Серілік пен перілік (82)

Бөлім: Зікір өлеңдер 47

Әдемі киім киініп,

Сауық-сайран сүйініп.

Алды-артын ойламай,

Кең жайылған серілік.

Ішкен асқа мәз болып,

Жабысқан жын дерт болып.

Сезімді қуған пенделер,

Еңбекті ауыр, деп қорлық.

Дертіне дауа іздемей,

Түбіне тамыр үңілмей.

Жеңіл тұрмыс, желеңге

Байланған  ақыл өсірмей.

Жалаңдатқан серілік,

Өмірден бірде түңіліп.

Күйіп, жанып ғашық боп,

Сол үшін өмір сүрдіріп.

Көп сөзге көңіл бөлдіріп,

Әйелге тән, бұл перілік.

Біліммен білгіш атанып,

Өз сөзін ғана жөн біліп.

Өз сөзінен мастанып,

Әлемде жалғыз атанып.

Сезімге енген перілік,

Теріге кеткен жалғанып.

Сөз жүйесін бұзатын,

Жақсыдан кейде қашатын.

Ақиретті алмас ақылға,

Дүниеге көңіл бұратын.

Мен-мен деген перілік,

Еркекке жақын серілік.

Қотырға соқыр сай деген,

Ғылымсыз хайуан бөрілік.

Біліммен болып білгірлік,

Ел түземек перілік.

Құдайдан шындық келтірсе,

Тыңдаттырмас ірілік.

Тәпсірмен дінді білім ғып,

Пәтуа берер тәңірсіп.

Періліктің бұл зоры,

Құдайсыз қурай сындырып.

(Тамыз 2018 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *