Ұлықтық(207)

Бөлім: Зікір өлеңдер 91

Сәнимен құпия жасырған,

Сан ғасырға ұласқан.

Ұлықтықтың белгісі,

Дән ішінде қалысқан.

Сахадыр дәуір кезеңмен,

Ілтипат етер дегенмен.

Суша шашып, қан төгіп

Ақиқатты паш еткен.

Темуршынның кезінде,

Шындық еді-бас байлық.

Селкеу талай түссе де,

Мызғымады от-жарық.

Тәңір деп күнге табынған,

Суық шалған бу жарық.

Отсыз отқа күймеген,

Бұл не деген таң жарық?

Алып күші топ жарған,

Ішінен нұрды жасырған.

Әлемнің бар ұлық киесін,

Сансыз ғасыр жасаған.

Әуел болған нұр жарық,

Ұлық болды сөзді алып.

Шырағданның бейнесі,

Сипаты рұқтан бейне алып.

Сөз әсері еселі,

Діл болар ұлт киесі.

Селт еткізер ол жарық,

Құран боп үннің жүйесі.

Күнәдан туып адамзат,

Нұрымен жардың жетілген.

Дін дегенің қиянат,

Аузыңмен нұрын өшірсең!

Иманнан шығар көп шатақ,

Тағдыры болса үзілген.

Мас болып ой жорымақ,

Таза ақылды баста шіріткен.

Ұлықтық армен бір болмақ,

Ақ сауыт болса киінген.

Алмаса бойға аманат,

Айырыласың тек, киеден!

(Желтоқсан 2018 жыл)

****  *****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *