Мұтылған қазақтың қара шалдарынан аманат.

Бөлім: Ата жолы кітабы №1 130

     Киелі кітаптардың насихатына жүгінсек адамзаттың өсіп, өніп өркен жаюы үшін екі түрлі ғылымды беріп қойғанда ортасы сол ғылымнан алған білім болып табылады. Тіршіліктің нәрі, өмірдің ақ бастауы дін ғылымынан басталып, сол ғылымның білімін оқып түсіндіретін жаратқаннан елшілерін заманына қарай жіберіп отырады. Ал өмірдің, жаратылыстың бізге айқын болған көріністерін меңгеріп, соны адамзат игілігіне қызмет етуге бағыттауға тіршіліктің, жаратылыс ғылымын меңгеріп оны білімге, өндіріс күштеріне түрлендіру ілімін — кітаби ғылым дегеніміз абзал. Бізге құпия болмыстардың білімін меңгеруді ілім деп, ал белгілі болған ілімдердің ішкі сырын меңгеруді білім деп атау қалыптасқан.
Ілімді меңгеру үшін тілді, яғни жаратылыс тілін, тылсымның құпия тілін меңгеру керек. Ондай дәрежеге жетуге әр халықтың тіліне, ұлтына қарай орындайтын дін қағидалары бар. Ол қағидаларды дұрыс орындап, кемелдікке жеткен адам жерге және көкке жалғанып, әулие-әмбилермен, пайғамбарлармен, қасиетті, ғылымды меңгерген ата-бабаларымен байланысқа түсіп, солардың жаратқаннан алған сый кітаптарын аян, уахи, түс көру арқылы құпия сырларын меңгеріп, жаратылыс біліміне айналдырып, яғни тілден, үннен енді сөзге тұрақтандырады. Бұндай жағдай тек жаратқаннан берілген киелі кітаптардың белгілі шектерін орындау арқылы және кітаптағы аяттардың құпия сырларының, насихатының көрінуі арқылы жүзеге асады. Соған байланысты адамзаттың өркендеуі, яғни ғылыми жетістіктердің пайда болуымен тұрмысқа, дүние тіршілігіне байланысты өндірістің дамуын туындатады.
Бұл әрбір халықтың рухани байлығының жетістігі. Көктен алған ата-бабасынан мұра рухани байлық пен жер өнімдерін өңдеуді, пайдалануды жетілдіріп отырамыз. Ал енді аспан байлығына жете мән бермей тек жерге ғана үңіліп, өзге жұрттың жетістігін қайталап немесе тек берілген сынақ білімнің, дүние ғылымының соңына түсіп кеткен елдердің көктік қазынасы азайған шақтан бастап, ондай елдерге түрлі сынақтар мен жер, су, от апаттары және індеттер, өзара соғыстар, қан төгістер пайда болып, жинаған дүние байлығын қайта шашып болмаса тегіс бір ұлттың, ұлыстың, елдің жер бетінен азып-тозып жоғалуына себеп болады. Оған дәлел; жапон елі әлемде дүние ғылымының жоғары жетістігіне шығып, бірақ рухани көктік байлыққа мән бермей европа, америка сияқты елдердің салтына бой ұрып, ұлттық болмысы әлсірегеннен болып жатқан жағдай бүкіл әлемге де ескерту. Сол сияқты рухани байлық жинаймыз деп ақирет, жан ғылымының соңына түсіп, тек намаз оқуды ту қылып, білімге және дін ғылымына мән бермей, діннің ірге тасын ғана қалап, қабырғасын тұрғыза алмаған ислам елдері де азып-тозып қан төгіске ұшырауда. Енді қандай сынақтардың келе жатқаны Бір Аллаға мәлім.

      Осындай жеңіл белгісін біздерге және әлемге көрсетіп жатқаны Құдайдың әділ соттаушы екендігіне дәлел емес пе? Енді қазақ еліне де елші келіп, көптеген халық өзінің ұлттық бейнесін тауып әулие-әмбилер, Алланың сүйген құлдары бәрі болмаса да шамалысы еске алынып, халықтың шамалы бөлігі болса да Алланы еске алуды тұрақты түрде қолға алғаннан кейін көктің есігі ашылып, жерімізде тату-бейбіт өмірдің болуымен өндірісіміз дамып, алдыңғы қатарлы дамушы елдерге айналу мүмкіндікке жете бастадық. Бірақ біздердің білмейтін, сенбейтін екінші жағдай ол ұлттық рухани қазынамыздан күн санап азайып, арты қайғы-қасіретке, індеттермен, апаттармен сыналуға өзімізді-өзіміз соған бағыштап келеміз. Иманды іздеп, мешіттер салынып, жастарымыз намаз оқып, құранды жаттап алғанымен одан ұлттық сана қалыптаспайды, рухымыз кемелдік дәрежеге өспейді.
Халқымыздың ел, мәдениет басшыларынан бастап шет жұрттың еркіндік, дінсіздігіне еліктеген ар мен ұят атты қасиеттен жұрдай болып, көшеміз түгіл киелі орындарымызды да арамдап жатқан ұятсыздық пен арсыздық әрекеттердің жауабы дайын, жазаларыңды беремін деген жаратқанның белгісі түссе де керісінше ұяла білгенді, ұлттық болмысын іздегендерді басшыларымыздан бастап білімділеріміз қоштап қудалаудан жалығар емеспіз. Әйелзатынан ұят кетсе қуаты да қоса жоғалып, бүкіл сол елдің өмір жасы қысқарып өлімнің, ажалдың үстемдігі орнап, әйел заттарының, тіптен кәмелет жасқа жетпеген қыздарымыздың ел алдында жалаңаштанып, қасиетті әуреттерін сұқтандырып, көрінбейтін өрістегі жындармен жыныстық тұрақты қатынаста болғасын, иістеніп сасық иістері қоршаған ортаны бүлдіріп, деммен бірге еркектерге, тағамдарға еніп, онан нәр алған жалпы адамзаттың ішкені ірің, жегені желімге айналары даусыз. Болып та жатыр. Ұятсыз, арсыз жұбайынан төсек арқылы іріңді ішкен еркектер түрлі ит ауруына ұшырауда. Ал арсыз әке, ұятсыз анадан шала жетілмей туған бала және ана сүтінің иістенген желімін жеген ұрпақтарымыз дүние мас, жын шайтанды дәріптеп, намаз оқи бергені рухани өліп, қалғандары тірі өлікке айналып, ал рухани тірілгендерін ел тұтқасын ұстағандарымыз сырттан алған, ойдан шығарған «ата заңымызбен» рухтарын қолдан өлтіріп жатқан жайымыз бар.

      Пайғамбарымыз қандайда бір адамның мейлі қай дінде, ұлтта болмасын тек екі аяғы мен екі ерін арасындағы мүшесін күтіп тәрбиелей білмесе наданға айналып тозақтық болатынын қатаң ескерткен. Тәннің арсыздығы жер рухын өлтіріп, жер ананың назын туындатаса, тіл-сөз арсыздығы көктің біртұтас адамдардың лағнетін келтіреді. Бұндай жағдай бұрынғы замандарда болған, жер бетіне келген апаттармен жоғалған нәсілдердің қазақ қанынан да бой көрсетіп, жалпы әлемге келген сынақтардан біздер де өз үлесімізді алуға тиіспіз. 1640-1710-шы жылдары күннің бетіндегі дақтар жоғалып кетіп, бүкіл жер әлемінде қатал қыс, тосыннан қар басып, жер әлемінің негізгі тұрақты жылуы 1*-бірлікке төмендеген. Және әртүрлі магниттік-қыбылнама өрістері пайда болып, жер бетінде түрлі дауылдар, жер сілкіністері, жанар таулардың оянуымен аштық, аурулар 70 жылға дейін созылған. Ал енді қазіргі уақытта да күннің дағы жоғалып, уақыттың қысқаруы және түрлі дауыл мен қыбылнама өрістерінің пайда болғанына, қыстың өзгерісіне әлем куә болып отыр. Бұл жаратқанның әлемді жайлаған арсыздық пен жалпы халықтық ұятсыздықтың себілген дәні өнімін беріп, жемісін ел болып жейтін мезгіл келді деген белгі. Тек әркім өз еккен күнәсінің жемісін өзі татып, әсіресе ел тұтқасын ұстағандар алдымен көріп, естерін жинаса деген қарапайым қазақтың арманы ғана болып тұр.
Өмір мен өлімнің арпалысынан халықты қандай жағдайда да осындай құрдымға құлайтын ордың үстінен салынған «сират көпірінен» тар ізбен сынақтардан алып өтетін ортақ туы болған. Сол тудың астына біріккенде ғана көп шығынға түспей, елді сол көпірден алып өтуге болады. Бұған тек Абай атамыз да; «Бүкіл үй-ішіңмен ауырғаның дұрыс па? Әлде араларыңнан біреудің сау болып қызмет жасағаны дұрыс па? Немесе көп болып адасқан дұрыс па? Болмаса араларыңнан жол білетін біреудің болғаны дұрыс па?» деген өсиетінің өзі жеткілікті ақылы сау адамға. Ал ақылды сауықтыру үшін сөз түзелу керек, сөз түзелмей ел түзелмейді. Сөзді түзеу үшін әуелі қаныңа жақын ана тілді толық меңгеру керек. Ал қанша тілді меңгер, бірақ арсыз ұятсыздық тәніңде орын алса жүрек жабық, құлақ естімейді, көз көрмейді, бәрібір тамақ жеп жақсыны алып, жаманды шығаратын хайуаннан айырмаң шамалы ғана.

     Қазақтың ел ағаларының құлақтары созылып, түс көруден қалып, көрсе де шайтанға балап, сонан жаратқаннан жібінен айырылып жүректерінің перделенгені соншалық, көше түгіл елге ақыл айтатын өздері пәтуа шығаратын қасиетті орындардың, мәдени, емдеу, сауықтыру орындарының өзі көпшіліктің моншасы немесе жын-шайтанның әжетханасына айналғандай. Бұл қазақ зиялыларының жүректерінің кірлеп, жақсы мен жаманды ажыратудан қалып, кісілік пен парасаттылықтан, зайырлықтан жұрдай болған «дүние мастықтарының» Абай атамыздың «Мақсұт» туралы әңгімесіндегі аспаннан жауған жынды суды ішкен ел басшыларынан бастап жабылып жалаңаш жынды биін билеп құрдымға кеткен елдің қазақ елінде орнаған нақты бейнесі. Әйел, бала, еркек қырыққа жеткенше бәрібір балалығы қалмайды. Бала жын періштесі. Азғыруға түссе оп-оңай шайтанның сыбайласы болып шыға келеді. Әйелдің де, баланың да періштелігін жетілдіру үшін бағып қана қоймай шектеп қағып та отыру керек. Қалай қағуды тек таза дін ғана үйретеді. Қазақта әйел заты түгіл еркектің өзі көшеде көпшілік алдында жалаңаш тәнін көрсетіп немесе жалаң бас, жалаң аяқ жүруді әбестікке санаған.
Ұлттық құндылығымызды, мәдениетімізді, әдебімізді қалпына келтіріп, ұрпақтарымызды алдағы сананы тазартатын, бүкіл адамзатты алдағы жаңа белес киелі табалдырығынан аттататын, болмаса әлемдік жұтылуға түсетін апаттардан сақтау үшін, ондай мазақ еткен шайтан адамдарын жазалайтын ата заңы керек! Отбасының құндылығын, әйел мен еркек арасындағы әдебі мен әке мен бала, шеше мен қыз арасындағы ұлттық құндылықты, жан ұяның ішкі ата-заңын, дәстүрін қалыптастырмай, отан қадірі, ел қадірі, жер қадірі ұлттық рух, сенім, сана деген бос әңгіме. Қазіргі заман білімнің, ақпарат соғысының дәуірі. Ал әйел затының ішкі құпия сырлары тәнінен оқылады. Құпия сырдың тылсымға оқылғанынан адамдық, ақпараттық қасиет, қабілеттік белгілеріне қарсы қара күштердің де адам баласына билік жүргізуіне мүмкіндікті өзі береді. Басқа келер бәле тілден болса, қалған мүшелерге келер бәле ұятсыздықтан. Сондықтан қазақ үшін ана тілінің туын көтеріп, мәдениетке, ақпарат өкілдеріне қатаң талаптар қойылып ұятсыздықтарды, арсыздықтарды тек заңмен жазалау арқылы тоқтату керек. Және тіл ғылымының институтына барлық ғылымның да, мәдениет ұжымдарын, білім беру, діни ұйымдарын қадағалау өкілеттігін беру қажет.

     Тіл ғылымы бар ғылымның басшысы болып және әлемдегі барлық тілдердің елшілігін ашып соған тапсыру керек. Арап халқын құранға куәлікке жаратқаннан тағайындалғанын мойындап, сол құранды жұлмалап немесе төтелеп аударып жүргендерді әуелі қазақ тілінен тіл институтында қорғап, ғалымдар пәтуәсін алып барып, сонан кейін арап ғалымдарының елшілігінің алдында қорғап барып құранды немесе басқалай пайғамбар өсиеттерін аударуға ұлықсат берілу керек. Қазаққа дінді, намазды, масхабты үйрететін мектептер немесе басқалай институттардың түкке де керегі жоқ. Дін білімділікті меңгеру жолы. Дін әр халықтың ұлттық тәрбиесі. Діннің білімі бесіктен тіл алғыштықты бесік жырымен үйретуден бастап мектеппен бағытталып жетілдіреді. Мектеп мешіттің ірге тасы. Мешіт дін заңдылығын жетілдіріп, кітап үкімдерін қадағалаушы жаратқан мен арадағы куәлікте тұрушы құлшылық орнының бірі ғана. Сондықтан дін мешітте ғана деген надандықтан тыйылып, адамгершілік құндылықтар қағидасы деп танығанымыз абзал. Ал барлық мәдени, баспасөз, білім беру ошақтарын діннің өмір мектебі, ал мешіті соның бір кірпіші деп қабылдау керек. Сонда дін мектебі деген бөлшектену саясаты шайтанның ылаңынан құтылып, құранды босқа жаттатқан, толып кеткен медіреселерді жауып, ал дін сабағы дегеніміз мектептердегі ұлттық, жыныстық ерекшелік, адамгершілік парыздарды қалыптастыруға ғана қосымша берілетін, бұрынғы кеңес үкіметіндегідей тәрбие сабағы болып басталып, институттар қабырғаларында қосымша дәрістер берілсе жетіп жатыр. Дін тағдырдың қаламы. Сондықтан жоғары діни лауазымға жеткізу, ісіңе қарай сыйыңды жазатын ол жаратқанның шаруасы.

      Құдайдың ісіне араласқаннан әлем діні жетістікке жеткен жоқ. Құдайдың мектебі ол тура жолын іздеген құлына жеке-жеке беретін ақирет кітабы «өлілер кітабы» (аян кітабы) бар. Ол кітаптың негізгі бар қағидасын Ясауи бабамыз көрсетіп, дәлелдеп кеткен. Оны түсіну үшін де араптардың шежіресінен немесе оларға түсірілген шариғаттан басталмайды. Адам атадан басталып негізгі кітабымыз Зәбурмен бекіткен шариғатымыздан бастау алады. Сол кітаптан нәр алған ғұлама, әулие бабаларымызды, Абай-Шәкәрімдей ғалым сопыларымыздың өмір тарихын ғана біліп қоймай, сопылар істеген істерді қайталау арқылы дін ғылымының теңізінен ұлтымызға сай үлесімізді, «гаухарымызды» алып, жынысымызға сай дін киімі, сауытымыз (імүн өрісі) бөркімізді киіп, шапанымызды жамылып, әйелдеріміз ақ жаулығын жамылып барып пайғамбарымыздың шапағатына жолығамыз. Ал негізгі іргелі білімсіз, дін ғылымынсыз, тек айқын болған дін қағидасының білімімен ғана дәріс беретін қандайда бір дін мектебі тек құранды терісіне алатындарды және рухани өлі, сыңар жақ, сыртқы бейнесіне айтылған «серік», «шерік» т.б. сөздің көрінісінен және жындар мен шайтандардан қорқатын надандарды ғана қалыптастырады. Жалпы ақылы сау адамзатқа дінді қайда болады дегеннен дін қай жерде болмайды және қандай жағдайда зиян және пайда жақсылық әкеледі деп ойланатын уақыт жетті. Өлім, жоғалу, тозу, ауру және туылу тіршілік бар жерде оның тағдыры — діні де бар деп түсінген дұрыс болар. Дін әр адам баласының тағдыры болып тал бесіктен жер бесікке дейін мәңгілік өмірдің жол көрсетушісі немесе азапқа, қасіретке бірге кіретін сыбайласың. Дін — әр адам баласының жанында өзінде жақсылық, ізгілік істеушіге рухани азық, шабыт, денсаулық, ұрпаққа берер өмір суы болар. Ал дініңді, өз ішіңде тұрған «дініңді» танымасаң қуатың шағылып, қыспаққа түсіп тәнің азып, амалың таусылып, «діңкең» құрып батпаққа батқан кезде өзін бір-ақ көрсетеді. Сондықтан қашанда ондай «діңкесі құрыған күннен» ештен бір күн болса да кеш жақсы. Шәкәрім атамыз:
«Мейірім», «Ынсап», «Әділет», Ешкімге зиян тигізбей
«Шыдам», «Шыншыл», «Харекет». Кәріптің көңілін күйгізбей,
Түп қазығы: «Ақ ниет» — Сайтанға беттен сүйгізбей,
Бұл жетеуін ел қылу. (парыз) Жүрегіңді нұрмен жу.
Мақтанды алма ойыңа
Кек сақтама бойыңа,
Барма дүние тойына,
Ойнаса да у да шу.
Егер мұны қылмасаң Мақтаныш оттай саулама,
Айтқаныма тұрмасаң, Жақынды жаттай жаулама, (салт-дәстүр)
Өз нәпсіңді бұлдасаң, (тәкапппарлық) Өлсең де адам аулама,
Саған арам сөз ұғу. Аң жейтұғын болма аю.
Оқу, дінің дағдың көп,
Не бір білгіш айтқан деп,(табынып)
Кетпесін сол жетелеп,
Жарамас үйтіп ой көму. (рухтан ажырау)
Ақылыңа ұстат қол, (аян алу) Елден кешу алмасаң, (әулиелерден)
Тура апарар сені сол, Жалмауыздай жалмасаң,
Жардың жолы қиын жол: (жер кезу) Тәңіріні малмен алдасаң,
Шытырман тоғай, қалың ну! Алдыңда орың дайын-ды.
Ал намаз оқуды ақталу амалы қылып, Ханифа масхабын бағыт емес жол қылып алғандарға құлақ қағыс болсын; «Бір күні Әбу Ханифа Хазіреті балшықта жүрген бір балаға жолығады. Оған мейіріммен, мархабатпен күлімсіреп: «Балам, байқа, жығылып қалма!» дейді. Бала зеректік пен көрегендік шашқан көзімен Имамға бұрылып баладан күтпейтін мынандай ғибратты жауап қайтарады: «Ей Имам! Менің жығылғаным жай нәрсе. Жығылсам мен ғана зиян шегемін. Бірақ, негізінде сіз абай болыңыз. Өйткені, егер сіз аяғыңыз тайса, сіздің артыңыздан жүргендердің бәрінің аяғы тайып жығылады. Олардың бәрін тұрғызу қиынға соғады»-дейді. Баланың бұл сөзіне қайран қалған Имам жылап шәкірттеріне: «Егер бір мәселеде сендерге қуатты дәлел жетсе, ол мәселеде маған мойынсұнбаңдар! Исламда кемелдіктің белгісі осы. Маған деген сүйіспеншіліктерің мен байланыстарың да осылайша белгілі болады» дейді. Сондықтан діндегі тақуалық ізденістер мен жетілдіруден тұратынын және әрбір пайда болған пәтуа міндетті түрде бір қателіктермен немесе күнәні туындататыны сөзсіз. Мысалға: Бір жолы Имам Ағзам киіміндегі дақты тазалап жатқанын көргендер: «Уа, Имам! Берген пәтуаңыз бойынша мына дақ намазға бөгет болатын нәрсе емес. Неге қиналып оны тазалап жатырсыз?»-дейді. Хазіреті Имам болса: «Ол-пәтуа, бұл-тақуа!»-дейді. Сондықтан он төрт ғасыр кедейліктің және жетімсіздіктің салдарынан надандықтан ғана құтылу үшін берілген пәтуаларға сүйеніп заман өзгерісіне, аспанның биіктеп, қарсылық қара күштердің жетіліп, күнәнің әсерінің артып, адам жанының қуаттық өзгерісіне, білімдік дәрежесіне қарай түрлендіруге, адамзатты кемелдендіруге түсірілген жаратқаннан көрсетілген, құраннан берілген ашық дәлелдерді жоққа шығарғандар тек залымдар мен кәпірлер деп біліңіз!
Пайғамбарымыздан; «Ақырзаманда жастары кіші, ой-өрістері тар бір адамдар келеді. Олар халықтар арасындағы ең жақсы сөздерден (құраннан, тәпсірлерден) сөйлейді, бірақ олар Исламнан садақтан шыққан жебе тәрізді шығып кетеді, олардың имандары кеңірдектен әрі аспайды. (сақалман шектеледі).»… «…Иә, адамдарды жаһаннам қақпаларына шақыратындар пайда болады, сонда кім оларға жауап қатса (соңынан ерсе) тозаққа тасталады,-деді. -Уа, Алланың елшісі! Бізге оларды сипаттап берші?-дедім. –Олар біздің ортамыздан (араптардан және орта топтан) шығып, біздің тілімізде сөйлейді,-деді. –Егер сол маған жетсе, не істеуімді бұйырасың?-дедім. –Мұсылмандар жамағатымен және олардың басшысымен (жол көрсетуші, әулие-әмби) бірге бол»… (1435-1436 өсиет) Ал енді мұсылмандар жамағаты кімдер деп?-сұрасаңыз. «Пайғамбардың қасында отырғанымызда, оған «Жұма» сүресі түсірілді. (Ол бізге сол сүрені оқи бастады да…) «.. олардың арасындағы басқалар оларға әлі қосылмаған» деген аятқа жеткен кезде мен; «Олар кімдер, уа, Алланың елшісі?- деп сұрадым. Мен үш қайтара сұрағанымша ол жауап қатпады. Арамызда Салман әл-Фарси (Арыстан баба) бар еді. Алла елшісі Салманға қол қойды да: «Егер Сураййа жұлдызының қасында болса да мыналардан бір адамдар (тура жолға) оған қол жеткізер еді!-деді» (1706-өсиет) Ондай мұсылмандар жамағатына Пайғамбарымыз; «Алла Тағала; «Ізгі пенделерім үшін өздерің білген сыйлықтардан тысқары, көз көрмеген, құлақ естімеген, адам баласының қаперіне де келмеген нәрселерді әзірлеп жинап қойдым»,-деп айтты» Сонан соң «Ешбір жан істеген амалдары үшін қарымта сый ретінде қандай көз қуантар қуаныш жасырылғанын білмейді» (деген аятты оқыды)» (1679-өсиет). Сондықтанда қазаққа елші келіп, өліктер сөйлеп, ақиреттен хабар келіп, құраннан ем-шипа түскенді «серік қосу, шерік қосу» деген жалған Құдайсыз діншілерді келесі басылымда осы тақырыпта жүздеген ақ-тан түскен аяттар мен хақиқаттан ашық дәлелдер келтіріп, бүкіл исламдағы дін шапанын жамылып жалған пәтуа беріп; Аллаға серік қосып, ортақ қосып, дінге зұлымдық жасаған залымдарды халықтың талқысына салуды жөн көрдім. Басылым бетінде көріскенше күніміз шуақты, отанымыздың босағасы берік, шаңырағы шайқалмай халқымыз ымырашыл, ынтымақты болсын деп, ел басшыларына сабырлық пен толық иман тілейік жаратқаннан!

     Ата жолы «ақ жолдықпыз» дейтін және ата-баба бастарына зиярат жасап Алла жолында өз нәпсісімен соғысушы бауырластарға Ақ ұлдың қайтыс болғаннан кейінгі берген аманатын жеткізе кетсем; Ақ ұлдың жаназасынан бір күн бұрын аян алдым; «Бір кісімен қоштасып тілек тілеуге үлкен есіктен көп халық кірмек болып, мен алдында қолымды керіп, шалбар киіп, ормалын орай салған, шашын жалбыратқандар кірмей сырттан ғана қолын жайсын деп тұр екенмін. Ертеңіне сол көріністі Ақ ұлмен қоштасуға барғанда көрдім. Ақ жолға негізгі сынақ шариғат амалдарын және ата-салтымызды теріске бұрудан болған екенін және енді сондай зұлымдықтармен «Басымды қорлатып, былғатпа!» деген аманат екенін білсе екен деймін. Бірақ амал не, әлі кезге дейін осындай шайтанның сарбаздары дінді мазақ қылған аққу қыздарымызды қалай тоқтатып, қалай тыйым саларсың? Тіптен енді оны қалыпты жағдайдай әулие бастарын ашықтан-ашық мазақ орнына айналдырудамыз. Қазақтың діні түгіл әлімсақтан келе жатқан әйелзатымыздың қанында сақталатын ұлттық белгіміздің, үніміздің қазына байлығы «ділін» құрдымға құлатып, аздырып жатқан бұл қылыққа қалай тыйым салуға болады. Алла жолының басты соғысы «жиһад» әйелдердің елдің рухына індет болып келген арсыз қылығымен соғысуға шақыру Ақ ұлдың тылсымға барғаннан кейінгі алғашқы аманаты! Қиянатқа бармай ақылға келейік, ағайын! Ештен кеш жақсы. Жалпы қазақтағы қандайда бір емші, көріпкел, аққу сұңқар болсын дін киімін, ата-бабаларымыздан келе жатқан әдет-қылықтарға қайшы қылық, істері болса, олар бізден емес. Және дәретін, бой киімін «үлдесін» жынысына сай қалыптастыра білмеген қандай да бір аққу, сұңқардың жүрегі тылсымнан хабар алуға ашық болуы мүмкін де емес! Ақ ұл арқылы Алланың берген сый, хикметі күшін жояды. Кімде-кім шайтанның ізіне еріп, азғырылып, артынан қателігін түсініп және сақсынып түзелсе, тақуалық амалдарын жасап, тәубе келтірсе онда басқа. Ал арсыздық қылықтарды дәріптеушілерді, өзін-өзі мақтанға айналдырып, жоғары бағалаушы тәкаппарлар мен аманаттарды дүние қызығына айналдырғанды тек шайтандар сыбайласы деп, ондай діншілерден қашанда абай болған жөн!

     Арысы алты алаштан, одан бері әлемде діннің туын тіккен Қазақ, Созақ бабаларымыздан жалғасты келе жатқан аманат өсиеттерін кітапқа шежіре қылып жазып, бес әулие батасын беріп; «Бес таңба» деп аталып, кейіннен Мұхаммед пайғамбарымызға апарып оқытып таныстырғаннан кейін негізгі шариғатқа арап елдері жалғанған пайғамбарымыз құранмен және арнаулы қосымша берілген кітаптармен толықтырылған және пайғамбарымыз «Ізбөрі»деп атаған кітаптан аманаттарды әулие, көсем, билер мен хандарымыз ұрпақтарына аманаттап жеткізіп отырған салтымыз болған. Сол салтымызды жалғап Қарасай бабамыздың аманатын сабырлық қағидасын таныстыра кетсем ел басқарушы, әкім қаралардың құлағына жетіп, аталар аманаты деп жадына алса нұр болар еді; Қартайған шағында Қарасай батыр балаларын жинап былай деп өсиет аманат айтыпты: «Сендер тіршілігінде әулие атанған Алтынай абыздың немересі Қарасай батырдың балаларысыңдар. Жақсы қыз жағадағы құндыз, жақсы ұл көктегі жұлдыз. Жақсылап ұғып алыңдар. Батыр туса — ел ырысы, жаңбыр жауса — жер ырысы, көпке салса дұрысы, көнбесе болар ұрысы. Алдымен еліңнің, жеріңнің қамын ойлаңдар. Сөзіме терең бойлаңдар. Елемеген ауру жаман, ескермеген жау жаман, еліріп кеткен дау жаман. Қара қылды қақ жаратын, елінің ығын танытып, ханды ұйытатын, арқа биді қасыңа алыңдар! Биік төбеге шықсаң көзің ашылады, жақсымен жолдас болсаң көңілің ашылады. Ақылды бимен болсаң, дауың басылады. Хас батырмен бірге жүрсең жауыңды қашырады. Құтты адаммен қонсы қонсаң аруағыңды асырады. Атың жақсы болса — бұл дүниенің пырағы. Қатының жақсы болса — жанып тұрған шырағың. Қызың жақсы болса сөзің елде тұрады. Балаң жақсы болса еліңнің асыл шырағы. Қызың жақсы болса, өрісті болар тұрағы. Жақсы жан ешкімді жатырқамайды. Жан жолдасың еш уақ алдамайды. Әңгүдік жаман ғана сөзіңді тыңдамайды. Арғымақтың баласы аз оттап, көп жусайды. Асыл ердің баласы аз сөйлеп, көп тыңдайды. Жала сөз тірідей қаралайды. Жақсы сөз дем берер. Болат қайнауда шынығады. Ер ат үстінде көп жүріп, елі үшін аз тынығады. Бұл айтқандарымның көбісі бұрынғы өткен атаң Қазақтан асыл сөз! Сендерге осы өсиетім жолбасшы болсын. Батам қабыл болып, жортқанда жолың болсын! Әумин!».

       Ата жолының басты парыздары мен бабалар аманаты; Біреуге келген нөсерлеп Дүние, байлық-бекер, боқ! Нәпсіні тыйсаң «мекер» деп — Бірінші парыз өтелмек! Сипасаң басын жетімнің, Құрғатсаң жасын жесірдің! Көкірегін бассаң кесірдің — Екінші парыз өтелмек! Өтірік, өсек айтпасаң, Тәлім-сауап жаттасаң, Анаңның сүтін ақтасаң- Үшінші парыз өтелмек! Адам боп жүріп бағы асқан, Кембағал жанға қарассаң, Момынды жақтап жақ ашсаң — Төртінші парыз өтелмек! Бағыштап Құран өткенге, Көпір салсаң өткелге, Риза болса көп пенде — Бесінші парыз өтелмек! Алдым деп жанды сауғаға, Жүрсеңіз іштей тәубада, Сенде бір сопы-маулана, Алтыншы парыз өтелмек! «Көтерулі өкшеміз, Бақиға жақын кексеміз» деп ойлап құлдық етсеңіз — Жетінші парыз парыз өтелмек! Өткеннен алып өнеге, Жер кезіп, тау-тас аралап, Атаңнан мұра «ізді» ізде! Құрбан деп малым, дүние, Таба алсаң иман серікті, Иманың енді берікті! Кезекті парыз өтелмек! Ақ бата алып аруақтан, Уәдеңе опа етпесең, Аманатты ақтасаң, надандықты жеңгенің! Тақуа болып мүләйім, Иманың болып уайым, Ақылмен, ғылым түсініп парқын, Сырлы сөз, үлгілі жауап, біліп нарқын, Салқындап жүрек, сарғайса санаң, Негізгі парыз өтелмек! Алла деп айт, пақырым! «Ата жол» жалғап көпірін, Сабырлықпен сарғайып, сағынып жеттің мұратқа! Тәубе де, бауырым тәубе де! Алланың берген уәдесі, адамзаттың ақ нұры, кездесерміз «шыр-ақта!» Ата жолының жалауы: «Сіздерде сопы боларсыз, Табатын жолды жанарсыз! Құдіретінен Құдайдың, Қалмаңыз достар хабарсыз, Сөзіме рух бер, Алла!» «Тарыққанда тау-кие, Тұңғиықтан үн қатты; Кереметін әулие Мойындамау – биғат-ты! Пақыр жолы-қиналмақ, Құдіретке иланбақ. Лә-иллаһа иллалла! Лә-иллаһа иллалла! Нәпсі оңай жау деме, Иман кәміл тәубеде. Жаратушы жар болсын, Түсірместен әуреге! Біз Мұхаммед үмметі, Жол көрсетер сүннеті: Мұсылманның міндеті- Лә-иллаһа-иллалла! Лә- иллаһа иллалла Мұхамадур расулла!»
(Байтасов Тоқберген Кескір ұлы. Алғабас ауылы Бейбітшілік №6) 2010 маусым-2011 Сәуір айы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *