Ақын қыздың сауалдарына…

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №2 40

«Абайдай дана бола аласыз ба?
Махаббат сырын ұға аласызба?
Пәк махаббатың куәгері болып,

Тоғжан деп мені сүйе аласыз ба?

Жібегім деп мені сүйе аласыз ба?
Төлегендей ерлік қыла аласыз ба?
Еш кедергіге мойымастан,
Мәңгілік жарың қыла аласыз ба?

Қозы мен Баян бола аламыз ба?
Аңыз болып елге тараламыз ба?
Барша ғашықтар үлгі қылып өтер,
Шынайы махаббат құра аламыз ба?

Кебек деп сізді шынайы сүйсем,
Еңлігім деп мені жүре аласыз ба?
Мен сізді таза, шынайы сүйем,
Ал, сіз менсіз өмір сүре аласыз ба?»
…………………………………………

Жалғыз Мәжмүнім өзіңсің десем,
Сүйгенім Ләйлім дей аласыз ба?
Көп адамдар армандап жүрген,
Ең бақытты жан қыла аласыз ба?

Мына жалған дүниеде,
Шынай өмір сүре аласыз ба?
Барша қойылған сұрақтарыма,
Шынайы жауап бере аласыз ба?

***       ****      ******

Сұрағың да көп Ақерке

Емес пе мұның тым ерте?

Тәукел қылмай құдайға,

Пендеден мұны сұрай ма?

Тоғжан да болмақ ойың бар,

Абайдан дана жары боп.

Жібекте болмақ ойың бар,

Төлегенге ғашық боп

Жесір қалып зарлаған.

Баяны болып Қозының,

Ұрпақсыз ғашық жоғалған.

Ләйлідей болмақ ойың бар,

Мүжүмүнін көрмей дүниеде,

Өліммен ғана қосылған.

Маххабатты іздейсің,

Өмірде мәңгі із салған.

Оған керек ақ жүрек,

Адал ниет, әділдік.

Сабырлық пен ізгілік,

Махаббатқа шығар баспалдақ,

Ұлтыңның туын дәстүрлік

Ғұрпың мен салтты ұстап бақ.

Текті де талай ерлер бар,

Түсініп жанды аялар,

Тоқалда болса жақсыға,

Сырыңды ұғып бағалар.

Бақ деген бала емес пе?

Тарихта қалып із салар

Махабатың жемісі ол,

Қан тегің, текке жалғанар.

*** ***

****    ****

«Мен алі тірілемін бурынгыны сілкіп тастап,
Окініш парактарын кеудемнен жыртып тастап.
Сол сатте душпандарым сесімнен уркіп кашпак.
Мен алі корсетемін уміттін олмейтінін,
бар жулдыз сонбейтінін.
Бір Аллам берген куат бугауга конбейтінін.
Мен алі жарк етемін, ант етемін!»

(Ақеркеден)

****   *****

Өлтірмекке ескі рухыңды,

Ниеттендің Ақерке,

Жаңартуға дін көңілді,

Ақерке шын бекінді.

Жұлдыздан алып иманды,

Тастасаң ескі жиғанды.

Бір Алла берсін жәрдемді,

Аруағы қолдап бабаңның,

Түгелдер жоқ нәрсеңді.

Жолмас жанға дұшпаның,

Меңгерсең шариғат ұстаным.

Нәзіке лайық ақ жаулық,

Жауыңа құрар қақпаның.

Етек жанға кеңістік,

Ұрпағыңа болар егістік.

Жарыңа суат болатын,

Тазартар сана қуатын.

Қабыл болсын ниетің,

Жол болсын ізгі тілегім!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *