Ар мен жан және мал

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №5 69

Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-qformat:yes; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-fareast-language:EN-US;}

Денеге барша қуатты,

Жанға бермек суатты,

Мал-ақша деп атаған

Өсірген бұл адамзатты.

 

Адамзатта бар керемет,

Жанында зор бар хикмет.

Құпия білім жанында,

Мінезбен қылық тағдырда.

 

Екі қаннатты жан періште,

Ерекше болған нәзікте.

Жіңішке деп жолын айтамыз,

Киімін зейнет жіңішке.

 

Ерлерде дене рухпенен,

Қуатпен мал жүктелеген.

Жаны қысқа жуан боп,

Бойлығы қысқа ескерсең.

 

Бойы әлсіз болар нәзікте,

Қорғаны оның киімде.

Киімменен зейнет пайда боп,

Бой жетіп арын бекітсе.

 

Ар болмақ жанның денесі,

Сауыты адамдық бейнесі.

Жетілмей арлық бейнесі,

Дарымас қыдыр егесі.

 

Күтімсіз болса бой нәзікте,

Арсызға мұны есепте.

Қырық үй ошағы жанының,

Шайтан көз жынмен бекісе.

 

Жәндіктің еніп кейпіне,

Қуаты кеміп нәзікте.

Жетілмей жаны қалады,

Қанынан болмас шарабы.

 

Жан әлсіз жатыр жетілмей,

Тән жас рухы кемпірдей.

Қартайған тері азғындап,

Бой-ары толып бекімей.

 

Ерлерде рухтың қуатты,

Малдығы көп болар суаты.

Атты деп ерлер аталған,

Жылқыдай жындық қуатты.

 

Жүктелер ерлер жынменен,

Бекіген нәсіл белменен.

Ұрықта суы мол болса,

Тазармақ жатыр-жер деген.

 

Толтырмақ тақым жарына,

Қуат беріп аяқ балтырға.

Тазарып аяқ жарының,

Қағады мықты қазығын.

 

Жер ана рухы нәзікте,

Жалғанар жатыр жеріне.

Жатырға бесік байланып,

Жарығы әлем әйелде.

 

Жанында құпия ілімі,

Әкеден рухтың бұл ділі.

Тегін де алып ананың,

Қанында ұлттың тұр үні.

 

Ар демек таза білімді,

Дәстүр мен намыс көрінісі.

Ерлердің дендік саулығы,

Тектіліктің болмай бейнесі.

 

Өседі жын, мал ерлерде,

Қосылып қуат нәсілге.

Шайтандық қуат әйелде,

«Гормон» боп қос сезімге.

 

Өртенген шайтан қанында,

Тақуалығы нәзік барында.

Арсызда шайтан семіріп,

Өспейді жан қанында.

 

Жаннан жанды өсірген,

Нәзіктер бар бойы жетілген.

Жатыр-жері тазарып,

Рухынан ердің егін себілген.

 

Өседі жан да осыдан,

Қуаты қанға қосылған.

Шарап болып еріне,

Санасы содан ашылған.

 

Өсірмей жынды бірімен,

Дінші жүр қашып ырыммен.

Тегі азып ұлттық нәсілдің,

Жоғалған суы белінен.

 

Қатындар көп білмеген,

Қанында арақ өзгерген.

Ерлерін сыйлап уменен,

Белсіз қып мініп жүндеген.

 

Мал-жаның сенің аман ба?

Сәлемі болған атаңда.

Жаным деген арға садаға,

Арсызда жан, мал тұра ма?

 

Малыңды деген қораға,

Қамамай күндіз тұр ма?

Ендігі түндей бос жіберген,

Малдарың  қашты далаға.

(наурыз 2014 жыл)

****   **

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *