Тірі мен өлі(252)

Бөлім: Зікір өлеңдер 54

Жазалы жандар,

Жабырқау ойлар

Жар жүзімен қауышпай,

Түнекте жатар.

Қол екі істер,

Тағдырға түсер.

Жазымышы жазылып,

Көбейер дерттер.

Оянбай көңіл,

Тірілмей өмір.

Жарықсыз рухың,

Жанбаса көмір.

Тірілмес рұқың,

Асырмай қырқын

Қырқадан өтер,

Жаныңа бұл сын.

Кім болдың байқап,

Қарарсың аңдап.

Сайтанмен дос боп,

Өзді-өзіңді ақтап.

Оқыдың білдің,

Ұстартып тілің.

Мақтаның сыймай,

Кімнен деп кеммін?

Топ құрып жақтап,

Тегіңмен аспақ.

Жанашыр ұлтжанды,

Перімен жалғап.

Өмірді ұзын аңсап,

Қорқыныш салмақ.

Өлімге сенбей,

Аларын ақтап.

Шат болып қызыққа,

Мас болып жастыққа

Есірік сөздермен,

Байландың қулыққа.

Соңынан ерген,

Сайтаннан деммен.

Өзгеден келген,

Мақтандың дінмен.

Жүрек тұр сөнген,

Нәпсіге көнген.

Жұлдызың өшіп,

Жаның тұр өлген.

Жақсыдан ғибрат,

Ала алсаң жалғап.

Түзерсің қисайған,

Қылыңды ұстап.

Жаныңда босап,

Жарыққа шықпақ.

Тірілдің енді,

Тағдырға жалғап.

Көгіңнен біздер,

Алла өзі Бір дер.

Қараңғы түнектен,

Жолыңды көрсетер.

Түстерден аянды,

Ажыратып жобаңды.

Тағдырдан жүкті,

Тазартар намазы.

Орындар амалды,

Көбейткен сауабты.

Ата жол дәстүрмен,

Тегіңнің мирасы.

Өлі едің тірілдің,

Жаны бар сөзіңнің.

Қуатын қосатын,

Жемісін ғылымның.

Тірлігі бүгінгің,

Дүниелік ісіңнің.

Хайуанша күн көріс,

Әдеті нәпсінің!

(Наурыз 2019 жыл)

****  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *