Сенімнің беріктігі(206)

Бөлім: Зікір өлеңдер 55

Берік сенім, қажымас қайрат қайда?
Бірілікпен іс істерлік ерлік қайда?
Қолдағыны қадірлемей тосынамыз,
Құдайға берген уәде-тілің қайда?

Көп асыра сілтеді, артын бақпай,
Сырттанады, сылқымсып көңіл жақпай.
Бір түзудің сөзіне иланбайды,
Адал ас пен шариғат ісін алмай.

Иман-пақыр, кедейдің көңілі-тақыр,
Егін егіп, мал көбейтпей намаз оқыр.
Ет малын ауыртып, тер төкпеген,
Арсыздыққа құмар болар тасыр.

Іздену жоқ жақсының ұстап жолын,
Дүние қызық жаулайды дүние қошын.
Бір жақсылық істесе күрсінеді,
Тез қайтарым күтеді жайып қолын.

Ел болып түзелеміз енді қашан?
Сөзіміз шұбарланбай әлмисақтан?
Уәдені орындайтын бір күн бар ма?
Қараңғыға батпай тұрып Алла жақтан.

Жаттардың жетегінде кетеміз бе?
Жөн-жосықсызға жөңкімей ереміз бе?
Ел болып, бұқара боп, халық болып,
Құдайдың дегеніне әлде көнеміз бе?

Құдайсыз қурай сынбас деген елді,
Қазақтың ежелден берік сенімі еді.
Көк тәңірі бір-біздерден жолын сұрап,
Тәңірдің бірлігі Мұхаммед елші келді.

Тәңір қуат бар әлемді қозғап тұрған,
Алладан басқа қуат жоқ тәңір болған.
Өзінен басқа деген тәңір емес,
Деген сенім дін бұзып адастырған!

Үш тілмен қазақ қалай ел болады?
Мәңгүрттікпен қара нәсілге жалғанады.
Соқырлық пен менмен тәкаппарлық
Дерті жайлап тегің, нәсілің жоғалады!
(Желтоқсан 2018 жыл)
***** ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *