Бүлінгеннен бүлдіргі алу…

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 48

Өз елінен ел билік жау іздеген,

Бүлікшіні заңменен тізгіндеген.

Себебін білімменен таба алмай,

Қазақтың надандары ел билеген.

Пендешілік бұл қазақтың соры деген,

Қонағын кел дегенмен кет демеген.

Өз елінде өгейдей күн кешуге,

Өтірікті көп айтуға мәжбүрлеген.

Соғысуға діншілік бүлдіргімен,

Халыққа күмән салып тізімдеген.

Ел билікпен араға орын қазып,

Қорғанбақ зұлымдардан дінді білген.

Нұр отанмен партиясы ел бүлдірген,

Шет елдің құдығынан су ішкізген.

Сиырдай тойып алса сүйкенетін,

Ата дәстүр өресінің жібін үзген.

Батыстан үлгі алып күдер үзген,

Құдайсыздық әдебін заңмен жүрген.

Шошаңдатып жындыға айналдырды

Сақшыларын жол тәртібін күзеттірген.

Ынтымақ ел бірлігін дінмен өрген,

Тарихта ата-баба ізін жүрген.

Өзгертіп нұрлы жолмен мәңгі елге,

Құдайсыз қурай сынбас ескермеген.

Абырой беделдерін жинап жүрген,

Шашып жатыр уәзірлері сеніп жүрген.

Басын сұғып отыз елдің батпағына,

Шошқа түртпеген не қалды өміріңнен?

Қарғысын аруақтардың түспен көрген,

Есті жоқ ел билікте ілім білген.

Он бес сағат қиямет сыны, азап түспек

Бүлінгеннен бүлдіргі алып білімменен.

Пейліңді тарылтып ел билеген,

Мақұлықтай өз иісінен жиренбеген.

Тарих деген құдығыңнан су ішкізбей,

Қайран далаң қазақ иісін сезінбеген!

Шөбіңнен құнар кетіп ділің өлген,

Жауабын беріп жатыр өлімменен.

Төмпешікті көбейтуге жан таласып,

Тажал шықты өз ішіңнен ел билеген!

Тажалдық дін дәстүрін меңгертпеген,

Іліммен білім түбін мәнін білген.

Қазақтың бәрі менің жалғызым деп,

Абайдай даналығын терістеген.

Өмірдің мәні жалғыз жаның берген,

Жалғыздықты ақылмен еспен білген.

Бұл өмірде есті жалғыз, қазақ жалғыз

Мәңгіліктің нәрін алған дәстүрменен!

(Қаңтар 2016 жыл)

****  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *