Не істеу керек?

Бөлім: Өмір баспаладақтары-Қ.М. Тарыбаев 0

Өмір жолың бөлінгенде тармаққа,

Кезі болар жауап іздеу сұраққа.

Сұрапыл сұрақ «Не істеу керек?»

Адаспаған биіктерден көрінбек.

Өмір жолы бұралаң, ойлы-қырлы,

Ақ, қарасы арлас жұбақ сырлы.

Жеткізбейді арманға сағым суы,

Жетелейді биікке шындық туы.

«Асықпаған арбамен қоян алар»

Асықпаған кей кезде жолда қалар.

Қадамыңды ақылмен аңдап басқын,

Аққа басқан қадамға сауап жазар.

Күн туғанда, қиналғанды сүйеп пе ең,

Жақсылық та, жамандық та ниеттен.

Қайтарамын Алла жазар маңдайға,

«Жазымыштан-озмыш жоқ» қандайда.

Адалдығың, парасат, алтын қазық, тіреуің,

Ақыл, ойың, сырласың күш-қайратың, жігерің.

Тағдырыңа жазмыш сапар жүрерің,

«Бір Алланың ақтығы» болсын пенде сенерің.

Сұрапыл сұрақ «Не істеу керек?»

Ақ пен қара ажырата білу керек.

Мақсатыңа адалдықпен жету керек,

Бір Алланың барына сену керек.

(Желтоқсан 2001 ж. Тарыбаев Қыдырәлі Момбайұлы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.