Әйел ердің егіндігі

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №3 34

Дәстүрден бүгін жаңылған,

Арсыз ел салтына таңылған.

Жоғалып нәзіктер ұяты,

Ерлерде көп сана жабылған.

Сананың қан еді мекені,

Арлы әйел болар жетелі.

Қанынан шарап ішкізіп,

Еріне сыйын береді.

Сақтаған дәстүр үлгіні,

Ерінен әйелге зейнет киімі.

Сасыса ерлер етің тұз себер,

Азса әйел тұзы не себер?

Меңгеріп болдық білімді,

Түгелдеп дүние ісіңді.

Қаны азып, сана жабылып,

Нәсілің өнбей үзілді.

Білдім дейсің не білдің,

Жаныңа қандай іс қылдың?

Білмесең діннің парызын,

Жауыңа құл боп таңылдың.

Өзім деген бастапқы барыңды,

Алғансың сонан жаныңды.

Басыңа бар ма пайдасы,

Көбейткеннен жауыңды?

Сыртың сұлу, ішің боқ,

Өртенбей нәпсің, болмай шоқ

Байсыз қара қатынсың,

Шайтанмен жүрген жолдас боп.

Ұйқыда жаның жынмен боп,

Жылуын берген сөніп от.

Адамдық бақшаң өне алмай,

Жынға қатын болған көп.

Адамдықтан жаның қашып тұр,

Еңсеңді жын басып тұр.

Басыңнан шыққан ой будан,

Жауларың азық алып жүр.

Қорғамай басты жаулықпен,

Бойда болар азық кем.

Етегің жерге жетпесе,

Тұзың болмас ерге ем.

Жаныңа жарық іздемей,

Ұяттың үйін бүркемей.

Ар киім-бой болмаса,

Қонбайды бақ, ес кірмей.

Саясы болмай тал-бойда,

Бақшасыз бұлбұл  қона ма?

Жібектей болмай мінезің,

Қадірің ерге бола ма?

Бөз киім ақ бола ма?

Қансыз тек өсіп тола ма?

Қаны әлсіз азған қатыннан,

Дені сау бала туа ма?

Ерлерден сауыт былғанды,

Қадірі бастың жоғалды,

Бөріктің кетсе қуаты

Ар сауыты қалай болмақшы?

Бере алмай киім зейнетін,

Өсірмей аруақ денесін.

Қатының — шайтан, өзің — жын,

Міне алмай Нұқтың кемесін.

Еркегі азған еліңнің,

Санасы болмас биліктің.

Ұятсыз, арсыз салтың боп,

Бірлігі кетті еліңнің.

Ашылмай құран парасы,

Ұлтыңның өспес бақшасы.

Арамданса жерің егіндік,

Жемісі қандай болмақшы.

****  ****

Нәзіктер жанның жарығы,

Шамына ердің май азығы.

Етек пен табаны ағарып,

Болады көңіл киіз қазығы.

Әйелдер ердің егіні,

Бой бақша оның өнімі.

Санаға шарап жүзімнен,

Мұны ішер ердің көңілі.

Мұндай жарды ерлер аяла,

Жанына жара сен салма.

Қара нан мен шай берсе де,

Бал ішкендей бағала.

Әйел ғой ердің егіні,

Жатырда алтын бесігі.

Қорғашы арам жаулардан,

Аманат ерге бұл болған.

(Желтоқсан 2013жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *