Өлеңнің мұңы

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 34

Өлең едім, көркем сөз- өнер деген,

Сөзін қазақ үнімен кемелдеген.

Абайдай әулиелердің үні болып,

Анасынан дәретсіз емізбеген.

Ақ жаулықты ананың ділі деген,

Өлең едім билерді кеңестірген.

Талай дауды тектілер шешкенінде,

Әділдікті  салт-дәстүрмен өрнектеген.

Бүгін кім мені сөзбен түрлендірген,

Ұят, ардан мені бір жүргізбеген.

Арсыз қатын көтін ашып өлеңдетті,

Қадіріммен, қасиетім жүр еленбеген.

Әншілерге табыс болып өнер білген,

Ойы басқа сөз болдым шеберленген.

Нәпсінің қызметін жасап кеттім,

Ойын, тойдың ессіздік күнін көрген.

Сағынамын ескілерді өлең білген,

Өлең едім ар, ұятпен бірге жүрген.

Жалғыз қалып бейшараның күйін кешіп,

Үміттімін дәстүрім қайта келер деген.

Өлеңі боп қайта оралып келем білсем,

Ар, ұятты нәзіктердің үнінде ертең.

Тегін тауып рұқы оянған ерлер шығып,

Әулиелік ойын сөзбен өре білсем…

(тамыз айы. 2016 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *