Аян жору  

Бөлім: Ата дәстүрі өлеңдері №7 85

 

Ғисадай көркем сөзді пайғамбардан,

Талай үлгі рух сырынан үлгі қалған.

Қазақтың дәстүріне жалғап оны,

Ясауидей бабадан ақылы мирас болған.

Қиямет мезгілінің сипаты бар,

Жастар түгел аян алып болжаттырар.

Үлкендер түс көруін уахи алып,

Дін тазартып тура жолға жоба алар.

Бүгінде талай жастар аян көрген,

Тағдырынан өмір сырын белгі білген.

Тазалық, тақуалығы аз болумен,

Кейбіреулер түс көріп түсінбеген.

Түс жору бұл қасиет үлкендерге,

Түстің де түрі сыры бар ілімдіге.

Жамандықты жақсылыққа бұра білген,

Пәтуалы бұл бір сын дін білгенге.

Кейбіреу аян алып тағдыр көрген,

Құдайдың үкімінен аят берген.

Әдеті мен салтына қайшы келсе,

Теріске жоры дейді мұны білсең.

Талай түсті жақсылыққа бұрып жүрмін,

Қабыл қылар құдайым деген ісін.

Ал қасиетті ұл, қызға аян келіп,

Орындауға құлқы аз жоры деген.

Аяндарды өз пайдасына жорып көрген,

Талайлар тарихта көп азап көрген.

Өзінің тағдырына қарсы шығып,

Тозақта жатыр көп дінші деген.

Нәзік жанға тағдырын құдай берген,

Періште жаны таза сынақ көрген.

Жарын да қосылатын аян беріп,

Бақытына жолын осылай алады екен.

Қожалар қазақта көп дін меңгерген,

Тағдырдан жол-жобамен жүре білген.

Қыздарына қожалардың салты болған,

Құдайдың аянымен байға тиген.

Ендігі бұл қазақтың текті өсірген,

Қасиетін жоғалтқанды салты өлген.

Қасиетпен жандар өзара қосыла алмай,

Тек ағашы талайлардың жетілмеген.

Әке-шеше ақылы аз мұны ойларға,

Қыз өрісін іздетпей қалды жолда.

Қырық қожа қырқасынан асыра аламай,

Қожалығы қызыңның қалды қайда?

Қырықтан кейін кісілік енеді екен,

Тақуа ерге төбеден тоғыз төре келген.

Жас тоқалға үйленсе қожасы бар,

Номадтық тегі қазақ өнеді екен.

Бұл бір сыр қазақта текті өсірген,

Исламнан бұрында сырын білген.

Рух күйеу, жаның қалыңдық деп,

Қырық тоғыз қалың малға төлеу берген.

(қыркүйек 2014 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *