Әйелсіз бар ма бақыт?

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №2 97

Әйелсіз басқа бақыт қонбас еді,
Осыны жарты естілер ойласа еді.
Әйелге ғашық болу күнә болса,
Әлемде ешбір адам болмас еді.

Әлемде ешбір адам болмаса егер,
Діннің де қасиеті қалмас еді.
Мұхаммет пайғампар да ғашық болып,
Хадиша апамызды алмас еді…

(Байыт ақыннан)

***   ****

Атаңды анаң жазғырып,

Түсірмегенде жаннатан.

Біздердей адам баласы,

Туылар еді қай жақтан?

Ағаштан жын жемісін алмас еді,

Адамзатта күнәден жаралмас еді,

Әйел еркек өз ара ғашық болып,

Жер жүзін мекен қыла алмас еді.

Діннің де онда керегі болмас еді,

Жамандық атты болмас еді.

Барлық жаратылыс тек періште боп,

Бұйрықсыз да қозғалыс болмас еді.

Жан өсіп, жаннан шықпаса,

Өсіріп сезім, рух егінін

Бақшадан ләзәт, дәм татпаса,

Күнәні жеңіп, жан жай табар

Махаббатпен ғана баптаса.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *