Ауру астан, дау қарындастан(180)

Бөлім: Зікір өлеңдер 103

Періліктің әсері,

Өсірсе тырнақ ұлғайар.

Жанған іштен қаралық,

Тырнақ боп өсіп тазарар.

Жеті қабат терінің,

Дерегімен тырнақ жалғанар.

Өрістен жинап жаманды,

Қайтадан бойға таралар.

Батыстан келген індетті,

Сән қылып әйел шалқаяр.

Алтынды бастан өндірмей,

Мыстан уды жез қылар.

Кірі мен ластық тырнаққа,

Астына еніп молаяр.

Қосылып ас, суыңа,

Қарайтып қанды аздырар.

Өңештің сыртқы тамырын,

Өзгертіп үнді қатайтар.

Темірі артып қанында,

Мінезбен қылық құбылар.

Тырнақтың тартып азабын,

Уланған ұрпақ азғындар.

Дәретсіз лас тырнақтан,

Жетесі ердің жабылар.

Арамданған қатыннан,

Қол, аяқ жала қосылар.

Белі ажырап тегінен,

Ұрығы азып тоқталар.

Етектен сана жоғалған,

Етекбестылық салт болар.

Ел билері ұғымсыз,

Арын сатып дүние алар.

Әйелі азған ұлтында,

Мастарға түгел айналар.

Ібілістің болып ұрпағы,

Білімді ақыл деп атар .

Ет-малы арам, қара шекпенді,

Жанынан иман жоғалар.

Бақшасына еніп ұрылар,

Жан сарайы тоналар.

Арқалап жүрген кітабын,

Есектер ғалым аталар.

Жолымен ата қас болып,

Дін ісін тура жол атар.

Құдайдың ісін танымас,

Жүректерге таңба салынар.

Ар білімін артқа атып,

Тағдырдан аманат алынар.

Әлемнің арсыз салтымен,

Перілігі түгел жиналар.

Қатын мен қызы би болған,

Жан өліп, жынға табынар.

Арам астан бұлар басталып,

Қияметке бәрі сеп болар.

 (Қараша 2018 жыл)

****  *****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *