халыққа ақыл береміз деп таққа таласқандар сенен ақыл алмайды, себебі өздерін ақыл берушіміз деп «ман-ын» ой жорумен келтіріп, «И»-ді (шар-сағатын), «Уақтарын» меңгермей-ақ «Білдіманға» айналған деп ескерткен. Енді олардың берген несібесінен ризығын алған ақпарат және халыққа ақыл беруші орындарда отырғандар да кейбірі бұл саясатқа қарсы болса да амал жоқ өзі де «Білдімандар» және тілмен дәрежелеген «Имандылар» мүддесін қалыптастыруға құлшылық етуге мәжбүр болмақ. Сонда мемлекетіміз бен ислам әлеміне және жер тұрғындарының иманды саналатын топтарына келген мұндай рухани сынақтардан шығатын жол және оған «қолдау» беретін жаратқанның құдірет қолы бар ма, болса намаздары қандай сипатта болу керек деген сан алуан сұрақтарға жауап іздеп көрсек.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.