Өмір сыны(136)

Бөлім: Зікір өлеңдер 53

Қыл үстінде тұрғандай,

Күй кешіп жүр адамдар.

Сынағын өмір қарсы алмай,

Төзе алмай жүр жарандар.

Ойды алысқа жұмсамай,

Ақыл өспей қысқарған.

Жаратылыс сырын ұға алмай,

Дүниауи біліммен мақтанған.

Құдайлық ілімді жоғалтып,

Пәншілік дінді бояған.

Бос машақат орнығып,

Ертеңі қиял бос арман.

Көңілде тапшы қуаты,

Жаны жоқ таза ақталған.

Тылсымнан болмай кітабы,

Аян мен уақи иманнан.

Жарға деген ғашықтық,

Алар ма орын жүректе.

Машақатсыз құлшылық,

Тосылар қызық дүниеге.

Әлсіреген қайрат бар,

Ақыл жетпес анықтар.

Түбінде бір сілкінтер,

Алладан уәде жарық бар.

Заманның соғар дауылы,

Үміттің отын жағуы.

Жүректерден үн келіп,

Ашылар тылсым тағдыры.

Дін-тағдырың амандық,

Аманат мирас үш байлық.

Елдігің мен ұлттығың,

Қияметі Құдай сыналық.

Жалықтырар жалғандық,

Дүние қызығы сандалтып.

Аласұртпай жаныңды,

Ақиретіңді ізде жол тауып.

Ойпатты жерде өмір бар,

Мәңгілік жанға қосылар.

Досына Алла тағзым қыл,

Жаныңа иман сыйыңды ал!

(Қыркүйек 2018 жыл)

****  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *