Терең ойсыз ғылым кетер,
Сөзден ұғым үні өзгерер.
Қыз мінезді дінші ғалым,
Ақыл, еске болды қатер.
Тәрбиесіз білім бекер,
Жаның өспей ділің өлер.
Қорқыныш пен үмітсіздік,
Текті аздырар мәңгүрттетер.
Жыннан қашып ақыл өнбес,
Надан дінші мұны білмес.
Білім күші, шебер істі
Жынсыз қуат өзі келмес.
Дін ақылдан үстем емес,
Надан дінші қылды егес.
Дін тәпсірі жоғары деп,
Ессіздікпен қылған кеңес.
Масһабпенен бояп жүрген,
Тұтас дінді төртке бөлген.
Пайғамбардың сүннеттерін,
Төрт ізбенен түсіндірген.
Құдайдан сұрау жоба білген,
Елшілігі жоқ меңгерген.
Пайғамбарды соңғы елші деп,
Дінші ғалым тажал өңшең.
Жеті теңіз сия деген,
Ағаш белгі қалам екен.
Жеті түрлі-түсті болып,
Жеті жолың бейнеленген.
Аруақ болар тағдыр көрген,
Кітап болып қолың бейнең.
Қызыл түсті қуат тегің,
Тіршіліктің нәрі білсең.
Аруақты қолдау берген,
Күзетшің боп артыңа ерген.
Надан дінші дейді қостың,
Аллаға серік деген.
Сегіз жарық денеңменен,
Жаратқанның сипаты енген.
Жаннаттардан хабар алар,
Жеті күннен жарық өнген.
Жеті жолдан хабар берген,
Уахи, аян бейнеленген.
Аятын Раббың күнде көрген,
Надан дінші терістеген.
Барлық қуат жетіменен,
Қозғалыстар жүйеленген.
Қызыл түспен себеп тегін,
Аруақ деп атау берген.
Құранда бар аят берген,
Екі ортада нәрсе деген.
Ойыншық емес, себепшіні,
Құдіретті қолдан екен.
Адамзат боп бүтінделген,
Жын мен Адам қуат екен.
Тән мен малың-күш, қайратың,
Сегіз жыннан қырын берген.
Жын сүресін терістеген,
Сүре қуат періште екен.
Дін имамдар жүктен қашып,
Жынсыз қалай өмір сүрген?
Жан мен зейнет киім берген,
Адам болар денеменен.
Тән мен дене, жын мен жаның,
Төрт ақылмен түгелденген.
Бір ақылмен есті деген,
Санаға есік жете өсірген.
Жер мен көкке саты тауып,
Жеті ата жұрт шежіременен.
Сегіз қырлы сері деген,
Бір ақыл естің сырың білген.
Адамдықты армен ұстап,
Дәстүр дінін сақтап жүрген.
Ессіз болса жынды деген,
Сауатсыз деп атау берген.
Ата тегін, сөз ұғымын,
Сауатсыз-жынды меңгермеген.
Жын тазарса кісі деген,
Жер әлемнің ісін білген.
Кісілікке жан енгенде,
Періште боп жаннат көрген.
Өзін-өзі ақтап жүрген,
Пайғамбарға теңдес көрген.
Надан дінші ортақ қосып,
Сопылықты терістеген.
Жынның ісін талаппенен,
Меңгеруді талант деген.
Сауат, талап егіз ұғым,
Сауаттысың жын меңгерсең.
Жындылықты пенде деген,
Тұрақсыз қылық, естері кем.
Келгендер көп үлкен жасқа,
Бөріксіз ер жын ғой жүрген
Амалы жоқ тіл безеген,
Ұғымсыз сөз жынмен келген.
Білімді, өнер, таланттылар
Қылығы жын өзеуреген.
Төртеуі жоқ түгелдеген.
Бас, кеуде, аяқ, қолыңмен,
Жеті қабат теріменен
Жарығың болмас денеменен.
Қасиет кетіп үлкендерден,
Жын тазартпай естері кем.
Өлмей тұрып өлгісі жоқ,
Тақуа болмай кебін киген.
Ажал жетсе кім өлмеген,
Ояу болар өле білген.
Күндіз мен түні бірдей,
Ұйқыда жан өлі деген.
Ғылымды адам ой меңгерген,
Таза ақылдан жоба көрген.
Түн ұйқыда жаннат кіріп,
Болашақты болжай білген.
Төре, қожа ел билеген,
Раббысынан кітап білген.
Дінге қожа, төре, билер
Тегін қазақ жетілдірген.
Бар ма бүгін тегін сүйген,
Бір ақылмен тұлға деген.
Сана түгіл жетесі жоқ,
Өңкей надан ел билеген.
Жоғалды ар, ұятың азып қатын,
Адал ниет, ақ жүрек дәстүр салтың.
Сипатын бұл заманның қиямет деп,
Біліммен бағалаған ақыл нарқын.
(наурыз 2015 ж)
**** ****