Ұнатамын себебі ұқсатамын

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №4 57

Мен де бүгін меңгеріп ердің жасын,

Жаным жас мен нәзіктерді ұнатамын.

Түрі жылы сөзі майда қызды көрсем,

Жігіт боп, әзілді де жиі айтамын.

Сөзі сырлы ақынжанды ұнатамын,

Нәзіктерді сырын ашып қайғырғанын.

Ұнатамын сөз емес ғашық деген,

Ұнатқаным біл періштеге ұқсатқаным.

Сұлулықтың символы ғой нәзік жандар,

Ей еркектер нәзіктерсіз қандай күн бар.

Бес күн жалған жан қуаты шамды алсаң,

Төртеу түгел ұжмағың да осы болар.

Нәзік жандар сана-сезім бұлағы ғой,

Ар, ұятын қорғаған даналық қой.

Ақ жаулықты, етегі жерді сызған,

Білгенге қанатты нағыз періште ғой.

Тегі әлсіреп қайғы мен жапа көрген,

Ұнатамын шыдаммен ақылды сөзін білсем.

Ұнатам да ұқсатамын аққу құсқа,

Сыңсумен жұбын текті іздеп жүрген.

Текті туған бойдақ, жесірлерді ұнатамын,

Тоқал қылып ойша текті ерге ұзатамын.

Астарлап талай өлең сөзді айтқан едім,

Түсіне алмай дәстүрін жынды аталдым.

Кейбіреулер үнсіз белгі жазып келіскенді,

Мұндай неке дәстүрсіз жарасып келіспейді.

Мен тақуаның, ол европаның дінін ұстап,

Қан тазарып текті ұрпақ тағдыры жетілмейді.

Кейбір нәзік жасын жылмен санап алған,

Сен кәрі мен жаспын деп өмірді бағалаған.

Өмір деген ер мен әйел қатар аққан екі өзен,

Бірі қатты, бір мүлде ағысын баяулатқан.

Өзен өмір нәзікте бұл қан ғой аққан,

Тамыры әйел заттың жіңішке ұзын болған.

Етеккірмен өлшенген өмірі әйелдердің,

Қазақта қыздарды ерте ерге неге ұзатқан?

Қаннан жан қуаты сезімнен өнеді екен,

Қанына әйел, ер ұрығынан егін еккен.

Әйелден жан қуаты ерге шарап болып,

Ердің жаны санамен бірге үлкейіп өседі екен.

Етеккірмен бірге тоқтар нәзікте өмір өзен,

Қазақта қырықтан кейін әйелдер күйлемеген.

Бәйбіше-әже аталып тақуалық тазалықты,

Аналар  жан ғылымын меңгере білген.

Қырықта қатын қылық ашса шайтан деген,

Қызғанып байын төсекте іздеп жүрген.

Нәпсісін тазартуға бүгінде құлық болмай,

Семіздік не ауру ұрығынан ерден келген.

Тақуа болса әйелдер ана деп аталады,

Тақуалық  тек бәйбішелікпен басталады.

Бәйбіше де жесірдің жайын кешіп,

Бар әйелмен мұңын біліп дос болады.

Өзен өмір ағысын баяулатар тақуа болса,

Ер азамат қырықтан асып ақыл толса.

Жас деген дене, терімен бірге түлеп өскен,

Еркектің жаны жас болмай ма кейін туса?

Әйел бойын береді бала мен жарына,

Әйел жаны балық қой жаралған басында.

Ұрығы бойында боп, бой беріп жан көшеді,

Төрт әйел бір ерге сыйлайды бой- жасын да.

Ұрпақтың некеден тағдыры мықты болған,

Бабалар дәстүрі тегін ердің күшті қылған.

Ендігі бүгінгі күн тегімізбен мақтанамыз,

Еңбегі ол аналардың бәйбіше, тоқал болған.

Тәні тозып рухы күнәдан ердің тазарған,

Сүйегіне май жинап жаны да жас болған.

Тоқсанбайлар осындай жаннан шығып,

Даналық пен қан қуатын анадан қоса алған.

Ұнатамын үш күнін ойлаған нәзік жанды,

Үш күнің отыз жылға айналып бағаланды.

Ұнатамын отыз жыл қосып ойланатын,

Отызында алпыстағы кемпірдей ойланғанды.

Арсыздық ол қырқында қыздай қылымсыған,

Шайтандық байын төсекпен қызықтырған.

Тазарта алмай, ұрықты қанына қорыта алмай,

Батпан құйрық, не дерттеніп  қурап солған.

Жас дегенің жыл емес санмен алған,

Жан өлшемі ақылдан нәрін алған.

Ақыл жастан, асыл тастан шығады деп,

Жас-дене, тері, алтын тас- асыл сүйек болған.

Ұнатамын нәзікті тағдырын болжай алған,

Дәстүріне ата-баба құрметпен қарай алған.

Ұқсатамын мұндайларды періште аналарға,

Жолын қуар Домалақтай ұлтына ана болған.

(қаңтар 2014 жыл)

***  ***

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *