Жалғыздық құдайға жарасқан

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №2 64

Жалғыз қалып едім,
Сен маған жолықтың.
Бағыма жаралдың сен,
Бағымсың, соны ұқтым.

Адал жар болғайсың,
Маған ғана теңсің!
Өмірдегі ең бақытты-
Жанның бірі сенсің!

(Мерей Картов)

***  ***

Жалғыз қалсаң Құдай бар,

Қабыл қылар тілекті.

Берсе Құдай бағыңды,

Қосқаны тауып жүректі.

Бақытқа да бап керек,

Әулиеден алып ақ бата

Аянға болсаң сен зерек,

Түспесің құрған қармаққа

Адалдық пен тазалық,

Болсаң ақ ниетті.

Төзімен және сабырлық,

Болашаққа ту етші.

Киім көркі тәніңнің,

Жарығын рухтың қорғайтын

Зейнеті болар жаныңның.

Бақыт деген құс емес,

Шақырсаң келіп қонатын.

Ол бір тағы емес,

Ойды қырды шолатын.

Бақыттың үйін Қаб деген,

Оқысаң теріс «Бақ» деген.

Орайтын сені Алла ғой,

Қыдырына, жақ, деген.

Бақыт байлық қашаннан,

Мирасы қалған атаңнан.

Анаңның келіп ақ сүтпен,

Бейнеленген қан текпен

Нағашы болған атаңнан.

Анасыз пенде бола ма?

Туылмай бақ қона ма?

Жарсыз еркек жалғанда,

Бақытты болып оңа ма?

Жұбын тапса ұл мен қыз

Бақ қонғаны осы ғой,

Күтуін оны білсеңіз.

Осы дәннен өседі,

Бабын тауып, күтсеңіз.

Бұл бақшадан өседі,

Көбейіп енді ұл мен қыз.

Бақ болар енді сор болар,

Жібінен құдай айрылсаң

Қонған бағың жоғалар.

Алдын ала қам қылсаң,

Дәстүріңді қадірлеп,

Анаңнің тілін ардақтап

Бақ өсіп байлық қосылар.

***   ***

Әйелсіз бақ қона ма?

Зейнетің өсіп тола ма?

Несібе саған жарыңнан,

Жаулықсыз еніп тола ма?

Жалаңаштан бақытта,

Тұрар қашып қашықта.

Арман деген қиял ғой,

Оны табар таза ой.

Бойың таза жетілмей,

Махаббатты өсірмей,

Рух егінін өсірмей,

Сүресің өмір жетімдей.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *