Мен кепіл жастықтың екі келмесіне,
Құдайдың жазған тағдыр бұл пешенесіне.
Бұл бір адамзатқа берген дәулет,
Жұптасуды бұйырған әрбір пендесіне.
Жақсы жігіт жүреді де өз жайына,
Кез-келген дәмді алмас таңдайына.
Сырты сұлу, жеңсікқұмар нәпсіге ерсең
Бассаң кетпен, сабы тиер маңдайыңа.
Күнде көрген бір беттен көңіл қайтып,
Тәні сұлу, арсыз қыз болар қаншық.
Мұндай қыз жар болып, жан жылытпас,
Байланған ат кермесіне көтерем болар анық.
Жұлдыз деп аталғанмен болып малды,
Жұлдыздан ондай тантық, нұр алмайды.
Кермесіне атыңды байлай көрме,
Тегің түгіл, қаның да тазармайды.
Өзін-өзі мақтағандар өлгенмен тең,
Сырты сұлу, іші суық, қары ерімеген.
Хайуандай күйшіл болып, ондай қатын,
Еккен егінің желге ұшқан күлменен тең.
Жаулықсыз, етексіздің жыланы бар,
Ерінің мойына келіп бұл оралар.
Жабылып сана, жаман-жақсы ажыратпай,
Қол мен аяқ арасынан жала алар.
Ұяты, ары бардың ақылы, иманы бар,
Нәзіктерде мұндай гүл бақшасы бар.
Шашы алтын, жұпар иіс басты болған,
Ексең егін бітік шығып, еңбек жанар.
Мінезі жақсы қатын жаққан шамдай,
Жарығы түгел жетер жан-жағынай.
Қара нанмен, ықласпен шай берсе де,
Таңдайға дәм болады шекер-балдай.
Жігіттер мұндай жарды бағалаңдар,
Ақ отау кермесіне ат байлаңдар.
Үш ағашқа ат байлаған текті болып,
Ұлтының дәстүр-салтын ақтадыңдар.
(желтоқсан 2013)
**** ****