Ашу(60)

Бөлім: Зікір өлеңдер 50

Ашулану болса дертің,

Соңыңнан ерер жендетің.

Айықтырмас күнәдан,

Тозақтық болып өтпексің.

Қызулықты шығар бойдан,

Тілге ерік берме қолдан.

Үнсіз қатыр жауыңды,

Шыға алмай жатсын сайдан.

Қатты мінез, күйгелек,

Ұрысуға сөз іздеп.

Түбіңе де сол жетеді,

Жанды жеп өлтірмек.

Ашу менен қиқарлық,

Мін іздетіп сынарлық.

Шақырып жынды келеді,

Ақылға дұшпан боларлық.

Мінезге қой тосқауыл,

Шират, босат болма ауыр.

Тоқтам салып ақылмен,

Тізгінді бер қыл бауыр.

Шірік мінез ұсақты,

Теріп жүрме құр боқты.

Тоқтам салып бұған да,

Айтпа сөзді қақ, соқты.

Ашуыңа тоқтам сал,

Күшік кезде қолға ал.

Ит болып өсіп өзіңді,

Қанатар балтыр қауіп бар.

Қаға біліп тоқтатар,

Ит мінезді жын болар.

Алтауың араз көңілде,

Арттағы майға жалғанар.

Иісін алып артыңнан,

Ернің сөзбен былғанған.

Ер қоспақ пен сөз қоспақ,

Білерсің Шәкәрім данадан.

Жер бетіне шашқан мейірім,

Адамзатқа беріп еркін,

Жар иеңнен үлгіні ал,

Кеңшілігінен алып демін.

Адамзатқа ашуланса,

Көп тозаңға айналар.

Бөлене алсаң шапағатқа,

Ақылыңды нұрлантар.

Ашу атты мырзаны,

Ақылың болсын қорғаны.

Жеңе білсең тоқтатып,

Сабырдан қуат болмағы.

Салып тұла бойыңды,

Толықсытып нұрлары,

Ай тәрізді салқын боп

Жер түбінен болар жалғауы.

Сасық мінез күнәдан,

Тазарт бойды арамнан.

Бір сілкініп азат қыл,

Адамдыққа бас қадам.

Қараңа қызыл қосасың,

Ұятпен қарсы тұрасың.

Сөзге айналып буынып,

Суымен сабыр басасың.

Белгісі сабыр білектен,

Аруағың бар күзеткен.

Ақ білекті болса әйел,

Иманы келер қан тектен.

Ашуды шығар аяқтан,

Сары су баста жын тұрған.

Ағармай мінез өзгермес,

Алмасаң азық табаннан.

Мінез туды ісіңнен,

Көгеріп өніп денеден.

Мінезге қуат жалғауға,

Көбейтуге жеріңнен?

Мінезді бой төрінен,

Ойпатты ой жерінен,

Зияраттап зейнет аларсың,

Жарықпен шапан киінсең.

Жаңа күнге ақ ниет,

Қадамға басқан қос тілек.

Жолында ата мирасың,

Жеті ата тегін иірмек!

(Шілде 2018 жыл)

****  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *