Ақ ниеті кімде бар?

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 226

Тілмен айтып ақталар,

Көп адамда әдет бар.

Ниетім ақ менің деп,

Жан-жағына жар салар.

Жамандықты қазбалар,

Жалықпай оны қайталар.

Өзімде жоқ бұндай деп,

Жақсысын айтып мақтанар!

Ниеті түзу пенде бар,

Көңілден сөзін шығарар.

Аузын ашса жүрегі,

Сөзін айтып нұр шашар.

Ақ ниетте болмас қар,

Салқын суық сөз шығар.

Өзгелердің жаманын,

Елемейтін мінез бар.

Жақсылығын жариялар,

Жаманды көрсе жасырар.

Кешіреді ұзатпай,

Ақ ниетті адамдар!

(Желтоқсан 2016 жыл)

***  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *