Қызу қанды мастыққа…  

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 44

Ақыл кемдік жастықта,

Қылығың ұқсас мастыққа.

Балалық пен шалалық,

Әйел мен жасқа таңсық па?

Ақыл айтпа пасыққа,

Жігерсіз надан жасыққа.

Аяқсыз қалған аруағын,

Серігіне қосып па?

Жан-Басын іздеп тауып па?

Аталар жолын алып та,

Масһабшы болған ұрпағы

Әулиесінен бата алып па?

Ақ жолын ұстап халық та

Аманатына адал болып па?

Білімін ақыл қылғандар,

Бассыз иман тауып па?

Тыйым салып жаулыққа,

Қуанған көп халыққа.

Тағдырына қарғысты,

Жалғанғаны бақыт па?

Мәңгілік дүние байлық па?

Елдігін жансыз тауып та.

Асыл сөзден ой ұрлап,

Зияткер кім анықта!

Ғылымды ғалым тауып па?

Ақылы нұрлы жарық па?

Құдайсыз қурай сынбасын,

Білмейтін қазақ болып па?

***  ***

Жаманнан жақсы туар,

Адам айтса нанғысыз.

Жақсыдан жаман туар,

Бір үзім нанға алғысыз.

Төреден де тексіз туар,

Төбеттей жүрген қарғысыз.

Қожалық ауысып тұрар,

Қаны азса болып дарымсыз!

***  ***

Адам болсаң санай біл,

Санасызға абай бол.

Санасыз болсаң малай бол,

Мейлі керей, адай бол.

Үйсін,қыпшақ, арғын бол,

Құдайға бірақ жақын бол.

Танымайтын Құдайын,

Тексіз қалған жаман біл.

Уақ әлде найман бол,

Қоңыратқа ұқсас матай бол.

Ата дәстүр дін, ділін

Сақтамаса абай бол!

(Желтоқсан 2016 жыл)

****  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *