Ар мен қол дауы -жанның сырының ғылымы.

Бөлім: Ата жолы кітабы №6 105

Енді барлық жаратылыс қозғалыстан басталып, ол қозғалыстың бастапқы негізін «Ман»-ды 3 санымен белгілеп бұл қозғалысқа керек қолқабыс себептік қуаттарды 5 санымен белгілеп, енді осы сандармен белгіленген періштелік дәрежелердің бір-бірімен әрекетесуі, бірленуі, түрленуі арқылы болатын барлық әрекеттердің негізгі басқарушы түп негізді ақыл екі санымен айқын болады. «Бүкіл жоғары бөлік екі жарыққа бөлінді де, қозғалыс қасиетіне еге болды. Алла тағала өзін құдірет күшімен осы жарықты бүкіл әлемнің қозғалыс негізі етіп жаратты. Жарықта жылу табиғаты бар. Бұл жылу бүкіл дүниелік харекеттің ірге тасы болып қаланды..» (Әл-Фараби) Бірақ бұл негізгі екінің көрініс беруі үшін де әуелі барлық періштелердің біртұтас сәждесі болып табылатын 3-тің екімен дәрежеленіп 9-ға және 6-мен 4-тің бірлігі 10-мен дәрежеленіп 30 параға және бастапқы 3 қозғалысқа қайта қосылып, 33 санды жоғарғы қанатты періштелік дәрежеге және қайта 3 кезеңді түрленумен 99 санды екі негізді 9 санына барлық қозғалыс себептеріне (таспихқа) айналуымен, адам баласының құлшылығының нәтижесі, өнімі періштесі «Бірге» ақылға бағынуымен жоғарғы Раббымыздың келетін нұр негізгі ақылға қосылумен, негізгі бастапқы жаратылыс басы екінің сипатына айналу керек. Сондықтан Құрандағы және аталарымыздің ескерткен «1001 атты қатерден, 101 атты пәледен сақта, құдай!» деп сыйыну амалы пайда болады. Бұл екіні шүкірлік амалы арқылы қалыптастыратынын аятта: «Саған даушының хабары келді ме? Сол уақытта дуардан асып бөлмеге кіріп келген еді. (21) Олар Дәуітке кірген сәтте, сонда олардан абыржып қалды. Олар: «Қорықпа бір-біріне өктемдік еткен екі даушымыз. Арамызға туралықпен билік қыл. Шатаспа да бізді тура жолға сал» деді. (22) «Рас мына туысымның тоқсан тоғыз саулығы бар еді де менің бір саулығым бар еді. Сонда ол, «Оны маған тапсыр» деп, сөз бойынша өзіме өктемдік істеді.» (23) Дәуіт «Шынында сенің саулығыңды өз саулықтарының үстіне сұраумен саған зұлымдық еткен екен. Расында қарым-қатынаста болғандардың көбі, әрине бір-біріне қаралық істейді. Бірақ иман келтіріп, турашылдық істегендер басқа. Олар азғантай» деді. Дәуіт шын мәнінде өзін сынағанымызды сезді. Сондықтан Раббынан жарылқау тілеп, сәждеге жығылып, бой ұсынды.» (38-24).

Осы аяттардың насихат ғылымын шешкен бірде-бір масһабтың «Фиқһ» білімінен де болмаса басқалай сопылық діни топтардың «Тасаввуфшы» сопылық жолдағылырдың да бірде-бір жазбаларында кездеспейді. Керісінше Дәуіт пайғамбарға күмән келтіріп мазаққа айналдырған тәпсірлер жеткілікті. Бұл туралы 5-ші кітапта жазылды және 6-шы кітапта толық ғылым сырын жазамыз. Барлық шариғат немесе басқалай тәрбие, дін ұстанымдары «болады және болмайды» деген екі негізге құрылып оны Әл-Фараби атамыз «Балнама» деп, жан, жас, рух сырының сандық, сызықтық бейнелерін толық есептік жүйесінің ғылымын дәлелдеп кеткенімен өкінішке орай дін ғалымдарының надандығынан оны; «бал ашу» серік қосу» деген ұғыммен әлі кезге дейін шаң астында қалып ескерусіз жатқаны хақ. Ендігі біздердің есті яғни сана қуаты мен ерік күшін, рухани дарындылықты қалыптастыру біліміміздің «Балнамалық» негізі шариғатымыздағы «болады, болмайды» білімінің ғылымы; «Фиқһ» немесе масһаб ұстанымы болып, оны дін муфтиятымыз «тура жол» деп атағанмен, тек ақылдың қуатына білімге ғана негізделгені сөзсіз. Ал нақты заманға сай және әрбір адам баласының тағдырына және шаруашылық істердің жетілуімен түрлі тағамдық, қаракеттік істердің ерекшеліктерінің жаңадан қалыптасуына қарай күмәнді, күнәлі көмес нәрселердің жетілуін де туындату себебінен енді шариғаттың «болады мен болмайды» деген «Балнама»-шариғат білімі тіршіліктің барлық жобасын қамту мүмкін емес және барлық шариғат ұстанымдары мен пайғамбар өсиеттерін, құранды жаттап алғанменен, кезінде халал, болады деген көптеген нәрселер қазіргі заманда күмәнді болып біреуге болады, ал енді біреулерге болмайды. Пайғамбарымыз; «Адал да арам да Құранда баяндалған. Бірақ сол екеуінің арасында күдікті нәрселер бар. Көп адам оның анығын біле бермейді. Осындай күдіктерден сақтанса адам дінін де, абыройын да сақтайды. Кімде-кім сол күдікке мойын бұрса ол арамдыққа түседі. Бұл да біреудің бақшасын (ділін) қорыған бағбанға ұқсайды. Жақындап бара берсе егінге түсіп кетеді. Әр хандық (ұлт, әулет, үммет) шекарасы бар сияқты, Алланың жердегі шекарасы оның арам етіп жаратқан нәрселері. Оларды кәсіп етпеу керек. Бейне денеңде бір кесек ет бар, егер ол тазаланса, дененің барлық мүшесі тазаланады. Егер бұзылса барлығы да бұзылады. Бұл ойда болған жөн.» (403) –(7)

Әрбір ұлттың қанын және ділін қалыптастыратын өзіндік тағамдарымен қоса тақуалық және тән ағзаларының жүректің қалауы бойынша да әрбір пендесіне күмәнді яғни қорытылмайтын, жақпайтын тағамдары да болу тиіс, сондықтан осындай аралық нәрселер біреулерге халал, ал келесі біреулерге халал емес, ал өзіне халал еместі арам деп ғылымсыз тек тілмен бағалауға болмайды және шариғатқа да қайшы. Олай болса өзге халыққа халал қылып, ұлықсат берген тағамын арам, адалға бір елдің шекараның ішінде тұрып бөлініп, дүкендерге ашық жазып, монша, шаштаразға дейін арам мен адалға бөлуден ақыл-ойдың бөлшектенуіне әкеліп, дінсіздіктің, бір ұлтты арап сияқты елдерден ойланбай көшіріп ала салған діни сауатсыздық, надандықтың өзі болмақ. Сондықтан да аятта:«Тілдеріңнің «бұл арам, бұл халал» деп өтірік сипаттағанын айтпаңдар. Аллаға өтірік жала жапсырған боласыңдар. Шынында Аллаға өтірік жала жапсырғандар құтылмайды.» (16-116) «Қарамайсыңдар ма! Алланың сендерге берген несібесінен арам, халал жасадыңдар» де. «Сендерге Алла рұқсат берді ме? Немесе Аллаға жала жауып жүрсіңдер ме?»,-де» (10-59) Бұл екі аят адам баласының малдық яғни тән арқылы алатын, тағамдық сипаттағы қуаттар мен екінші рухани күш жан азығы табан арқылы жер кезіп, киелі орындар мен әулие-әмбилер, Алланың сүйген құлдары, ардақтап бағаланғандар арқылы келетін аруақтық қуаттық несібені де ескерткен. Сондықтан осындай барлық тағам немесе басқалай тұтыну нәрселерін «халал» немесе «арамға» бөлу Аллаға «серік қосудың» нақты бейнесі. Яғни адамдардың ақыл-ойын бөлшектеп, бір-біріне қарсы қойып араздастыру үшін жасалып жатқан әрекеттерді алысқа бармай-ақ еліміздігі «халал» өндірісі мен ата салт-дәстүрімізді, аруақ жолы-Құдай ісін; «дінсіздік, заңсыз баю» жолы деп, Құран аяттарына жала жауып соттаған мемлекет басқарушыларының шайтандық әрекеттері мен және дін ғалымдарының Құран философиясынан сауатсыздығын былай қойғанда, жан ғылымынан мүлде бейхабар екенін білдіретін, жынның жетегіне, өктемдігіне түскендігін, жоғарғы Дәуіт пайғамбарымызға келген аяттағы «..сөз бойынша, бір саулығыңды (ақылды) маған бер деп өктемдік істеуі» болып саналады. Сондықтан Раббымыз әрбір пендесіне «..Жол-жоба түсірдім» деп ескертіп, бұл жол-жобаның негізі; «..Оған екі көз жаратпадық па? (8) Әрі бір тіл екі ерін? (9) Оған екі жол көрсетпедік пе? (10) Сонда ол кедергіні асуға тырыспады.» (90-11) деген аятпен жоғарғы дуардан асып келетін даушылар мәселесін қалай шешуді және ол ана тіліне және діл біліміне тәуелді екенін осымен ғана негізгі екі бірліктің нәтижесі 11-санды адам баласына берілген екі тағдырының (6-шы басылымда білімін көрсетеміз) нәтижесі «Құт-аб», «Бақара» (Бақ-қара) яғни аталарымыздың бақыттың негізі «Бақ қарасын, Қыдыр дарысын!» деген батасының Қызыр періштесі Бақ — қорғаушы күзетші болып, Қызыр періштесі «Қызыл-аруақ» қуат болып еніп, ақыл құсы иман болып қонуын ескертеді. Бұл белгіні; «АР»-«ЕС» немесе парасаттылық деп атайды.

Енді Әл-Фараби атамыз бұл екі негіз «болады мен болмайды» деген ақылдан да биік тұратын адам баласының тұрақты сана қуатының қандай жағдайларға тәуелді екенін; «..Адам талпынатын қалаулы игілік ретінде мақсаттардың саны көп болғандықтан, бақыт солардың ішіндегі ең пайдалысы болып саналады. Бақытқа жетіп алғаннан кейін біз басқа бір мақсатқа талпынуға тіпті зәру емес екенімізді көреміз. Бақыт дегеніміз игіліктердің ішіндегі ең қадірлісі ең үлкені және ең жетілгені екені осыдан..» Мейлі қандай да бір дін ұстанымдары мейлі мемлекет құрып түрлі заңдар арқылы өмір, тіршілік қағидаларын жетілдірудің бар негізгі талабы да, мақсаты да, адам баласының еңбегінің игілігі де осы бақыттылық деген ұстанымға ғана апарып тіреледі. Ал бақыттылық дегеніміз екі нәрсенің бастапқыда қарам-қайшы болып «Ақ пен қара» (ала жіп «Уақ»-13) кейіннен адам баласына тұтастай бағынған қуат, күш, періштелердің бірленуі мен ақылдың жоғарғы жетістігінен туындаған игілік болып оны аятта; «Мұхаммед: «Бізге Алланың жазғаны ғана болады. Ол біздің иеміз. Мүміндер Аллаға тәуекел қылсын» де. (51) Оларға: «Сендер, бізге (ғазилық, шәһидтік) екі игіліктің бірінен басқаның келуін күтесіңдер ме? Біз Алланың сендерге өз қасынан бір азап жеткізуін күтеміз. Ал онда сендер де тосыңдар, біз де тосайық» де» (9-52) Жаратушымыз бүкіл адамзаттың іздегенін және бақыттылықтың жан сырын осы аятпен сандық мәнін ғылымын белгілеп; Шаһидтік игілік дегеніміз — жан ұя құрып, от басылық өмірде жетістіктер мен нығметке бөлену болса; Ғазилік— барлық істердің ақ бастауынан нығмет алып қасиет, қабілет сияқты адамгершілік жоғары қуаттарды меңгеру болып табылады. Осы екі негізден (51;52; 51+9=60 52+9=61) төртеуін түгелдеу арқылы ғана адам баласының бақыттылығын анықтап ондай жағдайды; Парасатты, зайырлы, арлы немесе есті деп атаймыз. Бұл жағдайлардың негізгі пайда болуын 4 негізгі тағдыр жазуының қарама-қайшылықтары мен бастапқа адам баласы жаратылмай тұрғандағы ана жатырында қырық үйінің жағдайына байланысты пайда болатын «алтын бесік»-кісінің яғни тағдырдың жазуы болып екі сөзді аманатты яғни екі жолды меңгерумен айқындалады. Егер сандар арқылы тексерсек 51+52=103; 60+61=121 нәтижесін аяттарда; «Егер олар иман келтіріп, сиқырдан сақтанса, әрине Алла жағынан сауап болар еді. Егер олар білген болса» (2-103) деген аятпен сиқырдан, тіл көзден сақтануды меңгеру үшін тек намаз оқумен шұғылдану жеткіліксіз, керісінше жын-шайтандарға қарсы тұратын Мұса, Ғиса, Дәуіт, Сүлеймен пайғамбарларымыздың кітаптарына, аруақтарына жалғанумен бақсылық, емшілік істерді меңгеру шарт. Ал екінші жағдайда; «Біз өздеріне Кітап бергендер, оны шынайы оқиды, міне солар иман келтіргендер. Кім Кітапқа қарсы келсе, онда солар зиян етушілер» (2-121) деген насихатпен аян, уахиға жалғанып тарихат, мағрипат кітабын алумен, ақиқатты көруді ескертіп жоғарыдағы пайғамбарымыздың намаз орындаумен алған екі игілігінің үгітін көрсетіп тұр. Абай атамыз бұл екі игіліктің негізін; «Сөз сатып алып не керек, тәңір сені баста екі сөзбен атқан»деп ескерткен.

Бұл белгілердің бәрі негізінен бастапқы қозғалыс негізі 3-тің ішінен 5 сезімдік қуаттан табылып оны Әл-Фараби атамыз; «Адам өмірінде кездесетін жағдайлар мыналарға бөлінеді, артынан мадақтауға және жазғыруға болмайтын жағдайлар және мадақтауға немесе жазғыруға болатын жағдайлар». Мұхаммед пайғамбарымыз ескерткен адам баласына ана құрсағында тағдыр болып жазылатын 4 сөздің үрленетінін ескерткен осы 4 түрлі қарам-қарсылық жағдайлардың бастауы болып табылады. Енді осы 4 түрлі екі негізді «Болады мен болмайды» шариғат білімінен 3 түрлі әрекеттердің, қозғалыс себептерінің пайда болатынын ескертеді: «Әрбір мақтауға (иман зейнетіне) әрі жазғыруға (күнәға) соқтыратын мұндай жағдайлар үшеу: 1. Бұл әрекеттерде адам өзінің дене мүшелерін пайдалану үшін керекті әрекеттер, мысалы, орнынан тұру, отыру, көлікке мініп жүру, көру, есту үшін керекті әрекеттер. 2. Жанның әсерінен; Құштарлық, рахат, қуаныш, ашу, қорқыныш, жабырқау, күйіну, қызғаныш және сол сияқтылар. 3. Ақыл-парасат; Бұл үшіншісі адамның бүкіл өмірі бойында болады немесе кейде болып, кейде болмайды.» Енді бұл жағдайды аталарымыз; «Бірінші байлық- ден саулық» жоғарғы аяттағы іштегі; 99 малдың бірлігін, қимыл әрекетті ескерткен. «Екінші байлық — ақ жаулық» деп анадан пайда болған жанымыздың сол түп негізгі жаратылысынан деген арадағы махаббат пен неке адалдығы және әдет-ғұрып, салт-дәстүрден пайда болатын «Ақ жаулықтың» тазалығы діліміздің, тіліміздің жетістігін ескерткен. «Үшінші байлық-он саулық» деп 6 ақыл мен естің бірлігін 10 күнді ескертеді. Шәкәрім атамыз бұл сырды; «Өнерді меңгерсең 10 күнде 100 қой аласың» деп түсіндірген. Сонда 10-ды меңгеру әуелгі 99-бен алғашқы 1-ге иелік етіп сосын «Жүніс» сүресін меңгеруден 10 болып онан кейін, «Һұд» сүресі арқылы 11-ге айналдырасың деп ескертеді құранда. Сонда екі игіліктің негізгі ғылымы және қуаттық жоғарыдағы 13-11 санды аяттың қауымдастықтың ғылымына қайта келеміз. Сондықтан бұл сүре «Ра-ғыд» (ар-ғыд) «арыңды көрсет, жетілдір» жарық қуатына айналдыр болып табылады.

Енді сана қуаты барлық қуаттардан да үстем тұратын негізгі басқарушы «Біз» болып, оның ішкі себептік күштерін жіктесек тағы бастапқы төрт тағдыр сөзінің нәтижесін беріп; Ар-ұят, Ар-намыс, Ар-ұждан және Ар-Ман соңғы екі игілікті, бақыт негізін құрайды. Мұсыл-Ман аталудың да түпкі нәтижесі осымен көрінісін табады. Ар қуаты «уақтарды» басқарушы болып, «Аруақ» ұғымы осы тұтастықтың бастапқы ақыл-парасат игілікке негіздеген 7 жолдың барлық себебін қамтып, негізінен Алланың құдірет қолы 8 негізгі сипатының атқарушы саусақтары деп, барлық ғылыми негізін қолдың буындарынан көрсетіп қойған және түсі «Қызыл» болып ең ұзын толқынды құрайды. Ғылымда да барлық жанды нәрсенің қайта тіріліп, өсіп-өнуі немесе адам баласынан 3 түрлі дәрежедегі, тербелістегі «инфракрасный» атты сәуленің ем шипа болуы мен несібелердің де осы қызыл қанға байланысты қалыптасатынын 7 санын жеті әулие деп аталарымыздың атағанын естен шығармаған абзал. Сондықтан да пайғамбарымыз өмірге толық жеті санды қалыптасқан «Ақ» бастауының қуатымен келіп; «Мен жеті сүйек арқылы сәжде жасауға бұйырылдым» деген астарлы ұғымның артында толық таза аруақ қуатын қалыптастырушы және оны құран аяттарымен жетілдірушімін деп ескертуі деп біліңіз. Енді бұл қуаттардың парасаттылық, кісілік нәтижесі болып 49-сүре; «Хұж-ра-ат» болып, «Ар» қуатының яғни сана қуатының нәтижесін білдіреді. Негізгі тән, жан, ақыл-парасат әрекетінің жоғарғы дәрежелі екі жарықпен дәрежеленуі «Тәубе»-«Мұсыл» болып нұрлануымен және 4 түгелдіктің көк саны 10-мен дәрежелену нәтижесінен, 40 жер әулиесінен жалғанудан және бұл сүренің нәтижесін 18-санымен, аятпен белгілеген тұжырымын; «Расында Алла, көктер мен жердегі құпияны біледі. Сондай-ақ істегендеріңді толық көруші.» (49-18) (67) Нәтижесінде рух пен жанның бірлігі «Аруақ» қуатын меңгерудің нәтижесін 67-нің, иманның 60-бұтағы мен жеті сабақтың пайда болғанын ескертіп тұр. Бұл санды аяттардың насихатынан мысал берсек, Абай атамыз Пушкинді де құран аятымен жырлатқанын көруге болады; «Құп білемін, сізге жақпас Ескі жара білтелеу. Ақ жүрегің енді ұнатпас, Мезгілі жоқ қай медеу? Ықтиярсыз мұңды сезім Етті ыршып жолыңа. Мазағыңа бердім өзім Өз басымды қолыңа..Сен-ағашта піскен алма, Әзір едің, алмадым. Құп, кіріптар қылды Алла, Әлде мені қарғадың? Он сегіз мың бұл ғаламның Бар тынысы күнде тұр. Мен сықылды сорлы адамның Ықтияты сенде тұр. Сен бетіңді әрі бұрсаң, Шықты көзім, болды көр. Жанды аларсың разы болсаң, Біздің орын қара жер. Тәңір добы-бұл ғаріп бас, Кетті амалсыз, қорлама! Қайта қақты, қайда болмас, Келді түсті орнына. Ақылы бар, ықтиярлы, Пенде теппес өз жарын. Ерік Иеде, пенде зарлы, Не білер не боларын?…Күні ертең бір көрінсең Сорлы асықтың көзіне. Тәңірі үшін, шапқатыңнан Нан ғаріптің сөзіне! Не болайын, тез болайын, Ақ жүзіңді көрейін. Бар ма өмірім, қармалайын, Жоқ болса, мен өлейін. Қорғалап құр өтпе өмір бос, Тағдырыңа қарсы бар. Бір өзіңнен басқа дос Таппасаң, өл, жүрме зар» (А.С.Пушкиннен) деген астарлы сөзбен тақуалық негізді жарға, жоғары ақылға ғашықтық сопылық сарынды насихаттап көрсеткен. Ал бұл сырды Омар Хаям атамыз; «Ойпырмай, ақылшы көп, осы-ақ қиын, Дүниеде ақыл айтқыш дос-ақ қиын. Өгізден сүт сауам деп әуре болма, Ақылдың пұлы деген бес-ақ тиын.» деп түс болып неше түрлі жағдайда көрінетін шерік қуаттары мен аянға бірленген 5 қуатты меңгеруді ескертсе; «Шөліркеп шарап ішсең, данамен іш, Немесе гүл майысқан баламен іш. Аздап іш, анда-санда, тығылып іш, Мас болмай мылжың болмай шамамен іш.». Жан мен рухтың бірлігін қалыптастырып, дананың, періште баланың, қыздың аруағын қанын аздап-аздап шарап қылып уахи арқылы ішуді, аруақты меңгеруді астарлаған да, «Баяндап баста тұрмас дүние жалған, Сауап көп ішкен шарап сүйген жардан. Күл болсын, бүл болмаса, біз өлгесін, Бос әуре-дүние деп күйген-жанған.» Шарап деген таза ақыл жарықтан келетін және оның әйел жаны мен ділімен байланысты болуын да ескерткен. (Ар мен Уақ және Ман қуаттары атты 6-кітаптан үзінді)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *