Махаббат және ғашықтық (Абай ата философиясы)

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №3 150

«Ойшылдардың сан менгерген бірімін деп

Сөз түзелді, елім де түзелерсің сендер де» деп.

Дана Абай сөз ұғымын жолға салып,

Қазақтың салт-дәстүрін баяндапты түгелдеп.

«Ғашықтық, құмарлықпен — ол екі жол,

Құмарлық бір нәпсі үшін болады сол.»

Ал шын ғашықтар нәпсіден үстем болып,

Жардан зекет, жаратқаннан сұраған қол.

«Ғашықтық келсе, жеңер бойды алып,

Жүдетпек, тәнді безгек ауру сықылданып.»

Шын ғашықтың үміт оты сөнбес анық,

Жарқырап жарық берген шамдай жанып.

Құмар-ғашық нәпсінің бұл бір ісі,

Құмарлықтан  қуат іздеген бұл бір кісі.

Махаббат деп шатаспа надандықпен,

Құмарлықта ар мен ұят, ізгіліктен болмас ісі.

Махаббат құралады ұят, ар мен иман болып,

Жаралған адамзат ізгіліктен тағдыр біліп.

Раббыңа берген уәде «әлмисақтан»,

Адамдық-махаббатты сақтау аманаттан.

Түсінбей адамдықтың сен пайдасын,

Көңілдің білмей жайын, ар мен бой айласын.

Махаббат арсыз, ұятсыз, имансыз тұрақтамас,

Өнер ғылымсыз, дәстүрсіз таба алмассың.

Бойыңда тәрбие мен ар-ұят иман болып,

Ғашықты меңгер, жан жарыңа тіреу болып.

Жүректер қосылумен рухани егін болып,

Махаббатты өсірерсің, ғашықтықтың гүлін сеуіп.

Махаббат ой бақшасы, дәмі мен қызығы бар,

Есті адам ғана бұл сырды жанмен ұғар.

Адал еңбек, мал бағып, өнер іздеп,

Махаббаттың жолы ауыр, өтететін сынағы бар.

Махаббат сүйдім, күйдім ләзаттың қызуы емес,

Ақыл толып, ес жетілмей қолға өзі келмес.

Кек пен ыза, мақтан сүю, қызғанышпен,

Махаббатпен нәпсіні шатастырған дұрыс емес.

Ғашық болу ақ көңілмен армен тану,

Естілікпен өлшенсе махаббатқа жолды салу.

Мәңгілік серігім деп иманмен көңіл қоссаң,

Есігін махаббаттың ашатын бұл бір қару.

Махаббат  жүз түрлі қуаттардан құралатын.

Ғашық болмақ, бір сипаты махаббатың.

Ал тоқсан тоғыз сипатын ар деп атап,

Арлы, иманды адамға ғашық болу жарасатын.

Шопанның бағып жүрген жүз қойы бар-ды,

Бір күні бір қойы табылмай жоғалады.

Тоқсан тоғыз қойын  тастап бір сайларға,

Қойшы тынбай іздеумен  бір қойын тауып алды.

Тоқсан тоғыз қойының жайына қылмай уайым,

Бір қойдың табылғанына қуанып қылған тойын.

Бұл бір мысал Ғиса пайғамбардан абай бол деп

Ессіз ғашық қойшыдай ұмытқан ар мен қойын.

Іздесең махаббатты, шын ғашық болу керек,

Арлы боп, таза ақылмен, бой ұсын болып зерек.

Тағдырдың сынағынан өте алсаң қанағатпен,

Махаббат бақ боп, қыдырмен жүз қой келмек.

(Желтоқсан 2013 жыл)

***   ***

One thought on “Махаббат және ғашықтық (Абай ата философиясы)

  1. Жалғасын оқығың келсе қандай ойда саул болса жазыңдар мен жалғасытайын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *