Мұңды шал  

Бөлім: Шәкәрім және дәстүр, дін 68

Жасыңда араластың малтымаға,

Қызығып есер елдің салтына да!

Би, болыс, епті жігіт аталам деп,

Көп түстің ерегіскен талқыға да!

Кейде елді партияма көп жидым деп,

Әркімге аласардың жалпия да!

Кей-кейде дұспаныңа айбар қылып,

Сөйледің барсынып қампия да,

Аздан соң ақыл кіріп, ой ойладың,

Жүрсең де сол былыққа партияда!

Үйткенмен жұлқынсаң да шыға алмадың,

Мықты боп түскен қақпан қапияда!

Уа, дүние! Ғылым қуып жете алмадың,

Құр ойбай, көзден аққан қан тия ма?

Тырбанғанда тырнақтай ғылым таптың,

Мұнымен кірлі көңіл шалқия ма?

Қан жұтқан қайран сенің сұм жүрегің

Тазарып толған айдай маңқия ма?

Тоярлық толық ғылым таппадым деп,

Қабағың қайғы басып салпия ма?

(Шәкәрім әулие)

***   ****

Бүгінде тектілектен салтың бара ма?

Есерлікті дәріптеу мәдениет аталды да.

Біліммен ой жорыған талқылауға,

Шақырып әлемнің бар биін Астанаға.

Жалпақтап қалталы елге жалпия да

Жат жұрттың бас иеміз арсыз қатынға да.

Шаруа мен дүние ісі бақ бола ма,

Ар, ұят, адамдықты тастағанға?

Әділдікті заңмен қорғап шалқияда,

Қайырымдылық есеп болды ұлтымызға.

Білімнен көп білгеннен Ар туа ма,

Сана түгіл жетесі жоқ ғалымдарда!

Білімді ғылым атап жар салдың да,

Ғылымың қалды аманат нақылыңда!

Мұны ұғар бүгінгі үлкенде ақыл бар ма,

Жалығар бұл дүниенің салтынан да,

Табынған құдай орынан партияға!

(Б.Т.К)

****  ****

«Ұл жоқ болса, қыз да игі» деген кәне,

Аясынба, әлі де шық сан қияға!

Ғылымға қанағатсыз болу керек,

Бес түгіл риза болмай алтыға да.

Қара жерге кіргенше қамданып қал,

Шалмын деп жатып алма шалқия да.

Әкеңді алып, өзіңді көксау қылып,

Қаны аздық қылып тұр ғой артыңа да!

Балалар нашарлықтан оқи алмай,

Келмей тұр зор үміттің шартына да!

Бір кезде ұмтылып екі талпына да.

Патша өліп бақ ашылған балқымада.

Білем деген жастармен жолдас болдың,

Төңкеріс ұлы дүбір, шалқымада.

Енді қазақ ел болар деп қуанып,

Жүріп ең орнықпаған қалқымада!

Жолдастарың жазықсыз «байкот» беріп,

Кетті ғой бір қарамай артына да.

Дінің шатақ, әдетің арсыздық деп,

Жақпадың молдалар мен халқыңа да.

(Шәкәрім әулие)

***  ***

Халық — қой, естілік жоқ  қойшыларда,

Тұлғалық бектігі бар басшы бар ма?

Спортшы, әнші, өнерліні жұлдыз атап,

Ғылымсыз біліммен өнерліде ар тұра ма?

Ел билеуші, бектеріңде бір есті қайда?

Ар, ұятты ұждандылық үлгі аларға.

Жеті тұлға ел ішінен іздеп жүрген,

Тұлға болу жақыны еді бір Аллаға.

Елбасшы, бектерден кісілік басталмай ма?

Қалғанын «мал» деп ойла қой боларға.

Бақташысыз, кісіліксіз бекзаттық жоқ,

Шопансыз мал, қағусыз ел тұра ма?

Ұлы да қызы да жоқ ұждансызда,

Екі күнің дәстүрін тастаған артына да.

Рұқың — ұл, қызың — жаның жетілмеген,

Ғылымсыз білім, имансыз намаз оқыдың да.

Бесті  беріп, алатын алтың қайда,

Алты ауыз — жан қылығың ақыл ойға.

Ақ жаулық пен етексіз қатын, қызың,

Ұлттық сана, ділің өлі жан тұра ма?

Патшаны өлсе деген көп қиял да,

Майлы сүйек арман болды надандарға.

Ұлтты түзер ары мықты, сана болса,

Қазақта бұған лайық ұлың бара ма?

Орнықсыз болды ата заңың ел боларға,

Ата жолын қудалатып сұм, қуларға.

Аруағын-ғұмыр кітабын ұлттың алған,

«Алладан басқа» ататып тажалдарға.

(Б.Т.К)

****   ****

Ендігі жас ескі иісің шығады деп,

Олар да келмей отыр қартыңа да!

Тамам жанға қылып едің не қиянат,

Бәрі мінімді айттың деп алқына ма?

Елдің мінін айтуға сайланып па ең,

Аңдамай айта бердің аңқия да!

Жалғанда сендей жалғыз адам бар ма?

Ешкім баға бермейді нарқыңа да.

Сені көрсе бәрі де сырт береді,

Қарағысы келмейді қалпыңа да.

Бәрін ұмыт, балаларға тәлім үйрет,

Баулиды балапанын қаршыға да.

Ол түгіл өзгелерге білгеніңді айт,

Туысқан көзбен қара жалшыға да.

Ауыз сөз, насихатты неге аяйсың,

Ақ жүрекпен айтқанға мал шыға ма?

(Шәкәрім әулие)

***  ***

Қайырылмай кетті өсиеті Абайына,

Ел билеуші дінсіз болып бұл заманда.

Шариғатты алмаған кәпір надан,

Мойынсұнбай әмірі мен жаратқанға.

Дәстүрің мен ескіліктің салты қайда,

Махаббатпен аманаты қалдырған ата-баба.

Басшысында ар, ұяттан үлгі болмай,

Заңда әділдік болмайды мұны да ойла.

Ақ жүрекпен, артық хайыр садақаңа,

Салық алған билеушіде ар тұра ма?

Тәнін жаппай, көзден ұят кеткен қызда,

Тегін сақтар, саналы ұл туар ма?

Үш байлықсыз, тегің ағаш жоғалмай ма,

Жаның өліп, нәсіл мен қан азбай ма?

Шибөрі де тамақ үшін бірлік құрған,

Дүниенің қызығы да бір күні таусылмай ма?

Риза болса өлісі, тірі байымай ма,

Мұны ұғатын естілік ақыл қайда.

Жан ғылымын меңгерген даналарын,

Өзі ұғып, ұқтыратын елге қарттар қайда?

Ел билеуші ар, ұятты, ұжданды ізгі болса,

Дәстүрін ата-баба қадір тұтса.

Бектері мұнан үлгі алар, ізгі болып,

Тұлғалық қасиет қазақ тегің құтың қонса!

(Б.Т.К)

***   ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *