Ақындық ар санамен

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 55

Ақындық Дәуіттен қазық болған,

Құдайдың құлына тән қасиет қонған.

Құранның жеті үнінен хабар берген,

Қазақта жыраулар көп үлгі қылсам.

Абай-Шәкәрімнен мирас қалған.

Сөздің ойын құранға жалғастырған.

Ақынды тәрбиелер Құдай өзі,

Уәзінмен өлең жазу нәсіп қылған.

Дін дәстүрін меңгермей өлең жазған,

Түзу сөзді сезіммен ойын бұзған.

Ақын сезім сана түгіл жетесі жоқ,

Пайғамбарлық қасиетсіз жынсыз болған.

Өңкей жынды өлеңді кәсіп қылған,

Басында бөркі де жоқ жын тазартқан.

Сана түгіл жетеден хабары жоқ,

Бес сезіммен етек басты ақын болған.

Өзі шайтан жаулықсыз жан жоғалған,

Қатын, қыз ар ойламай сезім қуған.

Асыл сөздің құтын қашырып жүр,

Тек аздырып Құдайға қарсы болған.

Кейбіреулер сөз асылын теріп жазған,

Ар-ұят, ұжданды айтып үгіт қылған.

Өзінің ар сауытын меңгере алмай,

Бұл бір жынның биігі пері аталған.

Абай-Шәкәрімді қырына алған,

Санды білмес санасыздар білім қуған.

Кітабын арқалаған есектер ғой,

Ұлт бақшасын өсірмей қауым болған.

Бой ұсынбай Аллаға дінді қуған,

Қара шекпен кигені іші боқтан.

Құдайсыз қурайды сындырмаққа,

Пері емес пе, тәңірсіп теңдес болған.

Он үңгірден өттің бе ақын болсаң?

Жеті жанды өсіріп бақшаң ойдан?

Ата тектен ауысқан қасиетті,

Ақтап алмай, ақынсып келдің қайдан?

Дін жаның кісілікпен бүтін қылған.

Меңгермей сопылықты дәстүр болған.

Білімге мас жындыларды ақын атап,

Ар-ұждансыз, құрансыз ойың жалған!

(Наурыз  2017 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *