Ар білімінің ақ бастауы шындық-ғылымның көрінуі!

Бөлім: Ата жолың бақ жолың қадірлей білсең ағайын 79

Шындық пен шынның айырмашылығы мен шындық туралы не білеміз?  Раббымыздың насихаты бойынша барлық жаратылыс, жер, көк және екі аралық нәрселердің бәрі шындық бойынша ғана жаратылғанын ескертеді. Енді аятқа жүгінсек, «Олар: «Дүние тіршілігімізден басқа ешбір өмір жоқ. (Аруақ болып өмір сүру жоқ дейсіңдер) Тағы бір қайта тірілуші емеспіз (аруақтан қайта пенде болып жер басушы болу)» деді. (29) Мұхаммед Раббыларыңның хұзырында (басқарылуында болатын, Алла достарының алдында, ахирет өмірінде есеп беруге) тоқтатылғандарын көрсең! Алла: «Бұл шындық емес пе екен?»,-дейді. Олар: «Шын екен! Раббымызға ант етеміз» дейді. Алла оларға: ендеше, қарсы болғандықтарыңның азабын татыңдар» дейді.» (6-30).

Бұл аяттармен адамзат баласының әуелі жаралуы ақирет тіршілігінде басталып, аруақ болып біздерге көмес, ғайып болған түрлі тіршілік сатыларының өтетінін және бұл материалдық өміріміз ақирет өмірмен байланысты бейнеленген шыны, терезе айнасы мен көшірмесі екенін насихаттайды. Ал өлгеннен кейін де қайта ақиреттік биологиялық екінші өзге жиіліктегі уақыт кеңістігінде өмір, тіршілік етіп, яғни ішіп-жеу мен өсіп-өну, рухани жетілу сатыларынан өтіп барып, сол өмірімізді шынға бейнелеуге қайта әке-шешемізді таңдап, ана жатырында жаратылып,  жаңа жаратылыстағы тәнімізбен жер басып өмір сүруге келетінімізді ескертеді. Демек, біздер бұрынғы өткен аталарымыз, аналарымыз және түрлі жер бетінен өткен нәсілдердің белгілі бір себеппен істерін қайталап, жаманын түзеп, жақсылығын көбейтіп өсіру үшін жаралғанбыз.

 Бұл жағдайды енді дінде ақиретке иман келтіру, сенім күшінің негізі болып осы шындықтың  білімін меңгеру адамзат баласына сынақ және ар білімінің негізгі ірге тасы болып қаланады. Ата жолының иман келтіру, сенімді бекіту шарттары осы ақирет  біліміне, аруақтық  кітаптарына жалғанумен және қағазға жазылған ілімдер мен меңгерген біліміміздің ортасын табуға, таза білім ақ бастауы жан ғылымын меңгеруге негізделген. Сондықтан рухсыз білім, ақыл жетілмейді,  ал шындықсыз, хикметсіз, таза білімсіз жан тазарып өспейді. Енді масхаб және исламдық сенім, яғни иман келтіру шарттарымен ата жолының ерекшелігі де ақирет өмірімен,  алғашқы өлімнен оянған өліктермен кездесу, тілдесу арқылы күдіксіз нану арқылы келтірген сеніміне, құлшылық істері мен сұраған тілектеріне жауап алуды меңгеріп, сенімді енді қайтып бұзылмастай бекіту болып табылады.

Ал масхаб ұстанымы бойынша ақиреттің бар екенін және тек ұзақ уақыттан кейін, жер әлемінің жаратылысының соңы болған қиямет-қайымда бірақ тіріліп есеп беретініңе, жамандық күнәларыңмен жазаланатыныңа нан да, иман келтірдім деп өзіңді-өзің сендір деген қағиданы дәріптейді. Ал оған дейін тірілу, есеп беру немесе жасаған ізгі істеріңе, адамдық пенделік, тәндік болмыспен екі дүниенің де қызығын қайта көру болатынын жоққа шығарады. Енді осындай бізге беймәлім және қандай шамада, өлшемде, мекенде болатыны белгісіз ертек сияқты қиялы өмірмен, қанша өзіңді-өзің берік иландырғаныңмен, екі арадағы жаратылыс себептерінің азғырушылардың, аяттарды өзгертуші, терістеушілердің де болып, олардың саған күдік салып, әрбір білген біліміңе де, жинаған іліміңе де қарсы білімді, күнә жасататын қызықты бейнелеу еркі берілгенін біле білмейміз. Яғни, бұл ақиқат көз ғылымына тікелей байланысты болып, көздің көргенін ми үнемі теріске айналдырып, өңдеп тұратыны сияқты құпия сыры болады. Адам баласының түс көруі де, аян алуы да осындай көздердің оң, терістік шамасына тәуелді болып, құранды теріске алғандардың «Көздерін де теріске айналдырамыз» деп ескерткен Раббымыз.

Ал ата жолында өзіңе қажетті оң көздерді іздеумен, солардың көрсетуі арқылы  түрлі жағдайдағы хикметтермен, белгілермен, рухани өлім дәрежелерімен әрбір ақиретпен кездесуге ниеттеніп амал қылған адам баласына бұл жағдайдың хақиқатын құдайдың өзі оңға айналдырып көрсетеді. Аталарымыз: «Құдайдың маған көзі дұрыс болсын, оң көзімен қарасын» деп тілеген.

Сондықтан бұл жағдайдың растығын, шындығын көрсететін адам баласының екі аралық елшісі, күзетшісі, көздері, аруағы міндетті болып, осы аруақтық тіршілік, өмір қағидалары біздің өмір қызықтарымыздан, жаратылыс туралы білімдерімізден әлде қайда күрделі, маңызды әрі қызық та екенін мойындап, нану үшін де өліктердің сөйлеп, сұрақтарыңа, тілектеріңе, орындаған намаздарыңа жаратушы ұлықсатымен ақыл беріп, шындықты там-тұмдап аянмен көрсететінін мойындап, сенім келтіру үшін де тән, рух, жан тазалығын қалыптастыратын ата-баба әдет-ғұрпы, салт-дәстүрін намаз қылып, шамасына қарай орындай білумен қан тазарып, бой-арың қалыптасып, жүрек көздерінің тазарып, ақ бұлағы ашылуы шарт.

Бұндай рухани жетістікке де келу үшін біздердің өзге елдердің салтымен, түрлі арсыздық әдетімен, дүние қызығы және тамақтарымен арамданған тәнімізді және ата-анамыздан жалғанып келе жатқан қауымдық күнәлі рухани болмысымызды тазартуға шамамыз келмейді және ол да ұзақ уақыт пен білімді, ілімді, тәжірибені, сабырды қажет ететін шаруа. Және әрбір пенде өз бетімен алғашқы тәубелік сатысында мейлі, ол намаз оқушы, білімді, ғалым, өнер адамы, қандай қабілетті бола берсін, әуелі «мұнафықтық», яғни екіжүзділік иман дәрежесінен өту заңдылық. Бірінші қылықтардың екіжүзділігі, екінші сөздің екіжүзділігі, нәпсінің, тілдің ең соңында ойдың да екіжүзділігімен күресіп жеңу үшін де түрлі жағдайдағы рухани өлім, түс көру уақытындағы  жанның түршігіп жирену сатыларымен ғана жан тазарады. Болмаса жандағы екіжүзділікті адам өз білімімен, ақыл күшімен тазартуы мүмкін емес.

 Мысалға киімді, толық дәретті, бойды қалыптастыру барысындағы екіжүзділік сатыларынан өздерін дін танушы, теолог, ғалым дегендердің тобындағылар да басын қорғау, бас киімін қалыптастыра алмағандықтан-ақ құран аяттарына қарсылық, екіжүздіа іс жүзіндегі «мұнафықтық» сенім деп атауға болады. Сол сияқты хазірет атағымен рух пен жан сырын ажыратып, жалпы ақирет ғылымынан мағлұматы шала және пайғамбарлардан тікелей сұрақ қойып «Үш ұйықтағанымен» жауап ала алмаса, онда екіжүзді «мұнафықтық» дін ғалымдығы болып саналады. Ал енді халыққа ақыл айтып және оны іргелі ғалымдармен дәлелдеп беру былай тұрсын, тілінде мүкісі болып «мағрипат ету», «иғтикәфта болу», « пайғамбар салех салам, әлек салам», «ыстықпар жасап», «аллақ тағала, аллахым» т.б. толып жатқан сөз атауларымен ой мен тілдің арасын бұзып сөйлеуде «Сендерге екі ерін, бір тіл жараттым» деген жаратушы үкіміне қарсы болу, діл білімінің екіжүзділігі болып есептеледі. Ондай екіжүзді сенімнің білімін көргіңіз келсе «Ислам ғалымхалы», «Имани гүл», «Отбасы ғалымхалы», «Діл мен діл» т.б. масхаб ғалымдарының кітаптарын алып оқып көріңіз.

Ана тілің су тілі болып, ал оған енді мағынасы құпия аударылмаған өзге қандай да бір тілдің атауларын сол қалпында араластырсаңыз, от пен судың шарпысуымен жинаған иманыңыз, діл қуатыңыз отқа оранып, қан суыңыз ысрап болып құрттаумен, басыңыз, аяғыңыз, тәніңіз сасып, ар сауытыңыз да қалыптаспайтыны да хақ.

 Енді қандай ғұлама болсын, ар сауытын киіп, бүкіл зейнеттері тылсымнан көрінбей жоғалып, аяқ саусақтары көрінбей жабылып және иманның сатыларын толық меңгеріп жаратқаннан арнаулы кітап және тәнге мөр алмай, құр өздері алған атақ, дәрежелерімен ой жүзінде «мұнафықтық» екіжүзді имандылықта болып саналады. Себебі атағы бар, бірақ кітабы (мөрі) жоқ, соған байланысты құпия аяттармен берілген көрсететін хикметі, көрген мұғжизасы мен жаратушы тарапынан алған ғылымы, иманының шындығы да жоқ. Осындай екіжүзділіктен тек ұлттық ашық дәлелдермен және дін ісі болып бекіген, ата-бабалар меңгерген дінінің соңына күдіксіз ергенде, аталарының алған кітаптарына жалғанып, түс көру білімін яғни, жанға берілетін анық білімді меңгергенде ғана ешқандай атақ дәрежесіз-ақ қарапайым шаруа, түрлі кәсіптік салада жүріп-ақ немесе ғылым, білім, ел басқару саласында қызметте жүріп те бұндай екіжүзділік алғашқы тәубе сатыларынан өтуге болады. Ал мүмін болып, иманның толық бір дәрежесін меңгеру де 3 түрлі рухани өлім сатысынан өтіп барып қана мүмкін болмақ.

Енді қазақ елі өзге елдің салтын ұсап, қызылбастық дін салтымен екі жүзді иман келтіруші елге айналумен, жаратушының үкіммен болған ата жолының мөр ашу мұғжизасының, өлілердің тіріліп пендесімен сөйлесуге берілген үкімнің де хақтығын құрдымға құлауға айналған пендесі түгіл, бүкіл халықты да құтқаруды көрсететін шындығы яғни, хикметі бар екенін мойындап, сенім келтіруге біздердің құран үгіті және ата-баба шежіресі мен қалдырған өсиет, мақал, дәлелдері де жеткілікті болмақ. Бұндай жағдайға  тек ішіп жеуден басқаны білмейтін, күнә мен ізгіліктің, жақсылық пен жамандықтың арасын айырмайтын, мүлде адамдық болмысы мен арын жоғалтқаннан хайуанға айналған пенде баласы ғана сенбей иман келтіре алмасы да сөзсіз. Сондықтан тек осындай пенделерге ғана түсініксіз, ал ақылы бар, көзі көріп, құлағы еститін адам баласына айқын, құраннан ашық дәлелдермен түсіндірілген хикметтің және мұғжизаның қазақ елінде Ақ ұлдың бастауымен қазақ баласының сенім қуатын әлемдегі ең бір жетілген биікке шығару үшін өліктердің тіріліп, мына дүниедегі ұрпақтарымен жаратушы арасындағы сауда-саттық базарды қыздырып, батамен жетелеп және бұл салада әлемде әзірге баламасы жоқ жетістіктерге жеткендер арамызда бар екені де хақ. Бұл жағдайды Раббымыз аятта: «Көместің кілттері Оның жанында. (құдіретті қолында) Оны Ол, өзі ғана біледі. Және құрлықтағы, теңіздегі нәрселерді біледі. Бір (иман шары) жапырақ түссе де, Алла оны біледі. Және жердің қараңғылықтарындағы (қабірлердегі) құрғақ, және жас ұрыққа дейін ашық Кітапта бар.» (6-59).

 Бұл аятта көрсетілген көмес ғайып емес және иманның жапырақ болып көктен түсіп, иманның ұрығы жер қараңғылықтарында, зияраттарда, киелі орындары жер тесіктері арқылы, ашық кітап ойпаттарда кітап парақтары болып сақтаулы екенін, хаж амалдарымен табандар арқылы зейнеттелетін рухани азық болатынын ескертеді. Бұл жерде рухани ұрықтар тек арап жерінде ғана сақтаулы деген ұғым жоқ. Енді осындай «ойпаттардан» шындықтың ақ бастауынан нәр алған барлық пенде, оны шынға айналдырып, жемісін көріп жетістікке жете алды ма? Әрине жоқ, осы шындықтан үлес алғандардың 10 пайызы ғана жартылай, 30-пайызы 10/1; 20/1 немесе 100/1-ін  ғана шынға айналдырып игіліктерін көре алғаны да растық. Енді бұндай еліміздегі ашық ауыздық, ілім-білімсіздік пен надандыққа не себеп болды дейсіз?

Осы басылымдардың да мақсаты осы себептердің ғана негізгі білімін анықтап, ар білімін көрсетіп, жетілдіру үшін бүкіл қазақтың сауатты тұрғындары жабылып зерттеп, шынын ажыратып бейнелеу үшін онданған жылдар керек. Сондықтан «Бірлік болмай тірлік болмас» дегендей түпкі жаратылыс қозғалыс себептерін; шындықты білмек түгіл, бүгінгі бейнелеп көрсетіп қойған дәлелдер мен хикмет шынды анықтау үшін шежіреге айналған кешегі шынды, дін тарихымызды санамыздан өткізіп таразылау керек. Сонда ғана бүгінгі көмес (ғайып емес) білдіріп, көрсетіп жатқан хикметпен бейнеленген шындықтарымыз ертеңгі рухани егін ұрпақтарымыздың көктен түсіріп, жерден өндіріп беретін қазына байлығына шынға айналуы сөзсіз. Енді шындық дегеніміз Құдай сөзі болып, Алланың құдірет қолы арқылы түрлі хикметті істер мен үндерге, оқиғаларға бейнеленіп, аяттар болып жер тұрғындарына кітапқа айналып оқылып, олардың негізгі жинағы Құран болып Мұхаммед пайғамбарымызға оқылған. Аятта; «Біз Құранды шындықпен түсірдік. Ол, шындық бойынша түсті. Мұхаммед сені қуанту, ескерту үшін ғана жібердік.» (17-105) (122-хаж) Құдай сөзін, үкімдерін адамзатқа бейнелеп, оқып, көрсетіп тұратын екі арадағы жаннат елшілері «БІЗ»-дердің, яғни адам баласына түрлі жағдайда жан есіктеріне, әуретті жерлерге «Біз» сәулесі болып қадалып, нұр болып, кейде сырқыратып, кейде жай ғана ысытып, суытып, әурет көздеріне қадалып тұратын белгілердің растығын әшкере баян қылып тұр. Сонымен бірге Құран аяттарынан ғана кітаптар болып ашылып оқылып, көрсетіліп, түс болып жамандықтар мен сынақтар ескертіліп және араларымыздан елшілер тағайындалуымен Құдайлық хикмет, мұғжизаларының көрініс беріп жалпы халықтық шариғат дін ісіне айналуын «Хақиқат» деп атап аяттарда: «Хақиқат келді. Негізсіз нәрселер жойылды. Сөзсіз, (аянсыз ой жорумен пайда болған тәпсірлер, шариғат істері мен түрлі дін ғалымдықтары, сопылық әрекеттер) бекер нәрселер жойылады.» де. (81) Құраннан, мүміндерге шипа (емшілік істер) және рахмет (ашық бата беру) түсіреміз. Ол, залымдардың зиянын тым арттыра түсіреді.» (17-82) (99-Зілзал ғамалдардың көрсетілуі) Немесе бұл аяттың парын табатын болсақ: «Раббым Мені, әке-шешемді, мүмін болып үйіме кірген кісіні (аруақты) және мүмін ерлер мен мүмін ерлерді жарылқа! Сондай-ақ залымдардың жоқ болуын ғана арттыр» деді.» (71-Нұх-28) Қазақ еліне келген Нұх пайғамбарымыздың діні болып бекіген нұсқауларының және Ақ ұл арқылы жүрек ашумен бірге түрлі ем шипалардың да жүріп, оған қарсы болған діншілер және үкімет және шайтан жамағаттарына айналған білімді ағайындар тарапынан болған жағдайды және Мұхаммед пайғамбарымызға түсірілген, көрсетілген миғраж оқиғасы мен жеті көктің есіктерінің ашылып, жеті жолдың адамзатқа қайта оқылуымен айқын болатынын ескертіп тұр. Абай атамыздың ескерткен: «Дін ісі мен (шариғат) Құдай ісін (шындықтың бейнеленуін) айыра алмас..» деген жағдайы еліміздің дін және ел басқарушыларына келген сын болғаны да даусыз.

Ал енді осы жағдайларда керуенге шығып, көп отандастарымыз аруақ батасына кенеліп, аққу, сұңқар аталып бірақ табандылық көрсете алмай, сыннан өте алмай тастап кетуімен, кейбіреулерінің мешіттерді жағалап «намазхан» аталып масхабшылар қатарын толтырып, кейбіреулерінің батаға, аруақ себепшілігіне де «маған не берді?» деп, қасиеттерді меңгеру мен 9-жылдық тәубе сынынан өтуімен тағдырдың, қауымдық кедергілерін жою сияқты құпия нығметтерін есепке алмай, дүние байлығымен бағаланып, діни сауатты аталған жазушы, тілші, т.б. дін қандастарымыздың азғыруына еріп, мүлде қарсы шығумен ата жолының осындай халге түсуіне себеп болуы да шындықпен, яғни құран аяттарымен байланысты; «Біз адам баласына нығмет берген кезде, жалтайып, бір жағына қыңырайып алды. Қашан бір оған сәтсіздік жетсе, (Сондай дін парыздарынан, ғұрыптарын меңгеруден бас тартып ар білімін жетілдірмегендерге байланысты сынақтар түссе) мүлде күдер үзді.» (17-83). Бүгінгі сәулетті қалалар салып, мол қазына дүниеге кенеліп, дүние байлығын молайтуда өзара дүние байлығымен жарысып, бірімізді-біріміз кемеңгер санап жатқанымыз да, ол кешегі аталарымызға түскен бейнеленген иман жапырақтары шындықтың кітап болып, ақыл, білім болып зейнеттеліп бейнеленген, тазарған, бірге айналған жүректерінің біздерге шын «діл» бақшасына айналып, жемісін беріп жатқаны деп түсінгеніміз абзал. Осы кезеңдегі өмір сүрген кемеңгерлердің нәтижесі енді 100 жылдан кейінгі өмір сүретін ұрпақтарымыздың аруағы; көретін көздері, еститін құлақтары болып, өнім беретінін білгеніміз де жөн.

Ал осындай Алланың берген нығметінен бас тартып және оны тек өзіміздің білгіштігімізден ғана жасап, тек ел басшыларының ақылымен, шығарған заңдарымен ғана тіршілік етуге бұйырып, өздерін діннен бөлек «зайырлы»-жарық (светский) ел болдық деген және діннің арсыздыққа айналған амалдарымен ата-бабаларына, әулиелеріне, батырларына жалаңбас мүсіндер жасап, бастарына гүл қойып, мылтық атып, ойын-сауыққа айналдырып, ата-бабаларымызға түсірген шындыққа, өзімізге көрсетілген хақиқатқа қарсы болған жағдайда және оның негізгі себептік байланысын: «Қашан бір өлкені жоқ еткіміз келсе, олардың дәулет мастарына (ел басшыларына аяндармен, уахилармен, батамен) әмір етеміз. Сонда олар оған (ата жолына) қарсы келеді. Сондықтан оларға деген сөз ( үкім, аят) шындыққа айналады. Сөйтіп оларды негізінен жоқ етеміз.» (17-16). Яғни, өздерінің мазаққа айналдырған кәпір жындарын, шеріктерін, қарсылықтарын өз қауымына жүректеріне ендіріп, түрлі жағдайда азаптарға душар болып, сынақтармен, ақылдары жетпейтін оқиғалармен, аурулармен өмірлері де тозаққа айналып ұрпақтарының да азып-тозып мәңгілікке жоғалуын ескертеді.

Енді ел басқарған білімді қауымның мұндай халге түсуінің де себебі; жоғарыдағы дәлел келтірген діншілердің жын қуаттары туралы мүлде сааутсыз және халықты әулие аралаудан кәпір жын еніп, шерік қосып, арамданасыңдар деген надандық пайымдауларға сенім келтіруден, өздері солай мазақтаған нәрселерімен жүктелгендерін сезбейді де. Бұндай жағдайдың хақиқатын аятта: «Рас тозақ үшін де көптеген жын адамдарын (жынды және жансыз, дүние тіршілігіне, сауықтарға мас болатын) жараттық. Олардың жүректері бар, алайда олар онымен түсінбейді. Көздері бар, онымен көрмейді. Және олардың құлақтары бар, ол арқылы естімейді. Олар хайуан тәрізді, тіпті одан ары адасуда. Міне солар мүлде кәперсіздер.» (7-179).

 Тылсымнан өз тағдыр кітаптарын, күзетші аруақтарын көріп, естіп немесе жорып түсіне білмейтіндер қандай білімді, ілімді болса да жын адамдарына (жындыларға, мастарға) ессіз жансызға айналып, бірақ түрлі дүние істерінде, ойын-сауықты дамытуға рухани қозғалыста қабілетті болғанымен шерік қосушы, жалған тәңірлерге табынушы болып жолынан мүлде адасатынын ашық ескертеді. Бірақ, осындай кітап тағдыры аян түгіл түс те көре алмайтын күшті, қара қуатты жүк көтеріп, ойын ойнап жарысып, мақтанатын ессіз жын адамдарына айналған қандастарымызға тікелей бата арқылы да аруақтарының ескертулерін, жол көрсетулерін жеткізуге, зұлымдықтарынан құтқаруға жәрдем беруге әмір етілген аққу, сұңқарларымыздың міндеттерін, аманаттарын, жүрек ашылуға берген уәделерін атқаруға кедергі болған себептерді де, әрбір пенде арсыздықпен шайтан ізіне ергізген көзіне түскен шөпті өз қолдарымен алып тастау үшін де, осындай ақпарат түрінде түсірген шындықтың сөз болып бейнеленуін, әрбір білімді еліміздің тұрғындарына таныстыру да ата жолының міндетті сынақтарының бірі және Ақ ұлға да келген басты сынақ болды. Кезінде пайғамбарларға да «шайтандардан жолдас қылдым» деп Раббымыздың ескертуімен көптеген пайғамбарлардың берілген міндеттерді дұрыс атқара алмауына жанына ерген жолдастары және жұбайларының да шайтан ізіне ерген әрекеттері де себеп болғанын білуге болады. Сондықтан бұндай жағдайда Ақ ұлдың қасындағы жәрдемге тұрған  жолдастардың тек шариғат үкімдерін дұрыс орындап, ар білімін заманның дамыған күнәлі істеріне қарсы жетілдіру үшін; тылсымнан келген аяндарды дұрыс жорып амалға айналдыра білген жағдайда ғана ата жолының Раббымыз тарапынан толық қолдауға ие болуы тиісті болатын.

Бірақ ондай ерекше нығмет жеңілдік беріп, оның қасына жәрдемге тұрғандардың да басты қателігі, яғни діни философиялық түсініктері мен надандықтары, ар білімінен, ата-баба ғұрпынан, жамағат қағидасынан сауатсыздықтары мен ақирет саудасынан көрі, дүние саудасына қарай ауып кетуі және тақуалық істерді мүлде жинап қойғандықтан, ата жолының үлгісін көрсететін намаздарын дұрыс орындамаумен екі жүзділік «мұнафықтық» алғашқы шариғат білімі дін ісі масхаб арқылы қалыптасатын тәубе сатысын да меңгере алмай және тарихаттық, ғұмырлық ата жолының ар білімінің үлгі-өнеге болатын намаздарының жетілмей қалуы  негізгі себеп болды деп түсіну керек.

Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-bidi-font-family:"Times New Roman"; mso-bidi-theme-font:minor-bidi; mso-fareast-language:EN-US;}

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *