Аққу, сұңқар және ата жолы… (5-бөлім)

Бөлім: Аққу, сұңқар және Ата жолы тәлімдері 56

Ақ пен қара тіршілікте қатар жүрген,

Жақсы жаман өмірмен бірге келген.

Сыналмасаң мініңді көре алмассың,

Бұл бір діннің шарты ескермеген.

Масһабты ел билігі жақын көрген,

Дін ісімен басқаруға оңай көнген.

Кез келген басшыны сайлай салса,

Таңқалдырып жаңалық ашса деген.

Масһабпен тәпсір білім тәңірсінген,

Ой жорыған ғалым болып дәрежемен.

Ел биліктің екі жүзді саясатын,

Қолдауға дін сектасы керек екен.

Ата жол масһаб емес, білімге негізделген,

Бес парызбен мұсылман дінім деген.

Кейінгі түскен үкімі сәждесін исламның,

Ата дәстүр бірлігі еді бүтін діннен.

Құранда исламға үлгі мысал келген,

Алды-артынан бос сөз келмес деген.

Алдында үш кітап және елшілерден,

Ғибратын орындаған ислам діннен.

Құранның артынан да аятпен сөзі келген,

Құдай өзі әр пендеге жол-жоба берген.

Құдай ісін жоғалтып дінші масһабшылар,

Елшілік ісі Алланың аяты терістелген.

Жетесіз, білімділер сананы қайдан білген,

Аян, уахи жалғана ма бассыз жүрсең.

Ақ жаулық пен бас киімді артқа тастап,

Салпаң құлақ есектей перімен жүктелгеннен.

Жетеліктің қасиеті мен сырын түсінбеген,

Сананы қалай меңгеріп, ісін білген?

Ақ батамен, жер анадан табан жалғап

Ата жолында таза ақыл-ой үнін меңгермеген.

Кездесіп ақиретте жан өлімменен,

Шайтандық қуаттарды жаға білген.

Қорқытып ел аздырып қарсы болған,

Шайтанның жамағаты бірге жүрген.

Басында кедергісіз құран үнінен,

Ақ батаның қуаты болды хикметпен.

Шариғатын, дәстүрін ұстанбаудан,

Аққу, сұңқар үнді ұрлатып періленген.

Ақ батаға зар болар күнің деген,

Әулиелерден ескертуімен шындық келген.

Ел билік пен дінші, ғалым, білімділер,

Қуануға бұл да себеп, белгісі қияметтен.

Ата жолын жерледік, жеңдік деген,

Алланың ғайбат қуатына кездестірген.

Қияметтің бұл да бір шындығы боп,

Хақиқатпен бұзықтыққа тосу берген.

Мазақ қылған Алланың ғайбат күшін,

Дінші, ғалым, білімділер білмей ісін.

Ата жолдың хикметін жыннан деген,

Пайғамбардай жаралып па жаннат үшін?

Қарсылығынан ібілістің қасиет күшін,

Текті өсірмек меңгерумен біліп ісін.

Жындарды құлшылыққа жаратқанды,

Сәуегейлік, көріпкелдік көрген түспен.

Адамзатты жаратып үш түрлі тектен,

Тәнің құмыра — топырақ болған жерден.

Екі аралық нәрселерді босқа жаратпаған,

Жын қуатына жалғанып, жанды көктен.

Ыдысы тәнің, шарабы рұқың ішкен,

Малыңды бағып, егініңді өсіргеннен.

Қайратың жыннан, жаның періштелік,

Аруақ боп бір қуатпен көктен өткен.

Шайтаннан жан, жыннан мал қуат өскен,

Адамзаттан көбейіңдер деп үкім берген.

Дінші ғалым жаратылыстың бұл сырларын,

Түсіне алмас, тәпсір біліміне еліктеумен.

Бес күн  өмірің арасынан көк пен жерден,

Жалғандығын тазартып көбейтумен.

Жер мен көктен қуаттың екі түрін,

Төртіншісін өндірмек көркем сөзбен.

Жер көгерер жаратқаннан жаңбырменен,

Ер көгерер ақ бата көркем сөзден.

Жаңбырдан жан, жанды сөзден өркендемек,

Өмір нәрі тіршіліктің қасиетін көбейттірген.

Түстердің ажыратып жалған, шынын

Жындылықты меңгеруге жастық күшін.

Жалығу мен жалғыздықтан адам болып,

Ата жолы тақуалығының білсең сынын.

Көріпкелдік қасиетті жетілдірген,

Ата–баба аруағымен жалғай білген.

Төртеу түгел болса, келеді төбеден деп

Ақ пен қараны ажыратпақ ақылменен.

Қағылездік қасиетті меңгерумен,

Тазартып ішті,бес сезімді жетілдірген.

Жеті үнмен кітапқа жалғануға,

Маңдай көзі ашылар ақылдың жетесімен.

Құранда ұғым барды кітап берген,

Үнімен жалғануға мирас келген.

Ақ ұлдық бұл қасиет ата жолда,

Аян мен уахи алған елшіліктен.

Естідік тамақ ішпе деп көпшілікпен,

Ақ ұлға ақ батамен кезінде ескертілген.

Ажалына мезгілсіз себеп болды,

Ақ көңіл жұртқа сенгіш ескермеген.

Қазадан кейін түрлі сөз естігем,

Ақ ұлды өлтірді деп у берумен.

Өзінен зияраттап барып сұрап едім,

Не себеп, бұл жағдайға болды деген.

Батаға келіп Ақ ұл тылсымның дерегімен,

Ақ табақпен аққуың асыңды берер деген,

Жайымды менің сонда түсінерсің,

Бұл сөзі маған болмас жұбақ десем.

Ас суды таңдап ішіп үйренгеннен,

Жеңі жабық күміс білезікті әйелімнен.

Іштей мені кім аспен улар деген,

Өзге әйелдің қолынан ас ішпес әдетімнен.

Зымырап жылдар өтті кезегімен,

Бір күні маза кетіп ас жегенімнен.

Ішегім құрттай бастап арпалыстым,

Қайнаттырып ыдыс-аяқты бергенімен.

Түсінбей уланған астан себебін іздеймін,

Тексеріп қарап едім әйелдің білезігін.

Қолында күміс білезік көре алмадым,

Сұрадым; мұны қашан шешкен едің?

Жоғалтып шешкен жерден білезігін,

Базардан басқасын алып таққан екен.

Қышығасын білегі шешіп тастап,

Тағуды қайта ұмытып кеттім деген.

Қазақтың әулиелік дәстүрінен,

Ұстанған тақуалық үлкендерден.

Күмістен білезігі болу керек

Қонаққа барған үйдің келіндерден.

Ол заман бұл заманның  әдетімен,

Қырық үйден тыйым көрген әйел деген.

Ақ жаулықсыз, етексіз, білек ашық,

Арсыздық болмағанын кім білмеген.

Әйеліне ердің рұқы жазылар қасиетімен,

Жалғанып рұқтың майы білегімен.

Күмістен білезікті тағып қойса,

Әйелдің алақаны былғанып кірлемеген.

Жетенің бұл белгісі құран үнінен,

Ақ ұлдық қасиет болып елге берген.

Ал енді бақылап көр дінші еркектерді,

Ата жолында сұқарлар аз мұны білген.

Жете толмай, ақылы сана жетілмеген,

Жеті өріс бойды ақ сауытпен киім берген.

Кебін киген келмейді келеді кебенекпен,

Алланың сипатынан Ар болып бейнеленген.

Жетенің қарсылықпен ісін білсең,

Жалаңаш, арсыздықтан жирендірген.

Қарсы түгіл, өз жынысының мұндай ісін

Түзетуге күресер ақылы жетеменен.

Ел билерімен жете бар ма білімдіден,

Сананың қасиетін меңгермек білімменен.

Әлемнің ғалымдары мұны білсе,

Мазағы боларын кім бар уайым жеген.

Асқазан арамданып әйел қол, білегімен,

Аянның жібі үзілер құран үнінен.

Түске айналып жақсы да жамандық та,

Етек басты ерлер көп сезімге ерген.

Ата жолы бұл бір қасиеттілік хикметінен,

Ауру астан, дау қарындастан нақыл сөзден.

Еркектердің ұрығынан уын алып,

Өзіне асқа қосып, әйелдер қайта берген.

Уланатын еркек аз ақылдан жете білген,

Тазартып ішін арамнан қасиет енген.

Жалаңбастар сананы сөз қылады,

Бас тазармай ардан дуылға кимей жүрген.

Тәннен үйін алты ақылға орын берсең,

Арамнан тазарт тәнді дінді білсең.

Іші боқ сырты таза сопысынып,

Тамақ ішкен тақуа емес кез келгеннен.

Саналыға көктен таза ақыл-ойы келген,

Ақ ұлдық қасиет құраннан кітап берген.

Мысалын өткендерден келтірмей-ақ,

Өз басымнан өткен жайды айтып көрсем…

(Мәуліт айы 2017 жыл)

(жалғасы бар)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *