Жол мен жолдар туралы қазақша пайымдаулар.

Бөлім: Ата жолың бақ жолың қадірлей білсең ағайын 82

Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-bidi-font-family:"Times New Roman"; mso-bidi-theme-font:minor-bidi; mso-fareast-language:EN-US;}

Енді Алланың «Бір» сипатын меңгеріп ғылым берілу мен ғылымның негізі жол туралы адамзатқа ортақ қарапайым ғана мектептік білімімен түсіндіріп көрсек; Егер хазіретіміз жоғарыдағы түсіндіргеніндей масхабымыз тура жол болса және әрі жалпыға бірдей тура жол туралы білім беретін әрі мектеп болып саналатын болса және бұл мектептің ортақ білімімен барлық оқушысы тура жолда болып саналу керек. Яғни «намазхан» болу дегеніміз тура жолда болу болып есептеледі екен. Олай болса, құран философиясымен салыстырып көрейік.

Негізінен тура жол дегеніміз көктегі жеті жолмен әрбір үмметтік ерекшелік діл білімі мен іргелі білімдердің негізі болған жол-жобамен 9 санмен ғана тәубелік белгіні құрау керек. Ал хазіретіміздің тура жол білімін жіктеп көрсек: аспанда 7 түрлі қөзқарас, бағыт, мектеп болып, енді оған жер бетіндегі тағы 2 түрлі көзқарас, бағыт, мектеп пен 9 түрлі шым-шытырық діндердің таласы мен әлемде болмаған жаңалықты ислам дін ғалымдары ашып, соған байланысты әр бағыттың, көзқарастың, мектептің  басқарушы әмір иелері, өз құдайлары және дін басшылары да болу тиіс. Себебі масхаб білімінде 9 мектепті, көзқарастарды, бағыттарды қалай бірлейтін ережелерін өз басым оқыған да, көрген де емеспін. (Я! Раббым кешіре көр, осындай абайсыз амал жоқ айтылған сөздерімді!).

Енді жоғарыдағы басылымға берген хазіретіміздің сұхбатында: қалған 3 масхабты да мойындау керек екенін де ескеріпті дін басшымыз. Ондай жағдайда сөз бойынша олар да өздерінше жол болып саналу керек те, сонда осы 9 жол шарттары да олардың бес парыздық нанымына егер кіретін болса, барлығы 36 жол болып және енді міндетті түрде жұбы немесе пары болу керектігі жаратылыстың бұзылмайтын заңдылығы мен құран үкімімен расталады да, онда 72 түрлі топтың «маған ерсең жаннатқа қарай жолды көрсетемін»  деп өзінен-өзі сұранып тұрғаны да даусыз. Сондықтан әрбір топтың өз елінде жоғары дәрежелі атақтармен шейх, хазірет, дін ғалымы аталып, марапатталуы заңдылық және біз сияқты арап тілін білмейтін, құранды аудармашы ғалымдар еңбегінен оқып түсініп, өз елінің тылсым ақирет заңдылығын жол-жобасын біліп меңгеріп қоймау үшін арап тілін білмеген «діни сауатсыз» деген құран философиясына қарсы ұғымды аю қақпан қылып міндеттеп қоюмен қандай білімді, ғылымды адамды да құранға, арап тіліне ақылсыз шоқындырып, кемсітіп ұстаумен халықты арқандап қоюға да керек шара. Енді бұндай істерді үнемі қадағалап оп-оңай басқарып отыруға және шайтан жамағаттарына көмекке тұрған ел, дін басшыларының осындай зұлымдық әрекеттерін бүркемелеп жәрдем беру үшін халықтың мұңын жоқтап, қолдаушы ретінде көрсетіп және тағы да сол масхабтық жүйеге маталған шариғат істерінің мекемесі болып, халықтың маңдай терінен көлеңкеде отырып несібесін айыруға міндеттелген 200-ден астам қызметкерлері бар мекеме тек қазақ елінде және қазақтың европалық ойшылдық салтына ғана тән  болатын мақтанарлық жағдай. Сондықтан өздерінің тәңірлік сипаттарын көрсету үшін жоғарғы үкіметтің бекітуімен Қайрат Лама Шәріп атты дін ғалымымыз және ол да дін басшысы болып есептеліп: «Дініміз мемлекеттен бөлек, (біздер ата-баба аруағын мойындамайтын қайырсыз болсақ та) зайырлы елміз.. европада солай қалыптасқан..» деген ұранмен баспасөз беттерінде сендердің құлшылық қылатын Құдайларыңды мемлекеттің өздері табынатын «тәңірлері» қадағалайтынын қатаң ескерткені де рас. Демек, мемлекетіміз діннен бөлек, оларды ел басқарушыларын өлтіретін де, жазалайтын да, жарылқайтын да тәңірлері халықтың табынатын тәңірінен бөлек және қайда тұратынын өздері ғана білуі тиіс болу керек. Оған жазбалар бетінде қазақтың ұлттық рухани дүниесі түгіл әлем философиясына да қарсы шығу себептерімен дінді мүлде теріске алушылар екендіктеріне мысалдар беріп, алда әлі мүмкін еңбегін де талдап көрерміз.

Енді баспасөз және «көгілдір терезе» беттерінен осы мысалға алған дін басшыларын сынап, ел басымызға ізгі ниетпен кітап жазып, әрі Абайды зерттеуші екенімен танымал болған дін танушы, ұлт жаншыры осындай болсын деп сырттай тілектес болып жүрген Бейбіт Сапарәлі атты мырза бірде Алматы теле арнасындағы тұрақты берілетін  «Бес парызға» (мамыр 11 жұлдыз) берген сұхбатында: «Зияратқа ақша жинау «маркетинг»…Аруақтан бата беру — шерік қосу..(Яғни аруақ сөзі де, беретін, көрсететін аян, уахи, батасы да арам). Тек бес уақыт намаз оқып, өзің барып құран бағыштауға болады… Себебі кәпір жын бар, мұсылман жын бар. Кәпір жын кірсе шықпай қалуы мүмкін, сосын өзіне-өзі қол салу немесе өлер алдында қиын болады…» Бұрынғы сөздеріне қарап осындай ұлтжанды елбасының рахметін алған дін танушымен сырттай бір кездесіп сұхбат құрсам деген дін қандасымның ендігі мұндай пікірін естігенде жүрегім тоқтап қала жаздағаны хақ.

Енді «Жыласаң тағы сабаймын..» дегендей, бұндай ел тұрғындарының соңынан ерген қаншама дін танушы, имам, ғалымдарды қойғанда әлі ақылы жетілмеген еліктегіш жастарға бұндай дінсіздік, рухани соқырлық пайымдаулардан асқан зұлымдықты ойлап табу мүмкін емес. Егер халықтан ақша жинап, ел аралатып зияраттау «маркетинг-алдау» болса, онда түсінде көріп шақыратын кіндігіне жер арқылы жалғанған өз ата-анасы, әулие-әмбилерінің зияраттары түгіл өмірінде көрмеген жерлерге «Умра қажылық» жасап, бірде-бір құрбан да шалмай, тек құран оқып, саяхаттап, қызықтап қайту да «маркетингтің» өзі болып және 10 есе шығынға артық батырмай ма? Әлде ондай хаж амалдарына қызмет жасаушылар ол халық ақшасынан несібесін айырмай ауамен қоректене ме? Арап нәсілді әулиелер ғана шапағатшы болып саналып, ал қазақты олар кірген жаннатқа кіргізбейді, «шеріктерге айналып арамдар, кәпірлер» болып саналады деген аят, хадис бар ма? Әулиелер және жер есігі, жер ана рухы, көктің суы, Алланың ардақты еткен белгілері арам болса онда кімдер адал, өздері ме? Аятта: «Мұхаммед егер олардың оңғарылуына құштар болсаң да рас Алла адастырған біреуді оңғармайды. Әрі олар үшін жәрдемші жоқ. (37) Және де олар: «Алла, өлген біреуді (аруақты) тірілтпейді» (сондықтанда ата-бабаларын сөйлеп тылсымнан бата бермейді) деп, Алланың атымен ант ішті. Олай емес. Өлікті тірілту (және сендермен тілдестіру!) Алланың шын уәдесі. Бірақ адамдардың көбі (жүрегі мөрленіп, әулиеге зияраттап ашылудан бас тартқандар) білмейді.» (16-38).

 Бұндай ата жолын, ата дінімізді бөлшектеп, қазақтың басына талай қиындықтың, сынақтардың, соғыстардың, ашаршылықтардың, ауру, азаптардың келуіне себепші болып, тек арап нәсілінен тарағандар ғана қожа, яғни кітап берілгендер деген сылтаумен қазақтың басына келген талай нәубеттерден тек Құдайдан Алла достары арқылы ғана келетін хикметтермен, мұғжизалармен бақсылық істердің өркендеуімен ғана құтқарылып отырғанымызға тарих, шежіреміз куә. Сондықтан осы жағдайды Абай атамыз: «Танымассың, көрмессің, (хикметпен, кітабыңды, аяныңды) Қаптаған соң көзді шел. Имансыздық намазда — Қызылбастың салған жол.» Жасынан әулие-әмбидің шапағатына бөленіп, аруақпен келетін хикметті танымайтын, Алланың әрбір пендесіне түсіргенін көріп, жорып, Алланың жаңадан түсірген аяттарын  білмеуге тірейтін және халықты ғұрпынан, артық хайыр жасап жинаған дүниесін арамнан тазартып, жобасын алып, жолына көретін аяндарын, есіктерін ашудан, қосымша пітір садақа беруден, кедей болып қаласың деп сараңдыққа шақыру «Қызылбастық жол» болып саналған.

Аталарымыз әрбір құлшылық істерінің де жұбы, пары болатынын ескеріп, пітір садақаның жұбын осындай әулие-әмбилерге зияраттау арқылы «Әулиеге ат айтып, Қорасанға қой айтып» беріп отырған. Ал жын мәселесіне келсек, құранда «шайтан немесе ібіліс» атты сүре жоқ, себебі олар Алладан өзге қарсылық періштелердің жартысы болып табылады да, бірақ Алланың бір тәңірлік сипатынан, қуатынан да тыс, бөлек емес. Оларды да адамзатты  сынау, қажырлылығын, сенімін, білімін анықтау үшін де Алла жаратқан. Қарама-қарсылық жағдайындағы жеке біреу болып, аталарымыз: «Білікті (қажырлы, ғылымды) бірді (ібілісті) жығады, білімді мыңды (әліф) жығады» деп ескерткен.  Ал «Жын» атты сүре бар және реттік сандық мәнімен «Мұхаммед» сүресінен де жоғары тұруының өзі жындардың таза періштелік дәрежелеріне бірленумен (72-28; =100) Алланың өзі (жүзі) сипатына кіретінін көрсетеді. Себебі Құран 114 кітаптардан тұрса, Алланың өзі дегеніміздің бір сипаты кітап болып түсіндіріледі. Ал адам баласының 3/1 бөлігі жындардан тұрып, ал жаратылыста жын қуатының 8 сипаты болып Абай атамыз (72-28)  аяттың насихатын: «Алла мықты жаратқан сегіз батыр, Баяғыдан  соғысып әлі жатыр. Кезек-кезек жығысып, жатып-тұрып, Кім жығары белгісіз түбінде ақыр.» деп барлық жақсылық жамандық қозғалыс негізінен басталатын қуат көзі деп: «Сөз сатып алып не керек, тәңір сені екі сөзбен атқан», (72-6) аяттың «Ойнасшы қатын болса қар, Аңдыған ерде қала ма ар?…» «Қатынның ойнасын (жынын) Көрсең, білсең қоймассың, Не ойлар еді өз басың Сонымен тең бе біз енді.».  Жын негізі «малдан» басталып, жынның адам тән ағза қозғалысын қалыптастыру барысында денеге, сосын періге, сонан кейін ғана адам баласы періште қылып бірлей білген дін адамын «Лама-Шәріп» деп атайтынын, нәпсілік болмыстың жартысы жынға, жартысы шайтанға тиісті екенін алдағы 7-басылымда білім- ғылымын құран аяттары арқылы дәлелдейміз.

Аталарымыз бұл рухани сүннеттелу дін құпиясын, жан сырын: «Бас екеу болмай мал( жын) екеу болмайды!» деп астарлы түрде нақыл қалдырған. Сондықтан жаралыс басы қозғалыстан, қозғалысқа көмек қолқабыс, тағдырға айналатын нәсіл болып берілетін екі сөз «Жынды» өсіріп тазартып меңгеру үшін шариғат талабына сай отау құрып, некемен малыңды өсіріп, одан пайда болатын жан қуатының іс атқарушысы «қайрат- жыныңды», ағашыңды күтіп, қорғап және шайтани сезімдік ләззәт (жан құмары) «ыстық» (жыныстық) қатынас жасап, жын ағаштарының үйкелуімен от шығып, одан жалын пайда болып, жалынмен бірге жаңадан жын баласы да адам жанымен қосылып, өмірге ұрпақ әкеліп, яғни жынды да көбейтіп, шайтанмен арасын қоспай, ақылдың адамдық қалпына бағындырып өсіріп, жетілдіру және жаннатқа «Бір»-ге айналып ену адамзаттың басты сынағы болып бекітілген. Сондықтан да ақиреттегі адамның нәпсілік өнімі, бейнеленген қуаттық көздерді, яғни өзіңді немесе жалаңаш ашық тесік көшеге шығарып жіберген қызыңды, қатыныңды аңдыған ойнасшы кәпір жыныңды көрмей, әулие басына барып ешнәрсе де сезіп, біліп ала алмайтын, құдайдың Алла достарына берген, түсірген хикметін сезбейтін жүректеріңнің жабықтығынан және Алланың сүйікті құлдары-қанатты періштелерді «маркетинг-ауа сатушыға» теңеп және тағдырыңның да басты себепшісі жаралыс басы «мандық» екі сөзің, ата-анаң (әке-шеше емес) адамдық еліңнің айнасы әулиелерді кәпір, жынды атап, Алланың өзіне, сүйген құлдары періштелеріне, құран аяттарына ортақ қосушы пендеден артық жындылық, мастық та, дінсіздік те жер бетінде болмайтын шығар. Бұндай жолсыз діншілердің надандық әрекеттеріне жаратушы тарапынан ашық белгілер түсіп, ойланыңдар деп ескерткенін мойындамақ түгіл қарсылықты арттырудан елімізге, дінге енді сынақтың үлкені түсуі де хақ.

Егер масхаб тура жол болып жан ғылымы болып кәпір жындардан қорғайтын болса онда жоғарғы Нұр Мүбәрак дін мектебін бітірген «намазхан» бауырымыз Алматы қаласында қанша адамның қанын төкті? Сол сияқты әулие түгіл әке-шешесінің зиратына да «шерік қосылады» деп бармайтындар Тараз қаласында, Ақтөбе, Бұрындай, Атырау т.б. көптеген бүліктер осы бес уақыт намазын ғана орындайтындар, Қызылбастық иман келтіргендер арасынан шықпай қайдан шықты? Жастарымыз өздеріне-өздері қол салып, түрлі азғындықтарға бой алдырып жатқаны да әулиелердің басына барғаннан болды ма екен, әлде осындай әулиесін еске алмай дүниесін қимағандардың, жаңаша өмір сүруді қалайтын ата ғұрпын, дәстүрін ұмытқандардың, берген ескерту аяндарды жори алмай ар ісін, жаулықтарын аяқ асты қылғандардың ұрпақтары емес пе екен? Және мақтаулы әулиелерін, ата-аналарын зираттамақ түгіл мешіттерде де құран бағыштамайтын, Алла достарын еске алуды ұмытқан Масхаб сүниттері неге бір ұлттың ішіндегі өз бауыры шейіттермен арасында мешіттен шыға сала қан төгіп жатыр? Құдайға тапсырып бір бетінен ұрса екінші бетін тосып бес уақыт намазы дұғамен, мал-жаны арқылы неге соғыспайды? Демек Құдайдың құдірет қолы әскері аруағы бар екенін, оларды басқаратын Алла достары әулиелердің болатынын және солар арқылы қорғануға да, қолдау сұрауға да болатын жолдарға жалғануға болатын намаздарының орындау амалдарын білмейді. Енді себепсіз жапырақ та жерге түсірмейтін жаратушы Алланың жіберген азабы ма әлде ондай діншілерді басқаратын басқалай тәңірлері бар ма? Және алдағы уақыттарда масхабшыл «намазхан» дін қандастарымызға Алланың азабы түсіп, өздеріне қол жұмсап, түрлі мастық әрекеттер мен бүліншілікке түсіп, жастарымыздың масқара болмайтынына Алланың тұрақты дін сынағынан қорғайтын «Масхаб-тәңір» деген уәдесі, жолдары бар ма? 15 жылдан асты осындай ашық қарсылықпен аруақшы, Құдайшылдарды «шерік қосушы», дінді бұзушы «серік қосушы» және «өліктер тылсымнан сөйлемейді», «Рухқа табыну шайтани іс» деп Інжіл құндылығы мен Ғиса пайғамбарға бекітілген мұғжизаларды, хикметтерді де ашық мазақтап, қудалап, соттап көзімізді бақырайтып қойып мешіттерден, баспасөздерден әулие-әмбилер, елшілер мен мұғжиза, хикметтер мен ашық бекіген ата дінімізге  жала жауып жатқанмен қай қазақтың баласы ең болмаса жұдырығын ала жүгірді?

Осындай Абай танытушылар құр сөзін сатып, сырын алмай жан бағушы ғалымдарға құлақ қағыс: Ата жолын дәріптеп, ашық, айқын дәлелдеген Шәкәрімдей ғұламасын түсінбей, Абайдай данасын тану мүмкін емес екенін ескерген жөн. Және Абай-Шәкәрім аталарымыздың артында қалдырған дайын құран тәпсірі арқылы абырой-бедел жинап, астарлы түрде аманатын, ұстанған дінін мазаққа айналдырғаннан қандай опа табасың? Сондықтан Шәкәрім атамыздың сөзімен осындай табаны тайғақ, жер емшегі мен көк емшегін емуді білмейтін дін қандастарымызға  жауап берсек: «…Баянсызға бәрі құл, Жынданбаған пенде жоқ. Әулиедей асықтың Қасиетін былғайсың. Қылығын қылып жастықтың Бір қалыпта тұрмайсың. Әлде сайтан, әлде жын, Бірін тастап, бірін мін. Адам емес, айуансың, Неге тұрсын, сенде шын?» «Сөз мінезі құбылса, Ар, иманы жоқ деп біл. Аулақта жемтік сыдырса, (ел, халқының ғұрпынан бөлінсе) Оны ойыңмен айуан қыл. Дұспанға да бол әділ, Түсірме ойға тат пен ніл. Ұмытпа, болсаң біздің ұл, Осы өлеңді құлаққа іл!»  Әулие бабамыз біздің ұл болсаң-ата жолыңды ұстан!- деп ескертеді. Олай болса Абай-Шәкәрім, Ясауи сияқты жүздеген әулие-әмбилердің ұлы болу үшін не істеу керек? Ал енді әрбір үмметтің өз арасынан шыққан елшілері арқылы түсірілген жол-жобасы деп әдет-ғұрпы, ғұмыр жолы деп атайды. Бұл ұлтымыздың біртұтас жүретін жолымыз болып, «Көп адам жүретін жолды кесірлі нәрседен тазала.» (134-өсиет) «Өз әкеңнің достығын сақта (әдет-ғұрпын), оның дос көңіліне көлеңке түсірмеуге тырыс. Егер әкеңнің достарымен (әулие-әмбилермен) қатынасыңды үзсең, өз кеудеңдегі сәулені де өшіргенің.» (48-өсиет).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *