Ақындарға  

Бөлім: Шәкәрім және дәстүр, дін 61

Өлең айт, дарып өрге өрлегендей,

Сезімді қозғап, тәтті ой кернегендей.

Жанды сөз бойды ерітіп, маужыратып,

Әлдилеп жыр бесікті тербегендей.

Қауымның қылауына тап келгендей,

Болғанын, болашағын айт көргендей.

Керістеп тартып жырды жебелі оқтай,

Дәл тигіз қалғанға қас мергендей.

Сүйсініп ақынға елі мән бергендей,

Өлеңмен өміріне сән бергендей.

Қадалып жүрегіне ақ қанжардай,

Оятсын ойкүйезді жан бергендей.

(Шәкәрім әулие)

****   **

Ақындық салты қазақ, сөзді өргендей,

Сезімді дәріптеп, өмірге нәр бергендей.

Нәпсіні қозғап түрлі бояу өңін беріп,

Махаббат деп атайды жан бергендей.

Кейбіреулер болғанды аңсап шежіредей,

Мақтанады діннің сырын көзіне ілмей.

Құдайдың ұлтқа берген сынақтарын,

Құдай ісін тастаумен жан жетілмей.

Ақындық уәзінмен тілге нәр бергендей,

Аруақтан хабар алып болжай білмей.

Ар, ұятты дәстүрін жырлаған аз,

Арсыз қауым қалауына есін бермей.

Қызып алған мастарға сөзің енбей,

Ақиретті тастап қойды ақылға ермей.

Ардан сауыт ел басшының өзінде жоқ,

Қалған бектен не сұрау тегің өлмей.

Насихаты сөз иман болып жүрекке енбей,

Құты қашқан ғалым шықты сөз түсінбей.

Көзінде ұяты жоқтың — жүректе иман жоқ,

Сасық тұман бастағы жын меңгерілмей.

(Б.Т.К)

****   ****

Ерікті билеп алсын айтылған жыр,

Сырты-гүл, жарасымды, ішінде сыр.

Жаныңның ләззат алар жарығындай,

Мәңгілік өшпейтұғұн төгілсін нұр.

Үйіріліп көкейіне ұйып жатсын,

Тазартып жүрек кірін жуып жатсын.

Қаңсыған шөл даланы қанықтырып,

Жыр тасып, дариядай құйып жатсын.

Арыңның болсын өлең айнасындай,

Көрікті, көптің ортақ пайдасындай.

Жосылып жатсын артта жортқан жолы,

Арынды асқақ өзеннің арнасындай.

(Шәкәрім әулие)

***  ***

Ел қандай ар, ұятсыз сұқты болса,

Жалаңаш сезімді өлең әнші айтса.

Қол соқса ысқырып өңкей мастар,

Ақын арсыз, қалауына мұны жазса.

Айнасы  ақындарың ұлт арының,

Ар қуаты жарығы дін салтыңның.

Дүниенің уайымын жырлап жүрген,

Сана түгіл жетесі жоқ ақыныңның.

Келген күні қияметтік ақырзаман,

Ақынды көре алмадым уайым қылған.

Бірі тілді, бірі дүние ісіне өлең жазған,

Дәстүрі ата-баба ұмыт болған.

Жиіркенген елің, жұртың ескі сөзден,

Қысқа ақылды ел болдық сезімге ерген.

Асыл өзін, ғибратын даналардың,

Ғалымдар да қалмады сырын білген.

(Б.Т.К)

****  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *