«Алланың жеті аспанды қабат-қабат жаратқанын көрмедіңдер ме? (15) Олардың ішінде айды нұр қылып, күнді шам қылды». (Нух -17)

Ғалымда негізінен ай және аспан әлемі туралы мағлұматтар бақылаулар, жерден жүргізілген оптикалық және радиоастрономиялық (сәуле дыбыс тербелістері) арқылы нәтижелеген.

      «Көрмедің бе? Расында Алла түнді күндізге қосады. Сондай-ақ күн мен айды бағындырады. Барлығы белгілі бір мерзімге дейін жүреді. Рас Алла олардың істегендерін толық білуші».  (Лұқман — 20) Түн қараңғылық бояуы, қаншалықты араласуына байланысты түн қараңғылығы пайда болады.

     Жер бетінде 6,5 млрд. халық тұрып жатыр. Және жыл сайын өсіп келеді. Түрімен, түсімен бейнесімен, тілімен бір-бірінен өзгешелігі, айырмашылықтары және ұқсастық белгілері бар. Енді тәпсірлер бойынша осынша жанды жаратып олардан уәде алған сол уәдені “Әлмисақ”- деп атайды деп түсіндіреді дін танушы ғұламалар. Шындығында солай ма? Ғылымға келмейді, ақылға сыймайды.

      «Рас үстеріңде жеті жол жараттық. Сондай-ақ жаратқанымыздан хабарсыз емеспіз».(Мүминұн-17)

      Жоғарыда көрсеткендей күн және ай жолдарының әлемдік немесе ғасырлық сипаттағы жолдары жетіге бөлінеді. Адамзат баласы да сонымен бірге жеті түрлі өзгеруге тиісті, яғни ғылым, білім және жер бетінің ықылым (климат) өзгерістері болу шартты үкім.

      «Жолдары бар аспанға серт! (7)  Күмәнсіз сендер талас-тартыс сөздесіңдер (8) шындықтан  бұрылған бұрылады. (9) Ой жорушылар құрысын (10) Міне солар  білімсіздік ішінде жаңылысуда». (Зарят11)

     Жер асты жолдарын су және басқа да байланыс белгілерін құранда; (Ғанкәбүт) «арна» деп атаған. Сол арнаның әрбір мемлекет, қалаларда белгісі бар, оны апан деп атайды.

     Әр халықтың дүние танымдық, салт-дәстүрлік және жаратушы негіздерін тану ерекшелігі болуы өз өмір сүрген ортасына, ішіп-жем, тұтыну бұйымдары, қоршаған ортаға тигізетін зиянды-зиянсыз әсерлеріне тәуелді болып келеді. Бір халыққа ортаға бейімделу дәрежесінде жақсы зиянсыз әсер еткен нәрсе келесі бір халыққа кері әсер беріп, жұмбақ немесе аз мағлұматы бар болып танылады немесе басқа қырынан белгілі болады.