Ақжаулықтың ойбайы.

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №1 48

Қазақта мақал қалған даналардан,

Үш байлық ер адамға пана болған.

Ақ жаулық ортасы бұл үш байлықтың,

Қазына нағашыдан текті болған,

Тек қана мұны білген саналы адам.

Сөз қалған Абай-Шәкәрім бабалардан.

Сақта деп дәстүрін ұлттың және ғұрпын

Бірі ескертсе ескіліктің киім салтын,

Бірі айты қорғау басты ар-ұятың.

Ендігі ақ жаулықты басқа тарту,

Ескілік я арапшылдық ұлтты сату.

Жақында дін басынан болды ескерту,

Міндеті деп әйелзатына басты жабу.

Орамал мұсылманның сипаты деп,

Тиғаның болады деп бұл кәпірлік,

Исламның бұл өнеге ұлықсаты деп.

Құранда жаратқаннан аят болған

Қиямет мезгілінде мастық жайлап,

Көресің  деген азабымды белгі болған.

Масыңыз жын-шайтаның сипатындай,

Педелер екен миы ашып, ес жоғалған.

Орамал  сөзі, хиджап атап ойбай болды

Тілшімен, сөзші өңкей дін басына,

Жабылды сұхбатымен сөз арнасында.

Хижапты қазақ халқы кимеген деп,

Ескертті деп және айтқан ел басыда.

Япырымау құлағым керең бе екен?

«Ормал» деп айты ғой дін басы да.

Ел басы орамал тартпа  деді ме екен?

Хижап пен орамалдың айырмасын

Шынмен тілші, сөзші білмейді екен.

Хижап деген паранжа емес еді,

Бүркеншікпен нәзіктері басын жапқан

Арап ұлты арсыз,дінсіз  халық емес еді.

Тақуалғы нәзіктердің болса ұлтты сату,

Басын жапқаннан етек ашқан дұрыс көрген,

Кім болдың арсыздықпен болған тату?

Орамал, жаулық және кимешек боп,

Үш түрлі сипатпенен басты жапқан,

Қазақтың әдет-ғұрпын білмей ме екен?

Паранжаның айырмасы бетін бүркеу,

Қазақта келін түсіріп бетті жауып,

Бет ашу салты барын білмей ме екен?

Хижап сөзі паранжа кию деген емес,

Қазаққа мұндай дәстүр сіңген емес.

Хиджапен ақ жаулықтың аз айырмасы,

Ақ жаулық беті жауып, қымтап жабу.

Орамалды түрі көп,   салтымызда,

Орамалды еркекше шартпен байлап,

Атқа шапқан бәйгеге ұлтымызда.

Атасаңда хиджап деп негізі бір,

Жаулығы келіншектің мойын жапқан

Салыстыр аналармен жаулық тартқан.

Жындылар қарамасты сөздің парқын да,

Шайтандық көрмейтінді көрсек деген.

Арсыздық «гендірлік» боп салтымызда

Ұлттық ой тілдің арасын бөлшектеген,

Көргенсіздер ел басқарған халқымызда.

Мастығы  пенделердің болған шайтан,

Астарын, сөз қуатын білмей артын.

Қағыс естіп, бәле салу кәпірлердің,

Айналды енді тұрақты салтымызға.

Сұрағанмен айта алмас ел басшылардан,

Хижап пен орамал, жаулық айырмасын.

Сауатың жоқ дегені араптың сөзін білмей,

Құдайдан  атау сөздің  аянмен сырын көрмей.

Діншілердің  ана тілге қастығын бұл айласын,

Сынағы дегендей өздерің  көр пайдасын.

Жетілген жемтік жеумен, арсыз салтың.

Құдайға  жаланы жабумен жарысып жатсың,

Соқырлар, жалаңаш қотырлардан қалай қалсын.

Сөз  түсінбесе де дүние жинап болған дөкей,

Маслихат шақырып осылай ділсіз өңкей.

Құдайға заңмен қарсы қайырсыз аталсақта

Зайырлы болдық деп тағы да заң шығарсын.

****                *****         *****

Аманаты  аруақтың деп түсін халқым,

Болса араңда тектілер сөзді баққан,

Сөз астарын ескерген, көріп артын.

Аталы сөзге арсыздық енді салтың,

Ана тілің арың сенің ей қазағым,

Арап емес, ұлттық ділді аздыратын

Алғаннан европалық арсыз салтын,

Байқасаң азғындаған елің халқың.

Жоғалтып сөздің құнын, астарында

Мас болған, мәңүтіктің оқпанына,

Түскенін жастарыңның байқап парқын.

Ұрпағы алты алаштың Қазақ, Созақ,

Әкесі бұл егіздің болған Алаш.

Әлемге сөз үйреткен текті ұрпағы,

Өлшемей санмен білмей сөзін алып.

Ел басшы, көш басшылар есің азып,

Жатса да елің жұртың түсіп тозақ,

Қалайша ар-намыссыз болдың мазақ?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *