Ақиқат үні(181)

Бөлім: Зікір өлеңдер 41

Құйқылжытып ән салған,

Шындықты айтып сайраған.

Құстардың әсем әнінде,

Ақиқат үні жасырылған.

Жеті үнге құраннан,

Бастан масіх тазартасаң.

Ғисадан қалған белгісі,

Хабарына Құдай жалғанған.

Жұлдызың Ол құс аталған,

Аспаннан биік көз салған.

Көрген мен білгенді,

Жаныңа жалғап үн салған.

Төртеуі түгел болғаннан,

Үнімен жеті құраннан.

Жүректің көзі ашылып,

Құс жолына жалғанған.

Көкке жол салып ойпаттан,

Миғражға шығып жалғантқан.

Мұхаммед масіх аяқпен,

Миғражбен байланыс орнатқан.

Пайғамбарлық мирастан,

Ясауи баба құрма алған.

Мағрипатты меңгеріп,

Ақиқаттан сыр тарқатқан.

Аталар жолын жалғаған,

Жүректен құлақ аштырған.

Ақиқаттан шындықты,

Ақ батамен жырлаған.

Белгі болып Ақ ұлдан,

Хикметті білім Алладан.

Қазақтың ғана ұлтына,

Алладан сый бақ болған.

Көңілдің құсы үн салып,

Өліктер сөйлеп жол тауып.

Алдына қазақ жиналды,

Періштелер түсіп нұрланып.

Құранның ашық аятын,

Қияметтің соғар сағатын.

Хақиқатын Алла түсірер,

Меңгерсе құлшылық тағатын.

Бағалай алмай бағыңды,

Жоғалтып алып нанымды.

Арсыздыққа байланып,

Аққу мен сұңқар жаңылды.

Ібілістің түскен торына,

Айырбасқа алып жолына.

Дәстүрін ата-ана ұстанбай,

Арамданып тағдыр қолыңда.

Аманаты үш байлықтан,

Жалғанып үнге алтыннан.

Қанағат, шүкір, ар болмай,

Қызығына дүние сатылған.

Салтымен заман дерттеніп,

Құдайға нанып, сенбестік.

Ел билеген надандар,

Қудалап соттап көнбедік.

Асыл сөзден үн қайда?

Сөз түзелер күн бар ма?

Ар-ұят, ұждан ойламай,

Байлығынан дүние не пайда?

Ақиқат үні несібе,

Орнатар әділдік жеріне.

Дәулет пен малды арттырар,

Орнатар алтын ғасыр еліңде!

(Қараша 2018 жыл)

****  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *