Ақылдан киім киетін,
Ойымен әрлеп денесін.
Әулиелер өткен өмірден,
Алланың құлы сүйетін.
Топырағы торқа білесің,
Жер ана рұқы өнетін.
Құранда ойпат аталған,
Жұлдыздан сәуле түсетін.
Біз де бір пенде өлетін,
Кебіндеп жерге көметін.
Аруағың өлмес мәңгілік,
Есебің Алла көретін.
Қолында жаның білесің,
Раббыңда рұқың өлетін.
Сәбисің жер анаңның,
Қайтадан тірлік беретін.
Аруағы әулие сенесің,
Хикметін барсаң көресің.
Тілегіңді көкке көтерер,
Ағашы тектің өсетін.
Жапырағы иман беретін,
Жұлдыз боп көктен түсетін.
Жарықтан ұшқын нұр болып,
Досынан Алла келетін.
Кебін сандық киесін,
Жанға қуат беретін.
Қостың деп шерік діншілер,
Ұлтыңнан шықты күлетін.
Кедейленіп кетесің,
Азғынға деген ересің
Садақа, құрбан бергізбей
Сотады билік киесін.
Масһабқа ғана еретін,
Жолы деп Құдай көретін.
Көкірегі соқыр надандар,
Мінбеді ақыл-ой кемесін.
Ғылымын кітап білетін,
Меңгермей басшы жетесін.
Тынысын жердің жапқызып,
Тартып ап екі күн ел есін.
Төбеден тоғыз келетін,
Мекені әулиелер төбесін.
Арамдап қазақ жатқанын,
Қалмады иман білетін.
Жалғаның ісін білетін,
Ел басшың бар сүйетін.
Дәулетке мас жан өлі,
Аяны жоқ мұны көретін.
Тектің кім уахи ілетін,
Көгіңде жұлдыз кезетін.
Атың бар затың жоғалған,
Соқырсың көпке еретін.
Тілің бар балды төгетін,
Біліммен сөзді өретін.
Тағдырың қандай хабар жоқ,
Жаның өлі мұны көретін.
Ақылмен жанды білетін,
Санымен ойды сүзетін.
Жан, рұқ, иман сенім кім,
Дінің жоқ ілім беретін.
(Тамыз айы 2016 жыл)
*** ****