Нәзіктерде бар ма қырық қожасы?  

Бөлім: Ата дәстүрі өлеңдері №7 39

Жас күнінде ойланбай ойнақ салған,

Әр есекке тән, жанын арамдатқан.

Есі кіріп күнәмді кешір деген,

Нәзіктер көп дін ұстанған шариғаттан.

Рахымды Құдай мұны жақсы қылмақ,

Жол көрсетіп жақсыға теліп тұрмақ.

Бір жақсы мен бір кемді жұғыстырмақ,

Біріне жүк, бірінен сынақ салмақ.

Талай жан арамға тәнін көп былғаған,

Артының не боларын ойламаған.

Енді тәнім жанымның құрбаны деп,

Өзінен биік текті ерге тоқал болған.

Бұл да бір құдай өзі ақтап алған,

Қазақтың тарихында мысал қалған.

Жесірін жатқа бермей әмеңгер боп,

Жақсыға жамандарды теліп тұрған

Адасқан қатын, қызды да жолға салған.

Тән тауарың кез келген арам алған,

Талай есек ақ бұлағын арамдаған.

Жаны таза тегі бар нәзіктерді,

Тәуекелмен тақуа ер тоқал қылған.

Нәзіктер жас тәнін жанға құрбан,

Ар тегімді сақтасам деп арман қылған.

Құдайдың рахымынан аян алып,

Қазақ тегін аналар көп сақтай алған.

****   ****

Өлмейтін жанды өсіру ұлттың бағын,

Болашақтың бұл жемісін келер жанның.

Қыздың қырық қожасын қырқа асырған,

Кім білген тектіліктен ежелден ілім барын.

Үш түрлі тек негіз тас, құм, судан,

Ағаш тек бұл сырларды отпен алған.

Атаның шауқатының көп деп мәні,

Шәкәрім ата сопылықтан сырын жазған.

Аталық шауқаты тақуа таза болған,

Тоғыз төре кісілігі иман қонған.

Қыздарды қырық үйін таза ұстаған

Тоқал қылып текті өсіруге неке қиған.

Бұл сырды кейін арап салты болған,

Пайғамбар өз қыздарын текке қосқан.

Қожалық пайғамбардан тарады деп,

Қазақта қожа руын бөлек қылған.

Қожаның діні араптан шықты дейді,

Қарсылық жан ғылымына болсын мейлі.

Бақсылық, емшілік хикмет білген,

Қазақтың ғұрпы болған кім білмейді.

Қожалар біз араптан шықтық дейді,

Пайғамбар тегінен тура өстік дейді.

Тоқалдан қожа тегін тарқатқанмен,

Қожаларда қыздар жоқ кең пейілді.

Қазақта ру қалды, қасиет бар ма?

Қырық қожа қырқа асырған қызың бар ма?

Тегімді қожалықтың сақтаймын деп,

Текті үлкен ерге тиер ісің қайда?

Ал қожасың несімен мақтанасың?

Қызыңды тек іздетпей бос қалғансың.

Тоғыз төре кісілігі бар шалға беріп,

Тұқымыңды тазартпай жасқанасың!

(қыркүйек 2014 жыл)

**  ***

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *