Ар мен Ес I-бөлім

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №4 85

Ар мен ұятты біз бірге атаймыз,

Арды неге намыспен бағалаймыз?

Бір-бірінсіз өмір сүрмес қуаттарды,

Жан ғылымнан сөзді біз астарлаймыз.

Ар деген жемісі бұл адамдықтың,

Денесі адамдықтың болады — ар сауытың.

Ар деген —  мал дәулеті, жан ырысы,

Жаныңды күзететін рухтың ісі.

Ар сауытын құранда бой деп атар,

Бой-дене, рухани зейнет болар.

Бейнеттеніп, алатын бұл зейнетті,

Қазағымда тәрбиесі бар дәстүр ақтар.

Нәзіктердің бойы ұзын, жіңішке атар,

Етекпен және жаулықпен өсіп толар.

Табаны мен бойы толық жабылғанда,

Бой жетті деп, қыздарын еді ұзатар.

Ер бала бойында дағы жетпей тұрар,

Жын қуатын меңгеруге болып құмар.

Шалбарлы деп атаған ер азаматты,

Жын қуатын меңгерсе қасиет болар.

Сегіз қыры болады бұл қуаттың,

Ал бір сыры қанынан әйел заттың.

Ұлдың жақсысы — нағашыдан,

Қыз жақсысы — тәрбиесі анасынан.

Нәзіктің бой қуаты, әуретті көздерінен,

Ұят деген қуатты қыз меңгерген.

Қырық ошақ, жан үйін әурет деген,

Бойға- ар болып жазылар тағдырменен.

Тоқсан тоғыз мәні бар ар қуаттың,

Қырқың ұят, ал отыз тоғызын қалай таптың?

Мінез атап бұл сырды дана Абай,

«Кәсібің ер, әйел бөлек» дегені бар аяттың.

Нәзіктердің арлылығы көрінер ұятпенен,

Жыныстық, мінез меңгерген кәсіппенен.

Ар ерлерде көрінер арың намыспен,

Дінде ұғым сөзі бар иман деген.

Ерде рухтың отыз үйі, рухани бала болса,

Кітабың ал алпыс тоғыз, есің толса.

Намыс пен ұят қосылар жарты болып,

Бірді аласың некемен Құдай қосса.

Иманыңның жартысы ділден деген,

Ұятты әйел жарың болса арды білген.

Әйел қуатты намысты болып жетіледі,

Ері арлы, дәстүрін болса меңгерген.

Жүз кісің бар, малыңды күзететін,

Егін ексең бой бақшаңды түзететін.

Әйел болып рухани егін жерің,

Ерлер алар бойына жетпейтін несібесін.

Ұятты әйелге, намысты ерді арды білген,

Құдайдың бар уәдесі, қосам деген.

Ар арсызға, арсызды серік қылып,

Шайтанның жамағаты бұлар деген.

Ар мен бір махаббатпен толып жүзің,

Арың-ақ, ұятың қызыл, бірге жүрген.

Аққа, арға құдай жақ, ал ұятты,

Адамзаттың парызы сақтау деген.

Жүзі бардың, ары бар төртеу түгел,

Ұят, иман, ар, сенім-таза ақыл, біл.

Бұл төртіңнен махаббаты адамзаттың,

Меңгерсең құлшылығың асылын ақтың.

Екіні іздейсің ілім, білім сынақ болған,

Бірін алсаң, бірі қалып азған адам.

Екеуін меңгеріп ғалым аталғанмен,

Ортасын даналықты аз ғана таба алған.

Ілім, білім меңгерумен төртін алған,

Алтымен ақыл саны болар толған.

Алды-арты, оң мен солын ажыратсаң,

Табанын жер рухымен және ағартсаң,

Алты ақыл дәрежеленіп он саулықпен,

60 бұтақ иман деген өсиеті пайғамбардан.

Иманды -деген сөзді қазақта- есті атаған,

Діннің дәрежесі мүміндікпен бағаланған.

Шариғат ісін меңгерген мұсылман боп,

Мүміндік пен құдай ісі, кітап алу аталатын.

Әр нәрсенің бар емес пе жұбы, пары

Иманды келтіру, есті меңгерумен бағаланды.

Естіліктің-имандылық сипаты екі саты,

Мүміндік пен және «Лұқмандық» боп аталады.

70 санды иманнан сахабалар жолы аталатын,

Ілімм ен білім ортасына кітапқа жалғанатын.

Тарихтан сыр, мағрипаттан жанды білім,

Уахимен кітап алған, қожа боп аталатын.

Әлем халқы таба алмай орталарын,

Білім тозып, ілім азды ғалымдардың.

Ар білімі сақтардың дәстүр діні,

Номадтық нәсілдерге мұра болған.

Дін ортасы үшпен мәнін түйген,

Періштелік бұл санды көңіл деген.

Иманыңның күзетшісі ұждан болып,

Даналықтың кілті осы Алла берген.

(желтоқсан 2013 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *