Ақирет азығы, зейнет киімі

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №1 66

Құл екен мүмін болып кітап көрген,

Азығын адал еңбек кәсіп қылып,

Дүниесін тіршіліктің жинай білген,

Болыпты бір тұяғы соңынан ерген.

Хабары жетті әлде бір құдайдың,

Жеткенін жас ұлғайып күші қайтып

Ажалы жақындағанын қылып уыйым

Аманат сөздерін  ұлына берді айтып.

Өсірдім сені балам мұқтаж қылмай,

Тәрбині көріп өстің менен осылай.

Ендігі арта саған жинаған дүние барды,

Мал мүлік, кәсіптің кілті жиған малды.

Ысырапсыз жұмсап, ұмытпай төлеп зекет

Садақаны кедейге  тарылмай беріп жүрсең,

Құлшылығың болсын елге қылған құрмет

Жинаған мал-мүлкіңде боламақ берекет.

Және айты ата дінің ата-салтың

Ажырмай діл-жаны болған халықтың.

Артынан беретін тіршілікте ұрпақтың

Сұрайтын жұқтажын өте аруақтың.

Бұл дүние қазынаны жоқшылықпен,

Жинаған кезім болып елді кезген.

Сол кезде көп киген шұлығымды

Мен өлсем ұмытпай кигіз деген.

Аманатын осылай қария айтып кеткен,

Өлімнің  уақыты да болды жеткен.

Жуып халық,  шалды кебіндеді

Оқитын жаназасын мезгіл келді.

Есіне түскен аманаты әкесінің,

Кигізбек болып халыққа сауал салды,

Шұлығын алып шықты кебежеден.

Бұл іске халық түгелдей қарсы болды.

Молда айтты ақиретке  еш адамзат,

Дүниесін бұл дүниенің алып бармас.

Аталмақпын қарабет, аманатты ақтамады,

Деп баласы бұл уәждерге тоқтамады.

Бір кезде бір шал келді асығыспен,

Келдім деп шалдан мына тапсырыспен.

Өлерінің алдында соңғы тілек арыз айтты,

Жаназа алдында тапсыр деп мына хатты.

Жазыпты ол хатында балам бұл аманатты,

Дүние түгіл, ақиретке өте алмаспын

Киімді де қалауымды болған өзіме тәтті

Алдыртпас,  қимас халқым ешбір затты.

Аяғым өзің болып балам мен жүретін,

Болсын қалқам маған енді шүкірлігің,

Дін дәстүрің аруақпен құлшылығың,

Орындап ата ғұрпын зияратап жер кезетін.

Абайдан дана өткен, жырлап ділді,

Намазын қызылбастан алар жұрттың,

Ұмытып ата жолын, құлар құрдым,

Қайғырып ескертумен қиямет күнді.

Ендігі дін ғалымы тілмәш болды,

Бес парыз намазымен сенім толды.

Иманың таза ақылмен жүрек болған

Оқысаң намаз өзі іздеп енбек болды.

Құран, кітап айырымасын ажыратқан

Рухпен жанды ғалым жоқ біліп жазған

Сенім сауыт, иман ақыл зейнет болып,

Хазірет бар ма ғылымын санмен айтқан?

Намазхан масһабпенен тура жол қып,

Киімін енді аруақтың киген бар ма?

Ғұрпын білген әулиелердің салған із қып

Аруақтын суын алып берген бар ма?

Қазаққа  ашылып кітап, елші келді,

Хикметпен ашылған жүрек көзім көрді.

Жолға шығып, сапарлас болып халық,

Садақамен нәпсімен соғысқан күндер болды.

Жұмсаған  халықтың малдарын Алла жолына,

Шайтандар азғырып ел билікті қойып қарсы,

Серік деп зияратап құрбан шалу аруағына,

Тиым салған садақаны беруге қолдан қолға.

Осылай Құдайдың лағнетін арқалаған,

Артқанмен саны жетім бала,  қатын жесір,

Жоғалтып құдай ісін, себебін білген кесір.

Ел болдық қияметің азабын сатып алған.

Аталғанмен ғалым, дінші, шейх болып,

Өлесің сенде бір күн, өтумен ақирет жайға.

Тәніңмен ажыраған рухың аруақ болып,

Бес парыз намазыңнан болмас пайда.

Хабарсыз болсаң аруағыңнан намазхан,

Мейлі бол,  шариғат білген данышпан.

Бес парызбен жүргеніңмен өзіңді семіртіп,

Аруағыңды қойдың шөл далада телміртіп.

Қазақтың мақалы бар  бабалардың,

Атаңа не істесең алдыңа сол келеді,

Намазхан дінші қандас абайлаңдар,

Десеңдер су бермесін и аяқтан баларың!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *