Сенім-иманның денесі және ата жолының сенімдік бейне ерекшеліктері.

Бөлім: Ата жолың бақ жолың қадірлей білсең ағайын 46

«Алла Тағала былай дейді; «Адамдар бастарына әлдеқандай бейнет үйірілгенде заманды кінәлайды, Сол арқылы Менің арыма тиеді. Егер басыңызға іс түссе уақытты сөкпеңіз! Себебі жыл мезгілдерінің, күн мен түннің алмасуы Менің билігімде. Мен оларды жойып жібере аламын.» (587-өсиет).  Олай болса уақыт Алла тағаланың құдірет қолы, аруағы, ал заман-Ар білімі, адамзатқа түсіріп көрсетіп қойған сенімнің сынағы болып заманға қарай намаз амалы да өзгеретінін ескертеді де аятта «Адамдар: «Сендік» (тілмен иман келтірдік) деумен сыналмай қойып қойылатындықтарын ойлай ма?(2) Рас олардан бұрынғыларды да (иман, арлылығын) сынаған едік. Сондай-ақ Алла, әлбетте шыншылдарды да біледі, өтірікшілерді де біледі.» (29-3).

 Әрбір жаратылыс нәрсесінің өлшемі, шамасы және оны пайдаланудың шектерін, қағидаларын дін деп атасақ, онда ұстанған дініміздің негізгі жалауын көтеріп жүретін ерік күшін, яғни имандылықтың қуаттық шамасын сенім деп атайды. Адам баласының сенім қуатының, ерік күшінің тазалығы, шамасы осы иман ағашының, тектілігінің, яғни белгілі бір нәрселерге, парыздарға иман келтірудің ерекшелігін және уақыт  бірлігіне тәуелділігін көрсетеді. Құр тілмен айтып, оймен сендік дегенмен оның нәтижесі сенім күшін сынау бойынша сабырлық, ақылдылық және соған байланысты белгілі бір нұсқау, үкім және ата-баба, елшілер, әулие-әмбилер мен пайғамбарлар үлгілерімен, өсиеттерімен, киелі кітаптардың аяттарына сүйене отыра әрекет етудің нәтижесімен, заманға қарай берілген білімділікпен және біліктілікпен ғана өлшенеді.

Сенім қуаты бейнеленгенде қайрат-иман зейнеті болып, адам баласының үнемі толықтырып, қадағалап, күзетіп, бағып, орнымен пайдаланып отыратын ұзақ жылдар бойы өмір, тұрмыс тәжірибесімен қалыптасып жиналатын рухани күш-қуат арлылығы, яғни ар білімі ғана біліктілік  болып саналады. Сондықтан құр тілмен немесе жинаған біліммен иман келтіргенмен, ар сауыты жетіліп бойға қуат, күнәлі болмысқа қарсы тұратын нұр, адам өміріне жақсылықтарға қарай жол көрсетуші  жарық болып өзінен-өзі ғайыптан пайда болмайды. Ол үшін де нәпсімен күресу арқылы әуелі ар сауытын тоқитын ата-бабаларымыздың тарих сындарынан өткен ғұмыр тәжірибесін меңгеру керек. Сенім иман зейнетінің күзетшісі, қорғаны болып үнемі толтырып отыратын, қараңғылыққа тап болғанда жағатын шамның майы (бензин-октан) сияқты. Сенімді тіршіліктік намаздарды орындау арқылы сауаппен жаздырып, май қылып ішіп қайрат, жігерге, өмір ағашына айналдырып заттандырып отырмаса, онда майсыз сенім — өлі сенім.  Және оның жан жылуының отыны, қуаты болып әйел затымен, ұлттық діл, қан тазалығымен де тікелей байланыста болатынын қыз бейнесіндегі шам ұстаған періште, яғни «Ұждан» болып қалыптастынын Ғиса пайғамбарымыз інжілде астарлы түрде насихат беріп кетіпті. «Дененің шамы – көз. Көзің кіршіксіз таза болғанда өмірің түгелдей нұрға кенеледі. Ал егер аш көз болсаң, өміріңді қараңғылық басады. Сондықтан өміріңде нұр орнына қараңғылық болмасын, байқа!» (Лұқа; 11-тарау) Сондықтан аятта; «Сондай иман келтіріп сенімдерін зұлымдықпен былғамағандар, міне соларда сенімділік бар. Және олар тура жолға түсірілгендер.» (6-82) Олай болса ең бірінші аманат дүниеқоңыздық, ашкөздік, қызғаншақтықтан, арсыздыққа апаратын зұлымдықтан сақ болу; яғни ата-анаға шүкірлік жасау, ана сүтін ақтап тілді былғамай, әке өсиеті сөзді ұлттық намысыңды қорғап, жаратқаннан түсіріліп, оны ғасырлар бойы аққан тер еңбекпен жетілдіріп, төккен қанымен дінін қалыптастырған әдет-ғұрып, салт-дәстүрлік аманаттарды қорғап, білімін жетілдіріп, заман намазына, иман қуаты-арға дәрежелеп, кейінгі ұрпақтарға өткізіп отыру керек. Сондықтан бұл аманаттарды меңгеру үшін сөз ғылымын меңгеру, сұхбатты, ой мен тілдің арасын бөлетін ұғымсыз, шала сөз атаулармен былғамай таза сөйлеу білімін жетілдіру діннің басты шарты және парызы  болмақ. Мұсылманның құлшылығының бес қана парызы бар деген масхаб философиясының қазақтың дін ұстанымына және тура жолдың құран насихатына, пайғамбарымыздың өсиетіне де қайшы екенін естен шығармаған жөн. Егер сөз сарасына жүгінсек «Парыз» ұғымы Алладан орындауға міндетті болып берілген үкім, бұйрық болып түсіндіріледі. Олай болса 24-ші «Нұр» сүресі, оның жұбы 42-ші сүре үкімдері парыз болып саналады.

Енді сандар ғылымына жүгінсек, Нұр сүресі 64-аятпен қияметте, өлімде сұралу болып және жасырын Шура 42-сүремен пар болып, осы екі сүренің ар білімінің негізі болып «42-53» аятпен тұжырымдалып адамзат сенімінің ақталып, «Арманының» орындалуын, яғни жүректердің көкке жалғануын ескертіп тұр. Құранда бес нәрседен, парыздан ғана сұралып жаннатқа кіресің деген ұғым да, үкім де жоқ. Және аятта; «Адамдарға; ата-анасына қарайласуды бұйырдық. Ананың оған мешеулік үстіне мешеулікпен жүкті болып, екі жылда омырауынан айыруы бар. Маған және әке-шешеңе шүкір ет. Қайтар орның (ақирет тіршілігің) мен жақ.» (31-14) Сенім қуатының негізі осындай негізгі парыз қылған аяттардың үкіміне, иманның нәтижесі сандық мәндеріне тәуелді. Егер сандар тағлымына жүгінсеңіз бұл үкімді, парызды орындау үшін; 31- «Лұқман»-дық мұсылмандық қарыздармен және 14 түрлі пайғамбарлар сүннеттері, нұсқаулармен барлығы 45 санымен Абай атамыздың қара сөзінің негізін, яғни ұлттық парыздар мен намаздарды толық орындау шарты пайда болады. Ал сан тағлымымен 14-санды аяттың намаз орындауын 41-сүреден іздеп, Мұхаммед пайғамбарымыздың намаз орындауға шақырған, көрсеткен сүннеттерінің шапағатына жалғану кітабының ақиретке жолығудың негізі қағидалары және ата жолының «Ғайып ерен қырық шілтен»-ді іздеу, жер бетінің шілтендеріне жалғану зиярат қағидасының да кітабы  болып табылады. Егер ақиретке иман келтіру құлшылықтарының бәрі «Маған» сәжде қылумен, ал «Мен» сендердің күре тамырыңнан да жақынмын деген сияқты және Абай атамыздың «Менікі екі» деген екі- рух, екі-жанмен барлығы 4-еуді түгелдеу  мен әке-шешеге шүкір ету біртұтас аяттың қуатын көрсетіп тұрса, онда қазақ аталарымыздың ғұрыптық аруақ арқылы «Маған» құлшылықтарын, сыйыну амалдарын орындауымыз, ақиретке иман келтіруіміз, ар біліміміздің негізгі іргетасы болып саналады.

Енді жаратушыға сеніммен Раббымыздың көрсеткен, түсірген намаздарын орындап иман келтірудің өзі екі түрлі жағдайдан пайда болады. Ақылмен білу арқылы және жаратушы тарапынан берілетін азаптардан қорқу арқылы. Масхаб дін ғалымдарының ұстанымы бойынша әуелі көрмей, білмей хикметін де сезбей жаратушы Алладан қорқумен, тілмен айтып иман келтірдім деп өзін-өзін алдап сендіріп, сосын сәждеге жығылу арқылы және білімі негізсіз мұсылманның бес парызын орындау арқылы хикметіне жетуді, нығметке бөленуді ұсынады.

Бірінші парыз иман деп оны тек сендік десек болғаны деп, ал иманды қалай жинау және жартысы әйел затымен, діл білімімен, ұлттық ерекшелік тұрмыс ұстазына байланысты болатыны, соған байланысты әдет-ғұрып, салт-дәстүрді жете меңгеру, ұлттық құндылықтарды сақтау, әке-шешеге деген шүкірлік болып өзінен-өзі парыз болғанын түсіндіретін бірде-бір масхабтық дін ғалымының еңбегі жоқ. Сондықтан негізгі шүкірлік парыз болған ата-анаға қызмет қылу, отбасын құрып, ұрпақ тәрбиелеп, отанға қызмет қылу үшін де, адал еңбек етуге түрлі кәсіптерді меңгеру жолында өнерді үйрену, білімді меңгеру және қарапайым ғана жаратушыны тануға иман келтіруге, кітаптарын оқуға, аманат дінді меңгеру үшін заманға қарай жетілген іргелі білімді меңгеру бұл парыздардың міндетті шарттарына енбей қалған. Есесіне білімділікті арапша тіл сындырып-ақ құранды, тәпсірлерді, өсиеттерді ақылсыз, ойсыз жаттап алу діни сауаттылық болып саналады. Ал ақылсыз, білімсіз қалай иман парыз болмақ? Иман дегеніміз жүректерге бейнеленетін, таза ақыл қуаты болып және ерік күші мен сана қуатынан тұратын болса. Бұл құпия сырды «Ес»-естілік деп атаған аталарымыз. Және оқыған намазың, тұтқан оразаң, жасаған қажылығың болғанымен ата-анаға, отанға, жеріңе, ағайындарыңа, Раббыңа берген уәдең тіліңе, аманат сөзіңе қиянат қылмай және жанұя құрып, ұрпақтарды көбейтіп, оны асырау үшін адал еңбек, кәсіптерді меңгермей қалай есті, парасатты мұсылман аталып, яғни «И»-шарыңды, арыңды жинап, ақыл-оймен ғана бейнеленетін «Ман» қуатын меңгере аласың?

Ал ата жолының бабаларымыз ұстанатын сенім жолы әуелі құдайдың хикметін ақылмен танып, жүрекпен сезіп, түйсікпен жинаған білім деңгейіңде түйсіну, яғни иман арқылы меңгерген біліммен өлшеп, кереметтілігін, ақыл жетпейтін өлшеусіз себептерін естілікпен ұғынып, сенім келтіріп және соған байланысты азабының да бар екенін де ақылмен болжап, жүрек көзімен ақиретке кездесіп көріп, сынақтарынан өтіп және тылсымнан берілген белгілердің, хабарлардың, дәлелдердің хақтығына тұрмыс тәжірибесі арқылы ақиқатына көз жеткізіп, сені қарап, байқап, ескертіп тұратын құдіретті қолы күзетшілерінің періштелерінің, қанатты періштелігі бар аруақтың хақиқаттығына иман келтіріп, сенімді бекіту арқылы міндеттелген намаздарын орындау керек. Ал енді, осы орындаған намаздарыңа, жасаған қайырыңа, берген садақаңа, игілікті шараларыңа қарай енді өз мұқтаждықтарыңды сұрап, яғни намаз оқу арқылы сұрауды үйрен деген масхаб білімінен әлде қайда күрделі және қазақ ұлтының жанына, ғұрпына сиымды бағытты ұсынады. Яғни, масхаб ұстанымындай Алла сенің иман келтіруіңе, құлшылық қылуыңа, намаз оқып, ораза ұстанып т.б. тек өз басыңды жетілдіру барысындағы сопылық, тақуалық қылуыңа мұқтаж емес, керісінше, осындай ізгі шаралар арқылы тағдырға, қауымыңа, ағайын туысқандарыңа жүктелген болашақтағы сынақ, азап, ауруға айналатын Алланың адамзатқа тағдырларға, заманына қарай ортақ болған тұрақты жазасын кетіруге; құрбандықтармен, ізгілік жасаумен саудаласып, соған байланысты берілетін де нығметіне бөленіп, азаптардан өз дін қандастарыңды және қауымдық аруағыңды тазалап, жандарының еркіндік алып, түсіңде жаннатқа енуі арқылы алатын қосымша сый, сыбағаларға өзің мұқтажсың дегенді ескертеді. Ал жаратушыға мұқтаждықтан бас тартсаң, онда тағдырыңа, білмей істеген күнәларыңа қарай жазалансаң, оны ешкімнен көрме деп ескертеді. Сондықтан рухани жетілуіңнің жемісі болып көрінетін жанұяң, әйелің — егіндігің, қанына не беріп, тәніне не ексең, ұрпақ және өзіңе қайта келетін ар қуаты қылып егініңді орасың, немен өлшесең солай ұрпақ қылып, шежіре тарихыңа қарай қасиетпен өлшеп аласың. Мұндай орындаған намаздарыңның нәтижесі де ұрпағыңның қасиетті, қасиетсіздігімен, өзіңнің санаңның ашылуымен, ақирет өмірін, Алланың көк, жер мүліктерінің құпия сырын шамаңа қарай аянмен көріп, жаныңмен аралап, рухыңмен өлшеп, шындықтың иесі бар, рас және соңғы нәтижесінде адамдық кейіптегі көздерге, жүректерге, яғни бірліктегі аруаққа айналатын қуаттардың біртұтас тәңірі болған Алладан шынымен де қорқа білуді меңгеруің хақ. Себебі көзсіз, сезімсіз, түйсіксіз құр тілмен иман келтірдім деп, ғайыптан кім екені белгісіздерден өлердей қорқып құлшылық қылмайсың, керісінше көместерге, хикметтерге жолығумен, ақ қарасын ажыратумен жаныңның түршігіп, күнәлі болмысыңның, шайтаныңның өліп 8 түрлі қуаттық малдық жындарыңның бірленіп тазаруымен берік негізді адамдық болмысы, сенім күші пайда болады. Сенім күші жынның тазалығына, кісілікке айналуына ғана тәуелді.

Сондықтан енді бұрынғы «материалистік», шайтандық, жындылық, мастық көзқарастарың мүлде өзгерумен, өміріңнің де мәнін де, тіршілік барысында істеген қателік, күнәларыңның да нақты сипатын батамен өз құлағыңмен көзі арқылы естумен және қандай нәрселерден сұралатының да, соған байланысты түсетін азаптардың да түр-түсін, дәмін татып, өзіңе-өзің амал жоқ есеп беріп, дін масхабыңды 40 жыл шет елде оқыған имамдардан, тіпті хазіреттерден де артық түсініп, ақ қарасын ажыратумен күнәлі істерден де, жасырын сөздерден де, тіпті жаман ойлардан да бас тартып, рухыңды тәрбиелеп, жаныңды тазартуыңа мәжбүр боласың. Әрине мұндай ахуал жасынан жер емшегін де, шал емшегін де еміп, ата-ана тәрбиесін, тіл, сөз, т.б. ұлт құндылықтарының қасиетін бағалайтын, тұрмыс жағдайында түрлі сынақтардан байқамай сүрініп, жолы жабылып, өзін-өзі тануға талпынған қазақтың ұлтшыл ұл, қыздарына ғана тән құбылыс.

Ал енді өзге елдің тілімен де, салтымен де уланып мақтан кіріп мәңгүрттенген немесе түрлі жағдайда білім қуып, жолынан адасып, санасы жабылып, ата жолына келумен өзін танығандар да және өзге ұлт дініндегілерге де ата жолының хикметтері арқылы тіптен кейбір қазақтан да артық салтымызды, ғұрпымызды, дінімізді меңгеруші басқа ұлт өкілдері де ата жолында жүздеп кездеседі. Тек арап тіліне шоқынып намаз оқумен жеке пірлерге табынғандарға және өзге елдің дін салтын қоса алғандарға ғана әзір ата жолының есігі жабық. Себебі неде? Бірінші тәубенің алғашқы сатысындағы ата жолында жын-шайтандармен хабарласып «секта» деген айдардың тағылуымен және құран ғылымын, философиясын, пайғамбарымызға түсірген кітаптардың аяттарын теріске алумен жүректерге мөр түсіп, керісінше, қара түнек күштерден қорқып, имамдарды, дін ғалымдарын пір, тәңірге айналдырумен қызылбастық жолдың надандықтарымен тікелей байланысты.  Бұл жағдайдың «такеледи»-тақсырлы иман дәрежесі болып, нақты ғылымы мен білімін алдағы басымдарда ашып көрсетеміз.  

Енді қазіргі таңдағы әрбір «намазхан» аталған қандай да масхабты ұстанушылар басты иманның шарты намаз оқымасаң кәпір болып жазаланасың деген пікірмен, Алладан қорқып шариғат істерін меңгерсе де, ұлық сипаттарының хикметтері түгіл, жалпы құран, кітаптар арқылы түсірілген білімін де ұмытып, сондықтан ондай аяттарды ертегіге айналдырып, сенімдерінің негізіне айналдырған. Ал, тозаққа түсуден сақтайтын ақиреттік білім қорқыныштарының сипаты; тіршіліктік, ұлттық, ғұмырлық, тағдырлық сипаттағы намазды орындаудан да намаз оқу маңызды деген ұстаныммен, кейбір намаздардың үстінде тілегің межеге дәл тиіп, тағдырың бірден өзгеріп, сондықтан да өмір бойы жасаған қандай дәрежедегі күнәң кешіріліп кету де ғажап емес. Сондықтан оны үзіп, қаза қылып бүлдіріп алмасам екен, тіптен барлық нығмет намаз оқуды жетілдіруде дегендей әрекеттерге бой ұрып, білім алу намазынан да, адал еңбек етуден де, міндетті тұрмыстық, кәсіптік намаз орындауларынан да мешіттен қалып қоймасам деген қорқынышпен мұсылмандық қарыздардан бас тартып, тіпті білім алу намазын, дәрістерін және адал еңбек ету жолындағы құлшылық, отанға қызметтерін де бес уақыт намаз оқуға ойланбай айырбастап және бүкіл жаратушы тарапынан болатын жылдық намаз оқуға татитын құран-хикметті де, аят-нығметті де сәждеге, мешітке, соның айналасындағыларға құлшылық жасап табынып еліктеумен және намаз оқу арқылы тағы одан да зор нығметке, хикметке бөленесің деген намаз оқудың басқалай жалбарынатын түрін естісе, көрсе (талтайып тұру, қолын шошайту, қол қусыру, рәккәтарының санын түрлендіру, мешіттерге түнеп жатып намаз оқу т.б.) бірден құлай кетіп, тағы осындай намаз оқудың ішкі амалдарын, арапша оқылатын дұғаларын жетілдіру сипатына қарай сопылық, тақуалық деген ат қойып алған топтың соңынан еріп, пірге қолын (ата-ана аруағын,досын, сенімін тапсырып) беріп, қайта-қайта қажылық жасаумен сынақтарға, қиындықтарға түсіп, бұл неге деп үмітіңді үзсең «шайтан» болып кетесің деген пиғылмен ақыл-ойы және ішкі еркі, қайрат-сенімі қақпанға түсіп, ит сияқты тек қожайынға, пірге табынумен және ұрса да кетпей, бұйрықтарын мүлтіксіз орындайтын бұл әрекеттеріне ақыл тоқтатып, есті жиып арты немен аяқталатынын білмегендіктен, кейбіреулері тезірек жаратушының нығметіне бөленгісі келіп, өз-өздеріне қол жұмсап  өлтірумен немесе біреулерді, туысқандарын «кәпір» атап жарып жіберумен айналысып кетеді.

Адам баласы Алланы, жаратушы иесін жақын білмек болып діннің сиыну амалдарын қалай меңгере бастаса, уәде бойынша қандай алған біліміне, ақылына сай  «ібіліс» те өз әскерін алдына тосқауылға қойып, түрлі бағытқа қарай азғырып немесе жолында отырып алады. Бұл, тәубенің негізгі қағидасы, яғни ібіліспен негізгі кездесу орындары 9-шы кезекте болып, осындай екі бөліктен тұратын; 60 және 70 санды 130 белгілі, яғни 13 сатылы Раббына қосылу тура жол қағидасы бар. Сондықтан пайғамбарымыз: «Егер күнәні жасырын жасасаң, жасырын түрде сондай ізгілік, жақсылықпен қайтар, ал ашық жасасаң, онда ашық түрде орнын толтыру керек» деген өсиеті масхаб шариғатында күшін жойған әлсіз болып есептеледі. Тәубе сүресінің неге Алланың рахымы мен мейірімі аталып басталмаған деген сауалдың әлем данышпандарын да толғандырып жауабын таба алмай жатқаны да даусыз.

Бұл жұмбақты Шәкәрім атамыз әйелдік жыныстық қуаттық сан 5-пен белгілеп; «Тоғыз қатын жиылып бір толғатқан, Бірін-бірі буаз ғып, жуандатқан. Тоғызының киімі тоғыз түрлі, Келген кісі сияқты әр таптан. Босанғанда, тоғызы бір ұл тауып, Балаға екі түрлі киім жапқан. Бір киімі шешесіне ұқсаса да, Бір киімі келіп тұр бөтен жақтан. Қатындар не? Киім не? Баласы не? Көпке киім жетеді не себептен?» деп тоғыздан ғана он туып; «Ар» сауыты дегеніміздің өзі көктік белгіні қалыптастыратынын астарлы баяндап, Ғиса пайғамбарымыздың шам ұстаған 10 қыз деген астарлы әңгімесін христиандардың да, әлем дін ғалымдарының да ғасырлар бойы шеше алмаған сырын қарапайым қара өлеңмен 10 жолға сиғызып, үшінші байлық «Он саулық» білімін де көрсетіп берген. Әрине сондықтан да қазақтың әулиелерінің тура жолда екенін жасырып, «шайтан жамағаттарының» өздерінің беделін көтеруге тырысқан араптық біліммен ата жолы да бабалар аманаты мен дінімізде секта болып аталуы да даусыз. Бұндай ағайындарымыздың сенім, иманын «көреалмастық» деп, екіжүзділіктің негізі деп ескерткен Раббымыз.

Сенім қуаты-иман дегеніміз үнемі жетілдіріп, толықтырылып, дәрежелеп көбейтіп отыру үшін иман тегі шежіре ағашына жалғану арқылы тарихтан хат, хабармен, жер, көк есіктері арқылы «Ман» жіптеріне жалғанумен болатынын және аяқ астынан, төбеден азық алумен ғана толысатынын, жүректерге, тылсымнан көздер-жүректер арқылы зейнеттелетінін, тоғызды меңгеріп, рухани толғатып, онмен ар киімін кигізіп алу керек екенін жалпы ислам әлемі әзірге жан ғылымын білмейді.

Шерік болып тазармаған қуаттардың енетін әурет жерлерді және тозақ қақпаларын қорғамаудан, арам жеп, дұрыс сөйлемей, тілмен ойдың арасын бұзғаннан да, жалпы ар білімін сақтамаудан, барлық ұятсыздықтардан өзінен-өзі тіпті ұйықтап жатқанда да шеріктердің тәнге ену үшін денемен (аура өріспен) араласу арқылы да теріде өрістік «тату» (терідегі жазу) түрлі жәндіктер, кеміргіштер түрінде болып бейнеленіп, еттерге өтумен теріс қуатты рух болып, ақылға, иманға сынақ болып қосылатынын екінің бірі, дін имамдары мен ғалымдары да әзірге  білмейді. Сондықтан қазақтың жалпы халқының басына келген шерік қосылу азаптарынан, мастық, жындылық, көшедегі баспасөз мәдени ошақтары мен тіптен ел басқару сарайларында, киелі зиярат орындарындағы болып жатқан арсыздық, жалаңаштық әрекеттермен кәпір жындармен жүктелу, шерік қосылу салтымыздан болашақ ұрпақтарымыздың басына түскен  мұндай рухани өлімнің, тығырықтан шығудың басты жолы, адамзатқа берілген, түсірілген қасиетті кітаптар мен құранды заманға қарай жетілген сөз білімі, ғылым жетістіктері арқылы насихатын меңгерумен ғана бұндай адамзаттың сеніміне берілетін ғасыр сынынан, шаруашылықтарының күйреуінен тек ар білімін меңгеру арқылы ғана өтеріміз де сөзсіз. Бірақ адам баласының жаратылыстан тағдырмен берілген шамасына қарай жүктері, яғни ата-бабасынан бері жалғасты келе жатқан жиналған тағдырлық күнәлі болмысы және қасиеттік негіздері, міндетті түрде маңдайына (періштелігіне-насыр жанына), яғни қауымдық аруақ қуаттық кітаптарына сынақ болып жазылған. Сол күнәлі болмысының өліп, рухани жаңару үшін де сол қуаттың негізі тектік шежірелік бастауларына, әулиелердің таза киелі аруағына жалғану арқылы ғана теңеп отырумен, қолға қуат алып және шариғат амалдары мен әдет-ғұрып, салт-дәстүрлік, ұлттық адамгершілік шарттарын «Ман» негіздерін меңгеру керек. Ал адам баласындағы тұрмыс барысындағы қалыптасқан ескі рухани күнәлі болмыс Алланың азабына немесе ерекше бір хикметіне Құдай нұрына жолықпай, құр тілмен иман келтіріп намаз оқи бергенмен, сыртын әуреттерін тазалап, тілмен сөзді жылтыратқанмен, ішкі жанның сырына жазылып, кітапқа айналып бекіген күнәлі рухани болмысы өзінен-өзі жоғалып өле де салмайды.

Бұндай жағдайда не тұрмыс тауқыметін көру арқылы, еңбектену барысындағы түрмыстық жағдайдағы міндетті, тағдырымен белгіленген сынақтарынан өтумен, кенеттен келетіп азаптар, аурулар әсерінен өлуі мүмкін. Немесе тұрмыс, өмір тәжірбиесінен өтіп, мүшелдік жас келіп тағдырлық несібе нұрына «манына» жолығып, ақыл толу арқылы өз міндетінен құтылып, келесі бір рухани жетілуге, естілік жағдайға өтеді. Үшінші жағдайда еріксіз өзге біреулердің, жетекшілердің, ұстаздардың көмегімен бұндай, бәрібір ерте ме кеш пе тағдырмен болатын, кездесетін жағдайлардан ақылды жетілдіру, естілікті қалыптастырумен тағдырлық сынақтардан Раббымыздың аянымен көрсетіліп, жорылған аяттарын намаз қылып орындау арқылы ғана 9 санды негізгі кедергілерден жеңілдікпен өту керек те, оның да екі негізді жанға, адам рухы ақылына байланысты 3 түрлі негізгі өлімдік сатысы бар екенін Раббымыз ескертеді және бұл таспихпен 99-санмен қатысты белгілеп көрсетіп қойған. Сандар тағлымымен; 33=30х3=90 (3х90=180 яғни дәрежелген 18-ғалам, інжіл, рух саны) болып, тоғызбен жасырылған 3 түрлі сатылардан өту қағидасын «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні» деген аталарымыз.  Ал пайғамбарымыз: «Иманның бұтағы 60 немесе 70 болады.» деп ескертуіне қарай намаздық парыз мәндері 6 және 7 сандарының 10 көктік белгілермен дәрежеленуінен туындайтын аят сүрелермен және осы сандар мәндерінен іздеп 7-ші сүренің пайғамбарымызға жеке берілген кітап болып; «Жеті сүйекпен сәжде жасауға бұйырылдым» намаздарын орындауға деп ескертуінің құпия сыры қазақтың аруақ, ар білімінің 7 санмен байланысты, жеті жарғылардың пайда болуы осы иманның жетінші дәрежелі тәубасынан басталатын 70 бұтағын меңгерген тура жолдағы ел болғандығымыз Ясауи бабамыздың  70мхикметтен, иман жапырағынан тұратын бірінші «Сәни дәптері» ашық білдіріп тұрғаны сөзсіз. Сенім қуаты Алланың түсірген хикметіне жолықпай зейнеттеліп бекімейтінін ескерсек, осындай негізгі рухани өлім сатыларынан да өту керек.  Олай болса адам баласында жанға және рухани болмысқа байланысты екі тағдырлық болмыс болып, барлығы 6 санымен белгіленеді де, ата жолының қағидасы аятта; «Егер оларға періштелерді түсірсек те және оларға өліктер сөйлессе де, сондай-ақ олардың алдына әр нәрсені жинасақ та олар нанушы емес. Әрине Алла қаласа басқа. Бірақ олардың көбі білмейді.» (6-111). Бұл аятқа ұғымдық атау берсек «Шындық» деп аталады. Құран философиясы, насихаты бойынша шындықты шынға яғни, иманға, сенім қуатына айналдыру адамзат сенімін жетілдіру барысында қарекеттерге, жарыққа, бірге айналған «Ар» қуаты «Шын» болып зейнеттелетін құпия белгіні, заманына қарай көрсетіліп, түсіріліп, оқылып тұратын аяттарды, яғни Құдай ісін ескертеді. Ал енді бұл сүренің білімін меңгеріп «Ар», яғни шарыңды, кеңістіктен орныңды «Ақ»-ты белгілеу үшін де 6х3=18-ді яғни інжіл санын меңгеру шарт. Және тәубаның алғашқы екі дәрежесімен «Сұбханалла, әлхамдулла» таспихының 66 сандық негізін де көрсетіп тұрғаны сөзсіз.

 Бұл 66-сүре жұбайлық өмірмен, Мариям ана әйел жанының тазалығымен, рухани жетілген ұрпақты тәрбиелеумен, неке өмірінің тақуалығымен, діл білімімен, ұлттық әдет-ғұрпымызбен ғана зейнеттелетінін ашық ескертіп тұр. Мұндай жетілген қазақтың дін ғылымына көптеген мұсылмандардың және масхаб діншілердің мүлде қарсы болып, ата жолының негізгі ірге тасы болып саналатын, ислам дін ғалымдарының да әзірге ақылы жетіп білмейтін, тек қазақ аталарымыздың орындаған, жетілдірген шариғатымыздың 6-шы парызы «Батаменен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер» деген қағидасымен басталуы да көптеген Құранды теріске алып, арап тілінде түсірілген шариғат ісі болып, бекітілген үгітімен ғана шектелген, өзге халық түгіл өз отандастарымыз, ел басында тұрған басшыларымыздың да күнәлі болмыстарының қарсылығымен бірленбеген (8 түрлі, сипатты) тазармаған жындарын түртіп, қоздырып, ашу-ызасын келтіріп, қазақ еліндегі дін сынағының басты себебіне айналғаны да даусыз. Ал жинаған мал-мүлкіңді, дүние байлығыңды садақалар және артық хайыр жасау арқылы арамнан тазартпағандардың жаны өзінен-өзі тазаруы немесе намаз оқумен, жалған бес парызбен тазаруы да мүмкін емес және жоғарыдағы аз ғана мысалмен берілген тұрмыстық намаздарды орындаудың  жан ғылымына, құран үкімдеріне де қайшы. Сондықтан, жалпы халықтың күнәлі болмысының, ел тағдырының, заман намаздарының тұмшаланып, көктегі мүліктердің және жердегі «Ман» негізді мүліктердің нәтижеленіп бір жағдайдан келесі бір жағдайға өтетін қияметтік мезгілі келіп, әрбір пендесіне ескертумен, мал-жандарын арамнан тазарту намаздарын орындату үшін, жүректерін тоттан тазарту үшін де, халықтың жаппай жүрек ашуымен болатын мұғжизаны және соған байланысты шындықтардың «Шынға»-сенім қуатына айналып, адам баласы арқылы бата болып шығуын аятта; «Олар өздеріне бір мұғжиза көрсетілсе, оған міндетті түрде сенетіндіктеріне Алланың атымен ант қылды. (Шаһадат куәлік беріп, Алланың ақирет күніне, қиямет мезгілінен үкім жеткізуші, адамдармен сөйлесуші періштелеріне, аян болып оқылатын кітаптарына, Құранға да иман келтірдік деп ант берген.) Мұхаммед, мұғжизалар Алланың қасында» де (Алла достары мен ақирет тіршілігінде) Шынайы түрде оларға мұғжизалар келсе (жоғарыдағы 111-аят үкімі) де, сенбейтіндіктерін сезбейсіңдер ме? (109-санды аруақшыл қауым діндарларының аян, уахиға сеніп жори білмейтіндерін) (109) Олардың көңілдерін (ұждандарын, періштелерін), көздерін (аруақтарын — жүрек бірлерін) теріс айналдырамыз. Алғаш рет оған сенбегендіктері сияқты оларды сергелдеңге (намаз оқу мен қажылықтың соңына түсуге) қойып қоямыз. Олар қаңғып (ел кезумен) жүреді.» (6-110). Ал енді  мұғжизаға иман келтірген және аян-кітаптарын оқып, Алланың нығметіне бөлене отыра, періштелерден, аруақтардан қолдау алған, ата жолдық аққу, сұңқар аталғандардың неге сенімдері сыннан өте алмай осындай бейшара күйге түсіп, жеңіліске ұшырады? – деп сұраңыз.

Бұл басылымдарда көбіне ата жолына қарсы болған діншілер мен басшыларды кінәлап жатқанымыздың да бір себебі, жетілмеген әлсіз сенім қуатымызды қорғау үшін, өзімізді-өзіміз ақтауға тырысқан, пендешіліктен туындаған деп те түсінуге болады. Ата жолына келместен бұрын, шындығында тілге кәлима келтіріп, намаз оқу түгіл дәретті де білмейтін, көбіміз қазақтың да бет-бейнесін жоғалтқан, тағдырдың талқысына түсіп қайдан демеу көмек болады деп, шарасыз басын тауға-тасқа ұрғандардың, осы ата жолына түссең жолың ашылады дегенді біреулерден естіп, жақындарымыздан көріп, сонан барып біреуін жетелеп, енді біреуін амал жоқ мұқтаждықпен, енді біреуімізді өзге жерден шипа таба алмай немесе түрлі азаптарға душар болып келгеніміз хақ. Сонан аруақтардан қолдаумен, әулиелер батасына кенелумен есіміз кіріп, жағдайымызды түзеп, алған аманаттарға қолымызға түкіріп бастапқыда құлшына кіріскенімізбен, бірақ сенім атты бой  қапшығымызға, бойымызға иман атты қуатты жинай алмағандықтан басты себеп, сынақ пайда болды. Бұған себеп: барлық қуаттардың, сенімнің де күзетшісі ақты, оның білімі арды қалыптастыру мүлде ескерілмеді десе де болғандай. Ардың қызметшісі әуелі ұят, сосын ұждан-көңіл, сосын намыс-қайрат, көз-аруақ, жүрек болып, сенімімізді мықты күзеткенде ғана «Иман» зейнеттелуі тиіс еді. Ал жаратқаннан ерекше берілген несібе сыйды алғашқы келтірген екіжүзділік тәубамызға алған иман қуаттарын тез тауысып алдық та, сосын тағы күмәннің құдығына қайта құлағандарымыз басым көпшілік болды. Және оған енді дін имамдарымыз бар, ақылшы білімді жазғыштарымыз бар, жан-жақтан азғырып; Осы менің жұмсаған қаражатыма несібені толық берді ме екен, әлде екі арадағы қызметшілер пайдаланып кетті ме екен деген ақиреттен білімсіздіктен, пенделікпен шайтанның азғыруына да түсіп қалғанымыз да сөзсіз.

Ой түзеп, ұятты жинап, етекті жауып, шариғат істерін жетілдіріп, ұждан арқылы берілетін (батаны) тыңдап, берілген аманаттарды мүлтіксіз орындап, ақылмен ғұрпымызды қайта қалыптастыру орнына, сыртқы бейнеміз дүниелік бойымызды европалыққа қалыптастырып, дүние қызығына, ойын-сауыққа алданып, исламдық асыл дінімізді жартыкеш шала дінге айналдырып немесе қызылбастық иман келтіруге айырбастап, сондықтан ақылды, есі, тегі дұрыс адам баласын ата жолың осы болса дегендей бетті басып, тұра қашатын әрекеттердің бәрі «аққу, сұңқар» деп жоғарғы дәреже берген қауымның арасынан да шықты.  Тек Ақ ұлдың өз халінше бұл керуенді жолға салып сүйреуімен, халықты бақтарың тек 9 жылдық сынақтардан өтумен ашылады деп үміттендіріп, мүмкін ақиқатын есі кіріп түсінер дегендей, бала құсатып алдауымен және жаратқаннан берілген сыйдың, жүрек ашу мұғжизасының қуатымен ғана көптеген жетістіктерге жеткеніміздер де бар арамызда. Бұлардың қатарына тек ар білімін жетілдіру барысында; білімді-ілімді меңгеру арқылы жоғарғы дәрежедегі намаз амалдарын жетілдіріп, тақуалықты, әулиелік дәстүрді меңгеруді санаулы ғана ордалардың, аққу, сұңқарлардың меңгеруімен, сауықшыл көп надандықтың арасынан арпа ішінде бір бидай болып қалған жағдайы болды. Енді еліміздің негізгі саясаты, дін ұстанымыз ақылды болсаң неге кедейсің?-дегендей, сүйген нәрсеміз де ақша болып, бәрінен де ақшаны, дүниені қадірлеу маңызды, ендігі рухани байлығымыз  «ақша, дүние», мақтан деген тәңірге табынған салтымызбен, діншілеріміз бен ел басшыларының, жалған дін ғалымдарының шешімімен ата жолының қателіктерін дұрыстап, ар білімін жетілдіру орнына, сот үкімімен Ата жолы жеке баюшылық, сендердің табынған құдайларың халыққа ештеме бермеді дегендей шешімдермен ғұрыптық дінге иттік, ұлтына ата-баба рухына сатқындық, қарсылық жасағандармен бір қораға  қосып, білдірмей мәңгілікке жіберіп бір бәледен құтылдық, сондықтан тура даңғыл жолымыздың «намазхандық» сенімінің батырлары масхабшылар алдынан кедергі жоқ деген жеңісті тойлап та үлгірдік. Бірақ кейбір құнарлы жерге (арлы-намысты жүрекке, тәнге) себілген рухани тұқымдар жемісін беріп, енді кәпірлердің ызасын келтірген, жуандап сабақтап өскен, рухани ағашымыздың гүлдеп, айналасын қайта жұпар иісі бұрқырап, ұрық шашып, Алланың хикметін қазақ елі ғана емес әлем жұрты таң қалып үлгі алатын мезгіл туғаны да хақ.

Қазақ елі негізінен бір атадан Алаш бабамыздан тараған, алғашқы тәубенің «мұнафықтық» сынағынан өте алмай; өзара дінде көре алмастықтың, екіжүзділіктің, надандықтың салдарынан ғана жіктерге, діни топтарға бөлшектелген ұрпақ болғаннан кейін; «Бас (періштелік, адамдық негіз) жарылса бөрік ішінде, қол (аруақ) сынса жең ішінде» деген әулие-әмбилеріміздің Алла Тағаладан алған тағы да ер кезегі 3-ке дейін деген қағидасымен осындай басылым арқылы және тылсымнан әр пендесін аянмен жетелеу арқылы тәубаға келу әрекеттерімен, «Шынның» бейнеленіп, құпия ақпараттардың, кітаптардың ашылуына, халық арасындағы білімділер арасына таратылуына ұлықсаттың түсуімен хақиқаттың көрінісін ақылымыз, сөзіміз жеткенше тылсымнан келген заман біліміне қарай, келген шындықты баяндауға аманатпен тағы да жүктелдік. Онда шындықтың бейнесі, шыны қандай болу керек?

Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-bidi-font-family:"Times New Roman"; mso-bidi-theme-font:minor-bidi; mso-fareast-language:EN-US;}

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *