Дәстүрмен сақта бірлікті

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №3 2

Жинауды неге білім жек көрелік,

Білім — байлық, ақылмен ес білерлік.

Кемесін Нұхтың мініп оймен шарлап,

Бұл теңізден несібе жеп көрелік.

Ойды азат қылып ес білерлік,

Іздейік артық ақыл деп көрелік.

Ойменен артық ақыл аулап алсақ,

Арттағы жастарға оны тек берейік.

Білім шапан кигенің қара барқын,

Білмейді жаман кісі сөздің парқын.

Жанды білім зейнетін іздеп тапсақ,

Иман болар ақ-қараны ажырататын.

Ерлермен дәстүр білмес болмай жолдас,

Қас қылған өз ұлтына жігіт оңбас.

Халқына шапағаты түспей ілім болмас,

Саясы жоқ ағаштай бұлбұл қонбас.

***  ***

Кимей жүрмін ақтан көйлек бөз болар деп,

Көз салмадым жамандарға сөз қылар деп.

Басы бос әйел көрсем сынап бақтым,

Үмітімді ақтайтын жақсы әйел кез болар деп.

Кездесер бір күні нәзік дәстүрін үлгі білген,

Арлы әйел ойдан бақша гүл өсірген.

Мінезі жақсы әйелдің болып шамдай,

Артыма дәстүр-салттан үлгі болса  екен.

***  ***

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.