Парыз жүгі орындалу керекте,

Алты жасар ұлымды алып жетекке,

Ауыл шеті әкем жатқан зиратқа,

Келдім әке дұға жасау ниетте.

Жатқан жерде торқа болсын топырақ,

Мекн жайда алғын орын бақ жұмақ.

Тылсымнан тұрсын ба әке сен сынап,

Алдымда тұр артта қалған-біз тұяқ.

Қырау шалып, самай шашын балаң тұр,

Ата текті ұрпағына жалағап бір.

Алты жаста еміс-еміс есімде,

«О дүние әке өзің есігіне» енгенде.

Содан бері талай жылдар өтіпті,

Ақтадым ба өзің артқан үмітті.

Арман еткен шын, биікке жетім бе?

Салдым ба әлде тектілікті тепкіге?

Ақиқатың ақ қарасын ажырат,

Адасқанды кешір әке, ақыл айт.

Аға жігіт 40 жасыма келгенде,

Тілдесейік сен аруақ мен пенде.

Немереңді алдыңа алап келгенде,

Жан біткендей қорғаныңа темірге.

Болып бізге қозғадғандай көрінді,

Аунап бір түсің бе екен өзің де.

Немереңді алға тартып ақталам,

Кезім болса сеніміңді таппаған

Кешір әке, ақ шаша басқан балаңды,

Мінезім де өзіңе әке тартпаған.

Тілеуіңді берген екен қартау болған кезіңде,

Күшік қылып, аяның да атымды айтып өзіңе.

Қыңсылаған қалды «аманат» боп еліңе,

Кеме кетіп, қайық қалды «өмір» атты теңізде.

Асау теңіз айдынында толқындары тасыған.

Шыңдалудың жолдары тосқан екен жасымнан.

Қилы-қилы толқындарда қайық суға батпады,

«Күшік» өсіп, төбет болды» артағы.

Толқындарға қарсы жүзер кез келді,

Арман, мақсат жағалауын іздеуді.

«Қасқыр алар» төбетер де болады,

Өмір-күрес, күрес жолын меңзейді.

Асқар тау боп әке тұрса айбарлы,

Нар түйеде ауырлығы, жеңілдікте тайлағы,

Балаң көрген қиындықты немреңе бермесін,

«Ақ батаңды» берші әке алқанды жай дағы.

Немереңді өсірейін, немереге жетейін,

Тәрбиелеп тұяғыңды күнә жуып өтейін.

«Ата көрген оқ жонар»,-дейді қазақ

«Азамат» қып ел жұртына текті қылып кетейін.

Жалғандықтан мәңгілікке жүріп өтер жол сапар,

Міндеттер мен парыздардан құралар.

Әке жүгі мойнымда тұр бүгінде,

Тылсымда да лсы парыз сұралар.

Ол жақта да кездесетін күн келер,

Әке сезім, бала сезім тербелер.

Жалғандықта мақсат қойдым өзіме,

Ұялмастан тік қарауды көзіңе.

(24-қаңтар. 2002 жыл Тарыбаев Қыдырәлі.)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *