Әйел деген атау сөз

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №4 74

Қой дейтін қожа текті еді,

Әй дейтін әжелер ақыл кені еді.

Әйел десем әжеме тиеді деп,

Әйелдің түрі барын меңзегені.

Әй деп айту нәзіктерге жарасады,

Бұл сөзді әйел пайдаға жаратады.

Әй деген; «Идея» ғой сөз киесі,

Тауып айтса кім онымен таласады.

Ел деген сан-сезімге байланғанды,

Санаға, қанға қуат елмен жалғанады.

Әр үметтің, ұлттың өзіндік азығы бар,

Елдігін сақтаса ұлтын сақтағаны.

Европа жұртынан елдігін түгел алдық,

Салты мен тамағына құмар болдық.

Елдігіміз өзгеріп ендігі әжелерді,

«Элита» деп мақтаумен бағаладық.

Астарын зерттеңдер деген сөзді,

Құранның үкімі мүміндіктің өзі еді.

«Әй» деген «Эл» болып оқылғанмен,

«Ител» деп ата салты азығын елді.

Ендігі әжеліктен қашық болған,

Құр үлкен қатын болып ақыл тозған.

«Элита» емес «Ител» ге айналмай ма,

Жаулықты шылғау қылып ажал алған.

Кимешек киелі зат кемпір киген,

Киесі болмаған енді «Итела» деген.

Ит-мінез, Тела-дене болып,

Ит үреді, керуені ұлттың жүре берген.

«Иттела»-ға айналған нәзіктер көп,

Білімді меңгеріп «Элита» атаңдар деп.

Шариғат пен Құдай ісіне қарсы болып,

Азғырып жастарды, адамдық үлгісі жоқ.

Құдайым жасымнан төбеттік мінез беріп,

Білгенді қатыным азатынын жұртқа еріп.

Төбеттей мысығымды күнде талаған соң,

Өзгерді дәстүрімен  әженің кейпіне еніп.

Әжеміз енді, «Әй» дейтін болды күнде,

Бұған қарап мендей төбет өзгермей ме?

Иттік мінез «Итела»-денем кетіп еді тастап,

Қой дейтін қожа болдым кішілерге.

Замандас жыннан адам бірден болу қиын,

Шайтаның жүр қасыңда күнде беріп сыйын.

Тақуа кемпір болмай «Әй»-ді айтпас,

Әйел мысық мейлі қандай қызмет қылсын.

Еркек жынынан тазармаса ит болады,

Босқа үріп қатынына тиісіп жеп болады.

Ата дәстүр ұстанып мүмін болмай,

Ит пен мысықтай аңдысқан жұп болады.

Ұстанбай дәстүрін ұлттың күнәң малың,

Күнәдан шын-шайтан боп жаралғансың.

Күнәлі рухың мал боп қуатқа айналғаннан,

Еркек ит, әйел мысық некемен байланғансың.

Қатын деген адамдық беріп сипат,

Атаған қадірлеген сөз ғой жұмсақ.

Әйел деген қатыннан кемпір-ана болмай,

«Элита» әйел иттің жұбы ғана болмақ.

Ер болсаң арсыздықтан тый жарыңды,

Адалдап ішсең күнде тамағыңды.

Құдайдың өзі саған жәрдем берер,

Жалғанып аруағыңа, аласың иманыңды.

(қаңтар 2014 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *